Найманбаев алмас абдыманапович



Pdf көрінісі
бет26/41
Дата13.12.2022
өлшемі3.3 Mb.
#467173
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41
dis

Суретте: студенттер Бекторының портретін сипаттайды. 
Салыстыр: Ер Төстік ертегісіндегі Бекторы мен хикаяттағы Бекторының 
характерлері қаншалықты ұштаса алатындығын анықтайды. 
Зертте: қазақ әдебиетіндегі аңыздық-ертегілік кейіпкерлер образын 
пайдалана отырып жазылған шығармаларды қарастырады. Ұқсастықтары мен 
ерекшеліктерін сараптайды. 
Қолдан: сюжеттің шарықтау шегіндегі Сағындықтың Қайырболды 
Намазбеков деген даяшыны іздеп, таба алмауын өзек ете отырып шағын сюжет 
құрайды. 
Дәлелде: Аяқасты байып кеткен Қайырболдының мінезіндегі өзгерістерді 
айқындап, өз тұжырымын дәлелдейді. Жауыздық мен жанашырлық белгілерін 
айқындай отырып дәлелдейді. 
Талда: Қайырболдын бала кезінде көлік қағып кетуі мен өзгенің 
Қайырболдының кішкене баланы қағып кетуінде қандай ситуациялық және 
психологиялық айырмашылығын жан-жақты талдайды 
Алдымен студенттер кубиктің көмегімен тапсырмаларды бөліп алады. Әр 
топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жазбаша жұмыс жасайды. Ортақ 
мәліметті топтың жауапты өкілі тақтада қорғап, сұрақтарға жауап береді. 
Осылайша топтар өзара бірін-бірі бағалайды.
Бұл әдістің тиімділігі топтық жұмыс арқылы өрбіген тапсырмада барлық
студент шеткері қалмайды. Шығарманы жан-жақты талдап, бір-бірімен 
ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, өзгені тыңдауға дағдыланады, бір-
бірінен үйренеді. Егер талдау тізгіні оқытушыда болса, кей студенттер ой 


127 
қосуға, пікір білдіруге, келіспейтін тұсын ашық айтуға именуі мүмкін. Ал 
қатарластары арасында сыни көзқарасын еркін айтып, пікір алуандығына жол 
ашады. Бағалау жүйесінде де шынайылық пайда болады. Яғни, көпшілік 
өздерін әділ бағалайды. 
Шындығында практикалық сабақтарда студенттердің ізденісін дұрыс 
арнаға салатын дидактикалық тапсырмалар мен сұрақтар кешені десек 
қателеспейміз. Сұрақ-тапсырма қалай қойылса, жұмыстың ізденіс бағыты да 
соған бет алады. Олай болса, сұрақ қоя білу үлкен ізденіске жолашар екен. Біз 
тарапымыздан 
ұйымдастырылатын 
әдістемелік 
ізденіс 
жұмысында 
дидактикалық сұрақ-тапсырмаларға айрықша мән берілді. Тіпті сын 
тұрғысынан ойлау технологиясына негізделген тәсілдердегі дидактикалық 
тапсырмалар кешені де студенттің ой белсенділігі мен шығармашылық 
жұмыстарына жол салары анық. Біздің мақсатымыз «Қазіргі қазақ 
повестеріндегі мифтік сарындар және оны оқыту» курсы бойынша жүргізілетін 
барлық тақырыптарды егжей-тегжейлі сараптау емес, әдістемелік жүйесін, 
оқыту моделін жасау. Осы орайда бір тақырыптың өзіне бірнеше тапсырмалар 
кешенін ұсыну орынды болмақ.
Білімгердің оқу материалын білім деңгейінде ғана игеріп қоймай,
эмоциясына әсер етерлік, терең зерделеп сезіне аларлық әдіс-тәсілдердің де 
маңыздылығына дәйек болады. Көркем шығарманың танымдық, дамытушылық 
маңыздылығымен қоса, эстетикалық, эмоциялық әсері де арта түседі. Осындай 
ерекшелігіне орай оқытуды эмпатиялық диалогқа құрудың маңызы зор. Бұл 
ретті рөлдік ойындарға кезек беру маңызды болмақ.
«Кейіпкермен сұқбат», «автормен сұқбат» тәсілдері студенттердің 
шығарманы терең де жан-жақты талдауына, түсініп, түйсінуіне ықпал етеді. 
Повест кейіпкерлері: Бекторы, Қайырболды, Аристарх Никанорович, 
Сағындықтың іс-әрекеті мен психологиялық күйін сезіну үшін әр кейіпкерді 
сараптауға арналған сұрақтар түзіледі. Бірінші кезек журналистерге беріледі.
Яғни, қалған студенттер оларға шығарма желісі бойынша, тақырыптан 
ауытқымай автордың мәнмәтініндегі ойларды сұралады. Осылайша сұқбат 
беруші кейіпкерлеріміз өздерін шығарманың жаны ретінде сезініп, әңгімедегі 
ситуациялық және ең маңыздысы психологиялық жай күйді өз басынан
өткізеді. Кейіпкерлерге қойылар сұрақтар легін төмендегідей жіктеуге болады. 
Бекторыға қойылар сауалдар: 
- Қайырболдымен кездескен кезде «... Иә, иә, сол баяғы перінің қызы 
Бекторымын!» дегенде қандай күйде болдыңыз? 
- Қайырболдыға әжесінің Ер Төстік ертегісін жиі айтатынын сезуші ме 
едіңіз ? 
- Қайырболдыны байлыққа кенелту ойыңызға қашан келді? 
- Неліктен Қайырболдыны еркіне жібердіңіз? 
Ал, Қайырболдыға қояр сауалдар: 
- Әжеңіз неге күнде тек қана Ер Төстік ертегісін айта беретін? 
- Кафеде есеп айырысуға ақшасы жетпеген қыздарды алғаш көргенде 
қандай күйде болдыңыз? 


128 
- Бүкіл байлық қолыңызда болғанда өткен өміріңізді еске алушы ма едіңіз? 
- Аристарх Никанорович жүзікті қымбат бағалағанда бірінші нені ойла-
дыңыз?
Ендігі кезекте Аристарх Никаноровичке сұрақтар қойылады.
- Алтын жүзіктің өте құнды зат екенін қайдан білдіңіз? 
- Қайырболдыға көп ақша беретіндей жағдай қайдан пайда болды?
- Бекторымен сіздің байланысыңыз бар ма? 
- Қайырболдыны алғаш көрген кездегі сезіміңіз, қандай қылығы есіңізде 
қалды? 
Бұл әдісті қолдану арқылы шығарманың сюжеттік-композициялық 
құрылымын, кейіпкерлер іс-әрекетінің мотивін саралау студенттердің түрлі 
көзқарастары мен пайымдарын еркін ортаға салу түрткі болады. Студенттердің 
сюжеттік желі бойынша кейіпкерлерге дұрыс сұрақ қоюды үйретеді.
Келесі тәсіл – «Автормен сұқбат». Бұл сұқбат жанрына бірнеше әдіс 
алуымыздың өзіндік себебі бар. Біріншіден мифологиялық образдар мен 
мотивтерді не үшін қолданғанын анықтау маңызды. Екіншіден шығарманың 
түпкі идеясы қандай екенін түсіну, тіпті автордан артық түсіну мүмкіндігін 
қарастыру көзделеді.Студенттердің интерпретациялауы хикаят барысындағы 
диалогтар мен жасырын фактілерді анықтау арқылы ғана жүзеге асады. Ал 
мұқият оқыған студент шығарманың саяси астарын бірден ұғынады. Бұл – жаңа 
заманның қаруы. Яғни, айтар ойыңды көркем шығармаға селбестіру. Осы 
орайда, авторға, яғни, мифтік санадағы «Бекторыны» реалды өмірге әкелген 
Таласбек Әсемқұловқа қандай сұрақ қояр едік. Бірнешеуін тізіп көрелік: 
- Неге Қайырболдының әжесіне тек Ер Төстік ертегісін айтқыздыңыз? 
- Неліктен Бекторы образын алдыңыз, мыстан, жалмауыз, перілермен 
байланыстыруды ойладыңыз ба? 
- Үш түрлі кеңістік алуыңыздың сыры неде? 
Осы сауалдарға барынша шығарманы сіңіріп барып, автордың жай-күйін 
зерделей отырып жауап берсе, көбірек нәтижелі болмақ. Себебі Таласбек 
Әсемқұлов астарлы ойды мифологиялық образдар мен мотивтер арқылы жақсы 
жеткізген. Ал талдау сабақтарының мақсаты мәнмәтіндегі бүркеме ой мен 
пайымды ұтымды әдіс-тәсілдермен зерделей білу.
Қазақ прозасында адам мен жануар образын селбестіру кездесетін 
құбылыс. Тек ертеректегі фольклорда ғана емес бертін келе де жазушыларымыз 
түрлі тақырыпта қалам тербеген. Бірі адам мен жылқыны, бірі адам мен 
бұғыны, бірі адам мен үйректі, онан қалса адам мен дельфинді шығармасының 
бас кейіпкері етіп, сол арқылы өзекті ойын ортаға тастаған авторлар бар. Осы 
орайда ұқсас мотивтер мен образдарды жинақтаудың тиімді жолы – кластер 
түзу. Кластер өз кезегінде талдаған ой-пайымдарды жинақтауға жәрдемдеседі. 
Кластерге ұсынылатын тапсырмалар:
- Суретте берілген шығармалардағы уақыт пен кеңістік көрінісін айқындау; 
- Бас кейіпкерлердің отбасымен немесе жеке дара ғұмыр кешуі қалай 
көрініс табатынын анықтау; 


129 
- Кейіпкер болмысының табиғатпен етене жақындығы ішкі монолог 
арқылы байқала ма? Дәйектемелерді жинақтау. 
Осы үш бағам бойынша кластер құрып, кейіпкерлердің қаншалықты 
жақын екендігін аңғаруға болады. Авторлардың ойы бір арнада қаншалықты 
тоғысатынын да аңғару қиын емес. Себебі бөлек образ болғанмен оларды 
алудағы автор мотиві көбіне ұқсас болып келеді.
Тақырыпты ашудың тағы бір тәсіл – «Фишбоун». Бұл тәсіл мәтін талдауда 
бірнеше 
бағыттағы 
жұмыстарды 
топтастыруға, 
жинақтауға 
тиімді. 
Тақырыптық-проблемалық талдауға да, шығарманың сюжеттік-қомпозициялық 
құрылымын саралауға да, көркемдік тәсілдерін саралауға да оңтайлы. Іс-
әрекеттің себебі мен салдарын, шығармадағы мотивтерді, образдарды қарама-
қарсы қоя отырып талдауға немесе шығарманың құрылым жүйесін талдауға 
мүмкіндік береді. Сондықтан біз тақырып, проблеманы зерттеуге бағытталған 
тәсіл ретінде қарастырамыз. Бастапқысына «Автор Бекторы образы арқылы 
қандай өмір шындығын жазғысы келді?» деген проблемалық сұрағымызды 
қоямыз. Қарама қарсы тараптарға талдау үшін қаңқаның үстіңгі жағына үш 
тезис ұсынылады: Семей полигоны, сыртқы бейнесіндегі бөтендік, адам мен 
табиғат. Студенттер берілген тезис бойынша мәтінмен ұштастыра отырып 
себебі мен салдарын қарастырады. Нәтижесінде қаңқаның соңына 
қорытындысы жазылады. Кей студенттер тағы да тезис қосып, дәлелді түрде 
сипаттай алса еш кедергі жоқ. Керісінше тақырыпты одан сайын аша түседі.
«Қосжазба күнделігі» де көркем мәтіндерді талдауда, түсінуде маңызды 
рөл атқара алады. Студенттер екі бөлікке бөлінген жазба күнделігін пайдалана 
отырып, сол жағына тірек сөздерді, мәтіннен үзінді алып, ал, оң жағына 
солардың түсіндірмесін жазады. Мәтінді талдау арасында бірнеше студенттен 
кезектесіп оқытылады. Осы арқылы студенттердің қаншалықты түсінгендігін 
біле аламыз. Ең ұтымды тұсы студенттердің ойлау қабілетін, бір-бірінен 
арақашықтығын анықтауға мүмкіндік береді. Себебі кей студенттер күрделі 
терминдерді алып, күрделі түсіндірме жасау арқылы біліктілігін көрсете алады. 
Көркемдік әдіс жағынан ұқсас келетін шығармаларды салыстыра талдау 
көркемдік тәсілдерді меңгеруге көмектеседі әрі студенттердің есте сақтауын 
жақсартуға болады. А. Мекебаевтың «Жалмауыз» туындысын О.Бөкейдің 
«Кербұғы» шығармасымен салыстыра талдаудың ұтымдылығы байқалады. 
Аталған екі шығарманың бас кейіпкерлерін «Венн диаграммасы» арқылы 
салыстыру, екі шеңберге айырмашылықтарын жазып, ұқсастықтарын жинақтау 
тапсырылды. Осылайша қазіргі кезеңдегі қазақ прозасының даму арналары 
қаламгерлердің белгілі туындылары арқылы қарастырылып, ондағы тақырып, 
ізденіс, көркемдік арналарға, тіл, стиль сырларына назар аударта аламыз. 
Жалпы қолданылған әдіс-тәсілдерді топтастырар болсақ.


130 
Сурет 5 - «Қазіргі қазақ повестеріндегі мифтік сарындар және оны оқыту» 
курсын оқытуда қолданған әдіс-тәсілдер 
3.3 Қазіргі қазақ повестеріндегі мифтік сарындарды оқыту бойынша 
эксперимент және оның нәтижелері 
Кез келген ғылыми-әдістемелік жұмыс, ең алдымен, эксперимент 
жұмыстарына негізделеді. Эксперимент – зерттеу жұмысының нәтижесін 
көрсететіп, қорытынды шешім қабылдауға бағытталған жұмыстың түрі. Білім 
беру жүйесінде эксперимент термині «ізденіс», «тәжірибе» секілді ұғымдармен 
сабақтаса түсіндіріледі. 
Әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде эксперименттің ізденімдік, қалып-
тастырушы, қорытынды, диагностикалық, анықтау, бақылау, оқыту, болжау т.б. 
секілді түрлерінің қолданғандарын байқадық. Сол себепті жоғары мектепте 
қазақ повестеріндегі мифтік сарынды оқытудың әдіснамалық негіздерін 
анықтау мақсатында эксперимент жұмыстары ұйымдастырылды. Экспери-
менттің басты мақсаты, оның әр кезеңдегі міндеттері, соған байланысты 
туындаған мәселелер зерделенді. Эксперимент базасы ретінде Абай атындағы 
Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті таңдалып алынды. 
Эксперимент кезінде оқыту үрдісінде қолданып жүрген әдістемелік 
жұмыстардың аталған мәселені меңгерудегі жолдарын анықтауға жаңа 
технология арқылы оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана отырып, бақылау 
жасауға студенттердің өздік, шығармашылық, іздену жұмыстарын ұйымдас-
тыруға ерекше көңіл бөлінді. 
Эксперимент жұмысының негізгі мақсаты – қазіргі қазақ повестеріндегі 
мифтік сарынды оқытудың сапасын арттыру нәтижесінде жеке тұлғаның 


131 
дамуына сәйкестендіре отырып студенттердің әдеби материалдарды толық 
оқып игеруін жүзеге асыру, олардың әдеби білім деңгейінің дамуын 
қалыптастыру. 
Эксперимент жұмыстарын жүргізу үш кезеңге топтастырылды:
1-кезең – анықтаушы эксперимент
2-кезең – қалыптастырушы эксперимент
3-кезең – бақылаушы эксперимент
Эксперименттің анықтау кезеңінде қазіргі қазақ повестеріндегі мифтік 
сарынды жоғары оқу орындарында оқытудың теориялық моделі жасалып, ЖОО 
аталған тақырыпты жаңа технологиялармен оқытудың өзектілігі анықталды. 
Сурет 6 - Анықтау экспериментінің бағыт-бағдары 
Эксперимент жұмысының алғашқы кезеңінде студенттердің бұл 
тақырыпты қаншалықты деңгейде білетіндігін анықтап, жинақтау мақсатында 
арнайы сауалнамалық сұрақтар, тест тапсырмалары, әңгімелесу, жазба жұмыс 
түрлері, ауызша пікірлесу жүргізілді. 
Жоғарыда көрсетілген мәселелерге қатысты эксперименттік және бақылау 
топтары белгіленіп, бұл тақырыпты жан-жақты меңгерту үшін жоспарлы әдеби 
тапсырмалар жүйесі құрастырылды. Эксперимент жүргізу барысында тәжірибе 
жүргізілетін топтардағы студенттер саны мен бақылау тобындағы студенттер 
саны анықталып және орындалатын оқу материалдың мазмұны, ондағы сұрақ-
тапсырмалардың көлемі де бірдей деңгейде қарастырылды. Мәселен 3 курс 
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттеріне арналған қазіргі қазақ 
повестеріндегі кездесетін фольклорлық сарын үлгілері жайлы білімдерін 


132 
анықтауға арналған сауалнама (авторлық әзірлеме) құрастырылды.
Сауалнама 10 сұрақтан тұрады. Әр сұраққа «иә, білемін», «аздап білемін», 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет