8
- қазақ мифтерінің мағыналық-құрылымдық ерекшеліктері мен көркем
прозаға кірігу процесін айқындау;
- мифтік сарындардың қазіргі қазақ повестеріндегі интерпретациясына
талдау жасау;
-
мифтік сарындарды
оқытудың философиялық, психологиялық,
педагогикалық арнасын зерделеу;
- қазіргі қазақ повестеріндегі мифтік сарындар
және оны оқыту пәнін оқу
үдерісінде пайдалану үшін таңдау курсының білім мазмұны мен әдістемесін
ұсыну;
- қазақ повестеріндегі мифтік сарындарды оқытудың инновациялық
жолдарын, оқыту бойынша эксперимент және оның
тиімділігін нәтижелеріне
сүйене отырып дәлелдеу.
Зерттеу нысаны: Жоғары мектепте қазіргі қазақ повестеріндегі мифтік
сарындарды оқыту мәселесі.
Зерттеу пәні: Қазіргі қазақ повестеріндегі мифтік сарындар және оны
оқыту
Зерттеу әдістері: Зерттеудің ғылыми-теориялық
және әдіснамалық негіз-
дерін айқындау барысында салыстырмалы-тарихи, объективті-аналитикалық
және
жинақтау, даралау, ой қорыту, жалпылау әдістері;
экспериментті ұйым-
дастыру кезеңінде бақылау, сауалнама, әңгіме, диагностикалық әдістер; зерттеу
нәтижелерін қорытындылау барысында аналитикалық әдістер: талдау, қорыту
мен ақпаратты өңдеу әдістері: эксперименттік мәліметтерді сапалық және
сандық
тұрғыда сараптау, жинақтау әдістері қолданылды.
Зерттеудің жетекші идеясы: Қазіргі қазақ повестеріндегі мифтік сарын
көрінісін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеп,
оның нәтижесін білім беру
үдерісінде пайдалану болашақ қазақ тіл мен әдебиеті және филолог маман-
дарын даярлауда және жастардың бойында патриоттық,
отаншылдық сезімін
оятуда септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: