Найманбаев алмас абдыманапович


Зерттеудің ғылыми болжамы



Pdf көрінісі
бет6/41
Дата13.12.2022
өлшемі3.3 Mb.
#467173
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
dis

Зерттеудің ғылыми болжамы: Жоғары оқу орындарында «Қазіргі қазақ 
повестеріндегі мифтік сарындар және оны оқыту» пәнін ұсыну, таңдау пәні 
ретінде енгізу студенттердің әдебиеттану бағытындағы теориялық білімін 
арттырады. Егер «Қазіргі қазақ повестеріндегі мифтік сарындар және оны 
оқыту» пәнін оқыту негізінде студенттердің пәндік құзіреттілігі қалыптасып, 
оның ғылыми-әдістемелік жүйесі айқындалса, онда студенттер қазақ 
әдебиетіндегі дәстүр жалғастығын сипаттай отырып, өзіндік ой-пікірін қорғауға 
дағдыланады, ұлттық құндылықтар мен асыл мұраларды құрметтеуге, қадірлей 
білуге үйренеді, жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде танылады. Өйткені 
теориялық білімге негізделген пәндік құзіреттіліктер өзінің оң нәтижесін 
береді. 
Зертеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: Прозадағы, оның 
ішіндегі қазіргі қазақ повестеріндегі фольклорлық мұралар және әдебиетті 
оқыту әдістемесі жайлы еңбектерден А.Байтұрсынұлы, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, 
Е.Ысмайылов, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, М.Қаратаев, С.Қирабаев, 
З.Ғабдолов, М.Дүйсенов, Р.Нұрғали, С.Қасқабасов, З.Ахметов, М.Ғабдуллин, 



Б.Майтанов, Ж.Дәдебаев, Д.Ысқақұлы, С.Негимов, М.Қараев, С. Асылбекұлы, 
Б. Әбдіғазиұлы, Б.Омарұлы, Ж.Жарылғапов, Т.Жұмажанова, Г.Пірәлиева, 
Қ.Жанұзақова, Г.Балтабаева, У.Қалижанұлы, М.Әйтімов, Ұ.Ибрагимова, 
Б.Сманов, Б.Жұмақаева, Қ.Бітібаева, С.Мақпыров, Б.Әрінова, Г.Орда, 
А.Ісмақова, А. Таңжарықова, К.Медеубаева және тағы да басқа зерттеуші 
ғалымдардың еңбектерінде қолданылған әдістерді басшылыққа алып, жасаған 
теориялық тұжырымдарына сүйендік. Пәнді оқыту мен пән мазмұнын 
айқындауда дидактикалық және теориялық жетекші ұстанымдар, қазақ 
әдебиетін оқыту әдістемесіне арналған тәжірибелер, соңғы жылдары кеңінен 
қолданылып жүрген оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері басшылыққа алынды. 
Педагогика, психология, философия, әдістеме ғылымының жетістіктері, 
отандық және шетелдік құндылықтарды ұтымды да тиімді пайдалану ескерілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет