121
Топқа қойылған міндеттер:
- Повестің оқиға желісінде уақыт пен кеңістікті айқындау. Повестегі
оқиғалар нақты қай уақыт пен кеңістікті қамтиды?
Мәтіннен дәйек, дерек
жинау;
- Повестегі мифологияға қатысты деректердің неомифологиялық сипатын
анықтау, өзге қаламгерлердің шығармалары мен тарихи оқиғалар арқылы
дәйектеу;
- Неомифологизм сипатын
ашатын детальдарды белгілеу, ортақ көрінісін
жасау үшін топтастыру.
«Қызыл қалпақ» тобындағы студенттерге «Бекторының қазынасы»
повесіндегі образдар табиғатын сараптау тапсырылды. Мақсаты – повестің
образдар жүйесін сараптай отырып,
адам психологиясын, эмоциясын беруде
қаламгердің неомифологизмдік, шығармашылық әлеуетін сараптау.
Міндеттері:
- Бекторының мифологиялық образын мәтін арқылы дәйектеу;
- Бекторы қандай мінез-құлықтарымен, қасиеттерімен ерекшелінеді?
- Бекторы бейнесінен өмір сүрген дәуіріне тән қандай белгілер
аңғарылады? Деректер арқылы дәйектеу.
Кейіпкер психологизмін берудегі қаламгер тәсілін мысалдармен дәйектеу.
«Сары қалпақтағы» топ мүшелеріне повестегі көркем пейзаж,
портрет
жасауда автор қолданған тәсілдерді сараптау тапсырылды. Мақсаты – автордың
суреткерлік шеберлігіне таныту, идея қорғау.
Міндеттері:
- Автордың суреттеу тәсілдерінен мифтік сипатты айқындайтын
дәйектемелер жинау;
- Мәтіннен елді мекеннің сипаты мен кейіпкер портретін табу, портрет
жасаудағы көркем детальдардың қызметін айқындау;
- Автордың өзіне тән стилін анықтайтын дәйектемелер жинау.
Шығарма
«неомифологизм ағымында жазылған» идеясын қорғау.
«Қара қалпақ» тобына «Бекторының қазынасы» повесіндегі романтикалық
сарындарды табу тапсырылды. Мақсаты – «Бекторының қазынасы»
неомифологизм ағымында жазылған шығарма деген идеяны теріске шығара
отырып, қарсы уәж, дәйек табуға, пікір қорғауға үйрету.
Міндеттері:
- Шығармада постмодернистік сарындардың барлығын дәйектейтін
мысалдар жинау;
- Постмодернизм ағымындағы өзге
шығармалармен салыстыра талдау;
- Мәтіндегі неомифологизмдік, постмодернистік белгілердің шектестігін
дәлелдеу.
«Жасыл қалпақ» иеленген топ студенттеріне повестің көркемдік тәсілі
туралы криативті ойды қорғау тапсырылады.
Мақсаты студенттерге тың
идеялар мен жаңашылдыққа ұмтылдыру.
Міндеттері:
- Көркем мәтіндегі автор, кейіпкер, миф ұғымдарын түсіндіру;
122
- «Бекторының қазынасы» повесіндегі бас кейіпкер Қайырболдының
мінезін сипаттау.
- «Повесть мифтік сарын бағытында жазылған» деген идеяны қорғау.
«Көк қалпақтағы» топқа өзге топтағы идеяларды сараптау тапсырылды.
Мақсаты – талқылау кезіндегі ұтқыр ой, бұлтартпас дәйек, қисынды тіл иелерін
анықтау. Жауаптарды салыстыру барысында сын тұрғысынан ойлауға
мүмкіндік беру. Жауаптарды бағалауға жағдай жасау.
Міндеттері:
- Топтық жұмыс кезінде әр топқа өкіл болып бару арқылы топтағы жұмыс
бағдарын анықтау; топ мүшелерінің белсенділігін есепке алу;
- Пікір қорғау кезінде негізгі идеяларды есепке алу арқылы, топ жұмысын
бағалау;
- Топтың жетістігі мен кемшілігіне свод талдау жасау.
Мәтінді сараптап оқу мен талдауда сын
тұрғысынан ойлауға тиімді
тәсілдің бірі «Ойлау карталары». Ойлау карталары сегіз түрлі тапсырма түрінен
құралады:
- мәнмәтінде айқындау;
- сипаттау;
- салыстыру және қарама-қарсы қою;
- жіктеу;
- бөлік/тұтас(мәтіннің белгілі бөлігі мен тұтас күйінде анықталатын
мәселелерге арналған тапсырмалар);
- сабақтастықты анықтау;
- себеп пен салдар;
- ұқсастықтарды пайдалану.
Көркем мәтінді жан-жақты талдауға мүмкіндік беретін «ойлау
карта-
тапсырмаларды» көлемді шығармаларға да, шағын жанрдағы әңгімелерге де
қолдануға тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: