Найманбаев алмас абдыманапович



Pdf көрінісі
бет27/41
Дата13.12.2022
өлшемі3.3 Mb.
#467173
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
dis

«жауап беруге қиналамын» жауаптарының біреуін таңдайды. Сауалнамаға 132 
респондент қатысты. Оның 68-і эксперимент тобында, ал 64 студенті – бақылау 
тобында қамтылды. 
1. Мифология мен фольклордың өзара тығыз байланысы жайлы білесіз 
бе?
А) иә, білемін. 
Ә) аздап білемін. 
Б) жауап беруге қиналамын. 
2. Мифтерді зерттеу арқылы ұлттық таным мен халықтық наным-
сенімдердің түп тарихын білуге болады ма ? 
А) иә, білемін. 
Ә) аздап білемін. 
Б) жауап беруге қиналамын. 
3. Қазақ мифологиясының жанрлық ерекшелігі туралы білесіз бе ? 
А) иә, білемін. 
Ә) аздап білемін. 
Б) жауап беруге қиналамын. 
4. Мифтік фольклорға этнографияның қатысы жайлы білесіз бе? 
А) иә, білемін. 
Ә) аздап білемін. 
Б) жауап беруге қиналамын. 
5. Мифтік сарыны бар көркем шығармаларды білесіз бе ? 
А) иә, білемін. 
Ә) аздап білемін. 
Б) жауап беруге қиналамын. 
6. Жазушылардың көркем прозада мифтік сарындарды қолданудағы 
маңызын білесіз бе?
А) иә, білемін. 
Ә) аздап білемін. 
Б) жауап беруге қиналамын. 
7.ХХ ғасырдың басында мифтік образдарды кімдердің шығармаларынан 
кездестіруге болатынын айта аласыз ба ? 
А) иә, білемін. 
Ә) аздап білемін. 
Б) жауап беруге қиналамын. 
8.ХХ ғасырдың 60-80 жылдары жарық көрген жазушылардың повестерінде 
мифтік сарындар бар екенін білесіз бе ? 
А) иә, білемін. 
Ә) аздап білемін. 
Б) жауап беруге қиналамын. 
9.Тәуелсіздіктен кейінгі жылдарда жарық көрген повестердегі мифтік 
образдардың ерекшелігі туралы білесіз бе? 


133 
А) иә, білемін. 
Ә) аздап білемін. 
Б) жауап беруге қиналамын. 
10. Мектеп бағдарламасына енген мифтік сарыны бар повестерді білесіз 
бе? 
А) иә, білемін. 
Ә) аздап білемін. 
Б) жауап беруге қиналамын. 
Кесте 4 - Анықтау эксперименті кезеңіндегі студенттерге арналған қазіргі 
қазақ повестеріндегі кездесетін фольклорлық сарын үлгілері жайлы білімдерін 
анықтауға арналған сауалнама көрсеткіштері 
 
Жауаптар
Иә, білемін 
Аздап білемін 
Жауап беруге қиналамын 
n /% көрсеткіш белгісі 






Эксперименттік топ 
(60студент) 
19 
27,9 
22 
32,3 
27 
39,7 
Бақылау тобы (55) 
17 
26,5 
21 
32,8 
26 
40,6 
0
5
10
15
20
25
30
ЭТ
БТ
иә, білемін
аздап білемін
жауап беруге қиналамын
Сурет 7 - Анықтау эксперименті кезеңіндегі студенттерге арналған қазіргі 
қазақ повестеріндегі кездесетін фольклорлық сарын үлгілері жайлы білімдерін 
анықтауға арналған сауалнама нәтижелерінің диаграммасы 
Анықтау эксперименті кезеңіндегі студенттерге арналған қазіргі қазақ 
повестеріндегі кездесетін фольклорлық сарын үлгілері жайлы білімдерін 
анықтауға арналған сауалнамаға барлығы 132 студент қатысты. Оның жоғарыда 
айтып өткеніміздей, 68 студенті – ЭТ-да, ал 64 студент – БТ-да болды. 
Сауалнама 10 сұрақты қамтиды. Сауалнаманың мақсаты – студенттердегі 


134 
қазіргі қазақ повестеріндегі кездесетін фольклорлық сарын үлгілері жайлы 
бастапқы деңгейді анықтау. Сауалнамадағы әр сұрақ үш жауаптан тұрады. 
Алайда студент бір жауапты таңдайды. 5-кестеден көріп отырғанымыздай, «Иә, 
білемін» жауабына ЭТ-нан 19 студент, 27,9 %-ды көрсетсе, БТ-дағы 64
студенттің 17-сі «иә, білемін» жауабын таңдаған, бұл 26,5 %-ды құрайды. 
«Аздап білемін» жауабын ЭТ-дағы 68 студенттің 22-сі жауап береді, 32,3%-ды 
беріп отыр, бұл жауапты БТ-дағы 64 студенттің 21-і таңдап, 32,8 %-ды 
құрайды. «Жауап беруге қиналамын» жауабына ЭТ-дағы студенттердің 27-сі, 
яғни 39,7 % -ы жауап берді, ал БТ-да 26 студент, 40,6 %-ды көрсетті. 
Сауалнама көрсеткіштері бойынша нәтижелерді талдайтын болсақ, 
студенттердің басым бөлігі төменгі деңгейді көрсетіп отыр. Орта деңгейдің 
ортақ қатынасы тұрақты сипатта. Ал жоғары деңгейдегі студенттер саны орта 
деңгейден төмен болып отыр.
Сонымен қатар 3 курс студенттерінің теориялық білімдері осы күнге дейін 
қаншалықты қалыптасқандығын анықтау мақсатында төмендегідей 5 сұрақ-
тапсырмалар берілді. Сұрақ-тапсырмалар (авторлық): 
1. Әбіш Кекілбаевтың «Күй», «Күйші» повестерін оқыдыңыз ба? 
Кейіпкерлері кімдер? 
2. Шыңғыс Айтматовтың қай повесінде мифті қолданады?
3. «Қар қызы», «Сайтан көпір», «Атау кере» повестерінің авторы кім?
4. Нұржан, Аманжан, Бақытжан, Қоңқай шал қай повестің кейіпкерлері?
5. «Бекторының қазынасы» кімнің шығармасы? 
Бұл сұрақтар 3 критерий бойынша бағаланды: 
А) теориялық білімі қалыптасқан, мифтік білімі бар (2 балл) 
Ә) мифтік сарындар туралы естулері бар, бірақ терең түсіне бермейді (1 
балл) 
Б) мифтік сарындар туралы түсініктері жоқ, қажет деп санамайды (0 балл) 
баллмен бағаланады. 
Сурет 8 – теориялық сұрақтарға берілген жауап бойынша сандық көрсеткіші 


135 
Теориялық сұрақтарға берілген жауаптардың нәтижелері 100 пайыздық 
көрсеткішті көрсетпеді. Бақылау тобындағы 64 студенттің 51-і максималды 2 
баллды алса, қалған 13 студент 1 балл көрсеткішінен аса алған жоқ. Ал 
эксперимент тобындағы 68 студенттің 60-і максималды 2 балға ие болса, 8 
студент 1 балл көрсеткішіне ие болды. 
Әдеби-теориялық білімнің деңгейі анықталғаннан кейін шыққан 
нәтижелерді саралай отырып: 
1. Оқу бағдарламаларында әдеби білім мазмұнын жетілдіру керектігі
2. Жеке жұмыс жоспарлары, силлабустарда мифтік сарыны бар 
повестердің жекелей қарастырылмайтыны; 
3. Студенттердің оқырмандық әлеуетінің төмендігі;
4. Көркем шығарманы түсініп оқу, саралап, талдауға (пайыздық 
көрсеткішке қарағанда) дағдыланбауы т.б. анықталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет