Найманбаев алмас абдыманапович


Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы



Pdf көрінісі
бет7/41
Дата13.12.2022
өлшемі3.3 Mb.
#467173
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
dis

Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы: Қазіргі ке-
зеңдегі оқыту әдістемесі және әдебиеттану ғылымдарының жетістіктері
дидактиканың оқыту ұстанымдары, отандық және шетелдік педагог-психолог 
ғалымдардың оқыту нәтижесінде студенттердің ақыл-ой қабілеттерін дамыту 
туралы іргелі теориялық тұжырымдары, әдеби білім берудің мемлекеттік 
стандарты, оқу тұжырымдамалары, бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдары,
оқытудың жаңа технологиялары туралы ғылыми-әдістемелік еңбектер негіз 
болды. Біз ұсынып отырған жаңа пәннен алатын білім аясының ұлттық құнды-
лықтарға негізделіп, әдебиетші-мұғалім тұлғасының қалыптасуы мен 
дамуының әлеуметтік, қоғамдық, психологиялық, педагогикалық мәнділігін 
тұжырымдауға септігін тигізеді. Мифтік сарындағы повестерді талдау уақыт, 
қоғам, адам, кейіпкер мінезі, ұлттық сана, философиялық ой, психологиялық 
маңыз, педагогикалық негіз жолдары анықталатын бұл ғылыми зерттеу жұмы-
сының нәтижелері «Қазақ халық ауыз әдебиеті», «Әдебиеттануға кіріспе», 
«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәндеріне альтернативті пән, арнаулы курс, 
семинар жүргізуде пайдалануға болады. 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- қазақ повестеріндегі мифтік сарындардың ғылыми-теориялық және 
әдіснамалық негіздері айқындалды
- мифтік сарындарды оқытудың философиялық, психологиялық, 
педагогикалық негіздері анықталды; 
- болашақ филолог, қазақ тілі мен әдебиеті мамандарын даярлауда 
пайдалану үшін «Қазіргі қазақ повестеріндегі мифтік сарындар және оны 
оқыту» курсының оқу-әдістемелік кешені дайындалып әзірленді
- мифтік сарындарды оқытуда қолданылатын инновациялық 
технологиялар мен әдіс-тәсілдердің түрлері ұсынылды; 
- оқыту бойынша жүргізілген эксперимент және оның нәтижелері берілді. 
Зерттеудің тәжірибелік-эксперименттік базасы: Эксперимент әдісі Абай 
атындағы 
қазақ 
ұлттық 
педагогикалық 
университетінде 
жүргізіліп,
қорытындысы тұжырымдалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет