Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет40/84
Дата14.12.2022
өлшемі1.27 Mb.
#467255
түріУчебное пособие
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84
qazrg adebi protsess

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. 
Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері туралы айт. 
2. Қазіргі қазақ әңгімесінің беталысы. 
3. Әңгіме жанрының шебер жкімдер, олардың шығармашылығы? 
4. О.Бөкеев, С.Мұратбеков, Т.Нұрмағамбетов әңгімелері туралы айтып
бер. 
5. Қазақ әңгімесінің келешегі кімдер деп білесің? 
6. Әңгімеге деген сұраныс, оқырман талабы қандай? 
Әдебиеттер 
1. 
Р.Рүстембекова. Қазіргі қазақ әңгімесі. 
2. 
З.Қабдолов. Жебе. 
3. 
А.Егеубаев. Сөз жүйесі. 
4. 
С.Қирабаев. Талантқа құрмет.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


70 
Бүгiнгi қазақ романындағы дәуiр, тарих және заман мәселесi 
Жоспар: 
1. Бүгінгі қазақ романшылығы 
2. Прозаның тақырыптық, идеялық-көркемдік жағынан баюы 
3. Қазіргі қазақ прозасындағы жаңа құбылыстар 
4.
 Бүгiнгi таңдағы қазақ прозасы. 
5. Қорытынды. 
Тірек сөздер: 
Т.Тiлеухановтың «Базарлы дәурен балғын шақ», 
Б.Тоғысбайұлының «Әкеден ұл туса», Ж.Ахмадидiң «Есенгелдi би», 
Ж.Сәмитұлының «Сергелдең», Е.Тұрысовтың «Шығыстың шың ұлдары», 
Ұ.Доспанбетовтың «Абылайдың ақ туы», «Аяз бен аптап», С.Досановтың 
«Жүрегiмде жүз сәуле», Т.Қаупынбайұлының «Қыран тағдыр», 
Т.Ахметжанның «Мұң», Жұмагүл Солтиеваның «Көз iлмейдi көңiлiм», 
Қ.Жиебаевтың «Қателесесiң, қымбаттым..», Х.Есенқараеваның «Күн шығады 
қызарып», С.Әбдiкәрiмовтың «Мазасыз түн», Қ.Түменбай «Қой мен қойшы» 
Н. Исабаевтың «Өмiрге құштарлық». 
Қазақтың ұлттық прозасы ғаламдық даңққа ие екендiгi баршаға аян. 
Шеберлiк мектебi көркемдiк дәстүрлер жүйесi, тiл мәдениетi, рухани 
құндылықтар әлемi жоғары деңгейде қалыптасып, қарышты өсiп өркендеген-
дi. Ұлттық көркем сөз өнерi қандай жағдайда болмасын даму үстiнде 
болатыны, қара ормандай елi бар жерде жоғалмайтыны аян. Белгiлi бiр 
қоғамдық өзгерiстер, қайшылықты құбылыстар қол байлау болуы мүмкiн. 
Солай десек те «Өлең деген тулайды қайшылықта» деген Мұқағали пiкiрiнiң 
жаны бар. 
Бүгiнгi күнде прозалық шығармалар қоржынына мынадай туындылар 
қосылды: Төлен Тiлеухановтың «Базарлы дәурен балғын шақ», Бек 
Тоғысбайұлының «Әкеден ұл туса», Жанат Ахмадидiң «Есенгелдi би», 
Жақсылық Сәмитұлының «Сергелдең», Еркiнбек Тұрысовтың «Шығыстың 
шың ұлдары», Ұзақбай Доспанбетовтың «Абылайдың ақ туы», «Аяз бен 
аптап», Сәбит Досановтың «Жүрегiмде жүз сәуле», Төлен Қаупынбайұлының 
«Қыран тағдыр», Талаптан Ахметжанның «Мұң», Жұмагүл Солтиеваның 
«Көз iлмейдi көңiлiм», Қуаныш Жиебаевтың «Қателесесiң, қымбаттым..», 
Ханбибi 
Есенқараеваның 
«Күн 
шығады 
қызарып», 
Сейiлғазы 
Әбдiкәрiмовтың «Мазасыз түн», Қуандық Түменбай «Қой мен қойшы» 
Нұртас Исабаевтың «Өмiрге құштарлық». 
Бұлардың iшiнде романдар да, повестер де, әңгiмелер де, деректi эсселер 
де бар. 
Иә, осынау қаламгерлердiң шығармашылық қабiлетi, суреткерлiк 
зердесi, көркемдiк ойлау жүйесi, ұлттық дүниетанымы, сөз саптауы қалай 
дейтiн сауалдар туындайтыны сөзсiз.
Жанат Ахмадидiң «Есенгелдi би» романында ұлт тарихындағы ұлы 
тұлғалар бейнесi сомдалады. Атап айтар болсақ, абылай хан, Төле, Қаз 


71 
дауысты Қазыбек, Бөгенбай батыр, Керей, Жәнiбек батыр және т.с.с. Ел мен 
жер туралы ұлы билерiмiздiң толғаныстары да жүрек толқытарлық.
Жанат Ахмади шығармасының тiлi мейлiнше жатық, көркем. Мақал-
мәтелдердi нөпiрлете қолданады. Романның құлақ күйi тоты құстай сайраған 
төрт бидiң сөзiмен басталуы да қызықты берiлген.
Ұзақбай Доспанбетов «Абылайдың ақ туы» атты романында таңсық емес 
тақырыпты өзiндiк ұғым-түсiнiктермен өрнектейдi. Сөйтiп тарихи және 
көркемдiк танымыңды тереңдетедi, ғасырлар мен бабалар даусын жаңғыртып 
жеткiзедi.
Жақсылық Сәмитұлының «Сергелдең» атты драмалық сипаты бөлек 
романында ұлт-азаттық көтерiлiстiң көсем атақты Оспан батыр бастаған 
батырлардың орасан ерлiк-қаһармандық қимылдары мен қандас 
бауырларымыздың қиямет-қайым қасiреттi тағдыры жан толқытарлық, сүйек 
сырқыратарлық сезiммен бедерленедi.
Бек Тоғысбайұлының «Әкеден ұл туса» атты романында қазақ 
зиялыларының тағдыры ашаршылық, кәмпеске жаналғыштар мен 
жұлынқұрттардың зұлымдық iстерi патша отаршыларының жыртқыштық 
әрекеттерi. Қазақ жерiнiң оңтүстiк өлкесiн Ресей империясының зорлықпен 
бағындыруы келiмсектердiң қорлығы шынайы суреттеледi. Шығарманың 
басты кейiпкерi - Әбубәкiр қажының баласы Әлидiң бастан кешкен 
шырғалаңдары арқылы баян етiледi. Әли бүркiт баптаған құмай тазы ерткен 
серi жiгiт. Аңға шығып олжалы қайтып келе жатқанда Метрейдiң Шодыры 
және 8 солдат ұшырасады. Солардың iшiндегi Сидоров Әлидiң ықтиярынсыз 
олжасын iшiгiн қағып алады. Намысты Әли кейiннен Сидоровты Қайыптың 
үйiнен шығарып алып, қапияда атып өлтiредi. 
Романда Мұхаметжан Тынышбаевтың, Ораз Жандосовтың, Жәлменде 
әулие мен оның әншi, гармоншы, атбегi, құсбегi, серi, батыр болыс 
Тышанның тұлғасы, өмiртарихы суреттеледi.
Қуандық Түменбайдың «Қой мен қойшы» кiтабына «Бекеттегi 
бейкүнәлар» дейтiн романы мен «Қой мен қойшы», «Түрмедегi торғай» және 
бiрнеше әңгiмелерi топтастырылған. Қай-қайсысы болмасын терең 
толғаныстан көркемдiк тәжiрибеден туған деуге болады.
«Қой мен қойшы» хикаятында нарық қыспағына қамалып тұншыққан 
ауыл тiрлiгi, үрерге итi, сығарға битi жоқ сiңiрi шыққан жанұялар, қаңыраған 
кiтапханалар, араны ашылған билiк басындағы төрелер, қырылған қой тiзбек-
тiзбегiмен суреттеледi.
Басты кейiпкер Жұмабек сонау Қызылордадан Алматыға поезға салып 
бiр қой әкеледi. Әрине, базарға сойып сату үшiн «Көңiлiмдi жұбатқан бiр 
отар қара қойды жоқ қылды мына заман» дейдi ол. 
Немесе «Алматы базарында небiр семiз қойлар бар. Қап боп сiңiп кеткен. 
Олардың бақайынан насоспен жел үредi де, тiгiп тастайды» деген 
сөйлемдерден өтпелi кезеңнiң ыңғайсыз, ретсiз, жөнсiз әрекеттерiн, сұм-
сұрқиялардың көзбояушылықтарын көруге болады. Ал «Түрмедегi торғай» 
хикаятында жас дәрiгер нейрохирург Есенбай Қойбағарұлының талқын 
тәлкегiне ұшыраған өмiрi арқау болған. Оның ары да, жаны да, қолы да таза. 


72 
Өз iсiне жетiк. Бiр апта бұрын ғана Күнiмайға қосылған. Некесiн мешiтте 
қидырған. Сырқат Барболсын Әйтушов арамдық жасап, ұстаттырып жiбередi. 
Түрме азабын тартады. Оның жан дүниесiндегi көңiл-күйi, сыр толқындарын 
жазушы түрменiң терезесiне ұя салған торғайдың iс-қимылдарымен 
жарыстыра, салыстыра отырып сипаттап сөйлетедi. Туындының көркемдiк 
логикасы тастүйiн. 
Қ.Түменбайдың «Бекеттегi бейкүнәлар» романында басты кейiпкер 
Халел Мұңайтпасовтың бастан кешкен қилы-қилы оқиғалары арқылы 
кеңестiк қоғамның iшек-қарнын ақтарып көрсетедi.
Проза жанрының бiр қыры деректi проза.
Деректi проза жанрының атын жамылған кiтапты талдап, қоғамды iлгерi 
бастыруға ой салатын немесе ұлт жiгерiн жануға түрткi болатын құндысын 
көпшiлiкке ұсынып отыру зиялы топтың, соның iшiнде жауынгер жанрға ден 
қойған таланты сыншылардың басты мiндетi екенiн әлемдiк тәжiрибе 
соқырға таяқ ұстатқандай етiп көрсетiп отырғаны ақиқат. Бұл әсiресе
Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi кезде жазылған көсемсөздi жанрлық 
тұрғыдан iрiктеп, сөйтiп қалың оқушыға ұсынылатын кiтапты анықтау үшiн 
өте қажет талап. 
Бұлай деуiмiзге елiмiз тәуелсiздiк алғаннан кейiн бiрсыпыра 
жазушыларлардың бұрынғы жазып жатқан көркем шығармаларын доғарып 
қойып, көсемсөз жанрына бет бұрғаны себепшi. Мұның өзi жаңа қоғамдық 
құрылымның талабына сай бұрынғы идеологиялық кеңiстiкте эстетикалық 
қажеттiлiктi өтеп келген көркемсөз ықпалының бәсеңсiп, есесiне жас 
мемлекетте кетiп жатқан кемшiлiктi тез аңғарып, жөндеуге себi тиетiн 
көсемсөздiң қоғамдағы үстемдiк бел алғандығының айғағы болатын. 
Қазақстан тәуелсiздiгiн жариялағаннан кейiн де сондай көп мәселенi 
мойынға алу қажеттiгiн қазақ азаматтарының алдына өмiрдiң өзi көлденең 
тартқан болатын. Мiне, осы тұста сөз өнерiн кәсiп еткен бiршама азаматтың 
кеңес өкiметi кезiнде тиым салынған тақырыпқа қалам тартуы көп кiсi 
күтпеген тосын оқиға болатын. Әсiресе, тәуелсiздiктiң алғашқы кезiнде 
халық ескi орысшылдық ниеттен арыла алмай бүкiл ұлттың абдыраулы 
кезiнде бұрынғы қалың оқырманның көзi қанығып, құлағы үйренген, сөз бен 
iске ендi кереғар пiкiр бiлдiрiп, мүлде бөтен сарында ой толғаған. Қалтай 
Мұхамеджанов, Мұхтар Мағауин, Әбiш Кекiлбаев батылдығы мен iшкi 
дайындығы, бабалар арманымен ой сабақтастығы әлемдiк iрi тұлғалармен 
үндестiгi кiсi қызығарлықтай едi. Айтар болсақ, Қ.Смайылов, Ш.Мұртаза, 
Ф.Оңғарсынова, Ә.Тарази, Қ.Жұмадiлов, Қ.Ысқақов, Т.Әбдiков, Д.Исабеков, 
С.Елубаев, Б.Нұржекеев, Т.Медетбеков, М.Құлкеновтар тәуелсiздiктi баянды 
ету жолында өз ойларын ортаға салып, ел пiкiрiнiң жаңаруына зор үлес қоса 
алды. Ел iшiне жайылған осы бiр рухани алапат сiлкiнiстiң билiк тiзгiнiн 
ұстаған азаматтардың да бойынан көрiнiс табуы – бұл ендi талай ғасыр бойы 
отаршылдар езгiсiнде жүрiп тәуелсiздiк үшiн басын үнемi қатерге тiгiп өмiр 
сүрген бабалардың көп арманының бiрiнiң жүзеге асқанының көрiнiсi деуге 
келетiн. Мысалы, Төлен Әбдiковтiң «Жанна-д Арк феноменi» мақаласы 
Сауытбек Әбдiрахмановтың «Әлемге әйгiлi тұлға» айдарымен жарияланған 


73 
мақалалар циклi. Әлiбек Асқаровтың «Мұзтау» қолжазбасы, Мұхтар 
Құлмұхамедтiң әлем әдебиетiнiң озықтарын сөз ете отырып, өз 
әдебиетiмiздiң арғы-бергiсiне байсалды талдау жасаған.
Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн деректi прозаға, яғни көсемсөзге 
деген талаптың өзгергенiн, сөйтiп бұрынғы отаршылдық кездегiдей ылғи 
еңбек, өнер адамын немесе жеке тұлғаны жалаң мадақтап жазуға деген халық 
сұранысының азайып, ендi күн өткен сайын тарихи-философиялық мәндегi 
деректi шығарманың көшбасына шыққанын, өйткенi сол арқылы ұлт санасын 
жаңа 
бағытта 
қалыптастырып, 
өркениетке 
жетудiң 
шаралары 
қарастырылғанын қайталап ескерту ғана.
Бұл бiрақ бұрынғы үрдiсте жазылатын шығарма атаулы мүлде қажетсiз 
сөзiмiз емес, мәселенiң бәрi ненi жазуда емес, қалай жазуда. Оған Ахат 
Жақсыбаевтың қаҺарман ағамыз Қасым Қайсенов өмiрiнен жазған роман-
эссесi толық дәлел. Жазушы материалды шебер игеру арқылы көздеген 
мақсатына жете алған. Оқиғаның шымыр суреттелетiнi соншалықты, тiптi кез 
келген тарауды ойып алып кино жасауға болады. Сондықтан да мұндай 
туындылар өз оқушысын табатыны ақиқат.
Жазушы Ғаббас Қабышұлы «Сағыныш сазы» кiтабының жанрын 
«Сырсандық» деп көрсеткен. Шынында да айтса айтқандай көбiсi бұл 
дүниеден өткен сыйлас-сырлас, аға-iнiлерi мен құрбы-құрдастары жайлы 
жазушының сыры болып шығады. Қарасөздiң қай түрiне қалам тартпасын 
алып та, шалып та жығатын жазушы бұл жолы да сол биiктен көрiне бiлген. 
Ал осыған ұқсас, бiрақ ой-толғамдары көбiне сын жанрының биiгiнен 
көрiнедi.
Оқушыларды көбiне қызықтыратыны ауылдағы ақын-жазушылардың 
iзденгiштiгi. Өйткенi олар үнемi өзiн-өзi еңбекке жегуге уақыт табады. 
Еркiнбек Тұрысовтың повестер, хикаялар, эссе-естелiктерден құралған 
«Шығыстың шың ұлдары» атты кiтабы соның айғағы. Жазушы бүгiнгi күннiң 
оқиғасын суреттеумен шектелмей, шығыстан шыққан ұлы тұлғалардың 
тағдырына үңiлген.
Серiк Байқонов «Бетпақ дала шөл емес» жинағының жанрын «Табиғат 
кiтабы» деп атаған. Бұл кiтап жазушының көп жылғы зерттеуiнiң, сабылып 
дала кезiп, сарылып тарихты ақтаруының жемiсi екенiн және оның 
шығармашылық басты табысы екенiн бәрiмiз де бiлемiз. Айтары мол, қызық 
та жақсы кiтап.
Ендiгi бiр жазушы – Шаяхмет Құсайынұлы. Оның «Жолбарыс жүрек» 
роман дилогиясы деректi шығармадан гөрi көркем туындыға көбiрек келiп 
тұр. Жазушының басты табысы композиция құра бiлетiн дер едiк. Егер 
орнымен қолдана бiлсе, тiл байлығы жеткiлiктi.
Мақсат Тәж-Мұраттың Төлен Қаупынбаевтың, Нұрдәулет Ақыштың, 
Сәрсен Бек Сахабаттың кiтабы және бiр тұлғаның өмiр тарихына арналған 
дүниелер екен. Мысалы, Нұрдәулет белгiлi әншi сазгер Алтынбек 
Қоразбаевтың өмiрi мен шығармашылық өнерiнiң кейбiр кезеңiн мейлiнше 
әсерлi сұлу сезiмге толтыра келiстi суреттесе, Сәрсен өзiнiң Төреғұлдың 
Нәзiрi атты кiтабының жанрын «Ғұмырнамалық дастан» деп атап, көрнектi 


74 
мемлекет және қоғам қайраткерi, ғалым-ағартушы, тұңғыш кәсiби дипломат 
өмiрiнiң түрлi бұралаңды кезеңiн Жан-жақты сөз етедi.
Ал Төлен Қаупынбаевтың «Қыран тағдыр» атты «Жарық жұлдыз туралы 
жырына» ғалым Шоқан Уәлихановтың Жетiсу өңiрiндегi iзденiстерi 
ұшырасып, араласқан адамдардың өмiрi әңгiме арқауына айналған. 
Жазушының көп iзденгенi көрiнiп тұр.
Сондай-ақ, Серiк Әбдiрайымұлының «Бес мүшел белесiнде» атты 
шығармасы арнайы сөз етудi қажет ететiн салмақты кiтаптың бiрi.
Жоғарыда деректi прозаға деген талап мүлде өзгергендiгiн ескердiк. Бұл 
шарт әсiресе, алдымен тарихи танымға өзiнiң тереңдiгiмен ықпал ете алатын , 
сол арқылы қоғамның дамуына себi тиетiн философиялық категория 
негiзiнде ұлттық тәуелсiздiктiң қамын жейтiн ерекше мәндегi шығармаға ғана 
тән талап. Ондай шығарма әп дегеннен қалың бұқараға түсiнiктi бола да 
қоймас, тiптi оны кез келген оқушының оқып, пайдаға жаратуы да екiталай 
шығар, бiрақ ұлттың өзiн зиялы санайтын кез келген кiсiсi ондай шығарманы 
бiр емес, бiрнеше қайтара оқуы мiндеттi.
Бүгiнгi күнде прозалық шығармалар қоржынына мынадай туындылар 
қосылды: Мұхтар Шахановтың «Жазагер жады космоформуласы» атты 
романы, Төлен Тiлеухановтың «Базарлы дәурен балғын шақ», Бек 
Тоғысбайұлының «Әкеден ұл туса», Жанат Ахмадидiң «Есенгелдi би», 
Мархабат Байғұтовтың «Дауыстың түсi», «Қорғансыз жүрек», «Машаттағы 
махаббат», «Нәуiрзек», Жақсылық Сәмитұлының «Сергелдең», Еркiнбек 
Тұрысовтың «Шығыстың шың ұлдары», Ұзақбай Доспанбетовтың 
«Абылайдың ақ туы», «Аяз бен аптап», Сәбит Досановтың «Жүрегiмде жүз 
сәуле», Төлен Қаупынбайұлының «Қыран тағдыр», Талаптан Ахметжанның 
«Мұң», Жұмагүл Солтиеваның «Көз iлмейдi көңiлiм», Тұрсын Жұртбайдың 
«Болашақтың 
бәйтерегi», 
Қуаныш 
Жиенбаевтың 
«Қателесесiң, 
қымбаттым»,Ханбибi Есенқараеваның «Күн шығады қызарып», Сейiлғазы 
Әбдiкәрiмовтiң «Мазасыз түн», Қуандық Түменбай «Қой мен қойшы», 
Нұртас Исабаевтың «Өмiрге құштарлық». 
Бұлардың iшiнде романдар да, повестер де, әңгiмелер де, деректi эсселер 
де бар. Иә, осынау қаламгерлердiң шығармашылық қабiлетi, суреткерлiк 
зердесi, көркемдiк ойлау жүйесi, ұлттық дүниетанымы, сөз саптауы қалай 
дейтiн сауалдар туындайтыны сөзсiз.
Жанат Ахмадидiң «Есенгелдi би» романында ұлт тарихындағы ұлы 
тұлғалар бейнесi сомдалады. Атап айтар болсақ, абылай хан, Төле, Қаз 
дауысты Қазыбек, Бөгенбай батыр, Керей, Жәнiбек батыр және т.с.с. Ел мен 
жер туралы ұлы билерiмiздiңтолғаныстары да жүрек толқытарлық.
Жанат Ахмади шығармасының тiлi мейлiнше жатық, көркем. Мақал-
мәтелдердi нөпiрлете қолданады. Романның құлақ күйi тоты құстай сайраған 
төрт бидiң сөзiмен басталуы да қызықты берiлген.
Ұзақбай Доспанбетов «Абылайдың ақ туы» атты романында таңсық емес 
тақырыпты өзiндiк ұғым-түсiнiктермен өрнектейдi. Сөйтiп тарихи және 
көркемдiк танымыңды тереңдетедi, ғасырлар мен бабалар даусын жаңғыртып 
жеткiзедi.


75 
Жақсылық Сәмитұлының «Сергелдең» атты дәуiрнамалық сипаты бөлек 
романында ұлт-азаттық көтерiлiстiң көсемi атақты Оспан батыр бастаған 
батырлардың орасан ерлiк-қаһармандық қимылдары мен қандас 
бауырларымыздың қиямет-қайым қасiреттi тағдыры жан толқытарлық, сүйек 
сырқыратарлық сезiммен бедерленедi.
Бек Тоғысбайұлының «Әкеден ұл туса» атты романында қазақ 
зиялыларының тағдыры ашаршылық, кәмпеске жаналғыштар мен 
жұлынқұртттардың зұлымдық iстерi патша отаршыларының жыртқыштық 
әрекеттерi. Қазақ жерiнiң оңтүстiк өлкесiн Ресей империясының зорлықпен 
бағындыруы келiмсектердiң қорлығы шынайы суреттеледi. Шығарманың 
басты кейiпкерi - Әбубәкiр қажының баласы Әлидiң бастан кешкен 
шырғалаңдары арқылы баян етiледi. Әли бүркiт баптаған құмай тазы ерткен 
серi жiгiт. Аңға шығып олжалы қайтып келе жатқанда Метрейдiң Шодыры 
және 8 солдат ұшырасады. Солардың iшiндегi Сидоров Әлидiң ықтиярынсыз 
олжасын iшiгiн қағып алады. Намысты Әли кейiннен Сидоровты Қайыптың 
үйiнен шығарып алып, қапияда атып өлтiредi. 
Романда Мұхаметжан Тынышбаевтың, Ораз Жандосовтың, Жәлменде 
әулие мен оның әншi, гармоншы, атбегi, құсбегi, серi, батыр болыс 
Тышанның тұлғасы, өмiртарихы суреттеледi.
Қуандық Түменбайдың «Қой мен қойшы» кiтабына «Бекеттегi 
бейкүнәлар» дейтiн романы мен «Қой мен қойшы», «Түрмедегi торғай» және 
бiрнеше әңгiмелерi топтастырылған. Қай-қайсысы болмасын терең 
толғаныстан көркемдiк тәжiрибеден туған деуге болады.
«Қой мен қойшы» хикаятында нарық қыспағына қамалып тұншыққан 
ауыл тiрлiгi, үрерге итi, сығарға битi жоқ сiңiрi шыққан жанұялар, қаңыраған 
кiтапханалар, араны ашылған билiк басындағы төрелер, қырылған қой тiзбек-
тiзбегiмен суреттеледi.
Басты кейiпкер Жұмабек сонау Қызылордадан Алматыға поезға салып 
бiр қой әкеледi. Әрине, базарға сойып сату үшiн «Көңiлiмдi жұбатқан бiр 
отар қара қойды жоқ қылды мына заман» дейдi ол. Немесе «Алматы 
базарында небiр семiз қойлар бар. Қап боп сiңiп кеткен. Олардың бақайынан 
насоспен жел үредi де, тiгiп тастайды» деген сөйлемдерден өтпелi кезеңнiң 
ыңғайсыз, 
ретсiз, 
жөнсiз 
әрекеттерiн, 
сұм-сұрқиялардың 
көзбояушылықтарын көруге болады. Ал «Түрмедегi торғай» хикаятында жас 
дәрiгер нейрохирург Есенбай Қойбағарұлының талқын тәлкегiне ұшыраған 
өмiрi арқау болған. Оның ары да, жаны да, қолы да таза. Өз iсiне жетiк. Бiр 
апта бұрын ғана Күнiмайға қосылған. Некесiн мешiтте қидырған. Сырқат 
Барболсын Әйтушов арамдық жасап, ұстаттырып жiбередi. Түрме азабын 
тартады. Оның жан дүниесiндегi көңiл-күйi, сыр толқындарын жазушы 
түрменiң терезесiне ұя салған торғайдың iс-қимылдарымен жарыстыра, 
салыстыра отырып сипаттап сөйлетедi. Туындының көркемдiк логикасы 
тастүйiн. 
Қ.Түменбайдың «Бекеттегi бейкүнәлар» романында басты кейiпкер 
Халел Мұңайтпасовтың бастан кешкен қилы-қилы оқиғалары арқылы 
кеңестiк қоғамның iшек-қарнын ақтарып көрсетедi.


76 
Проза жанрының бiр қыры деректi проза. Деректi проза жанрының атын 
жамылған кiтапты талдап, қоғамды iлгерi бастыруға ой салатын немесе ұлт 
жiгерiн жануға түрткi болатын құндысын көпшiлiкке ұсынып отыру зиялы 
топтың, соның iшiнде жауынгер жанрға ден қойған таланты сыншылардың 
басты мiндетi екенiн әлемдiк тәжiрибе соқырға таяқ ұстатқандай етiп 
көрсетiп отырғаны ақиқат. Бұл әсiресе, Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан 
кейiнгi кезде жазылған көсемсөздi жанрлық тұрғыдан iрiктеп, сөйтiп қалың 
оқушыға ұсынылатын кiтапты анықтау үшiн өте қажет талап. 
Бұлай деуiмiзге елiмiз тәуелсiздiк алғаннан кейiн бiрсыпыра 
жазушыларлардың бұрынғы жазып жатқан көркем шығармаларын доғарып 
қойып, көсемсөз жанрына бет бұрғаны себепшi. Мұның өзi жаңа қоғамдық 
құрылымның талабына сай бұрынғы идеологиялық кеңiстiкте эстетикалық 
қажеттiлiктi өтеп келген көркемсөз ықпалының бәсеңсiп, есесiне жас 
мемлекетте кетiп жатқан кемшiлiктi тез аңғарып, жөндеуге себi тиетiн 
көсемсөздiң қоғамдағы үстемдiк бел алғандығының айғағы болатын. 
Қазақстан тәуелсiздiгiн жариялағаннан кейiн де сондай көп мәселенi 
мойынға алу қажеттiгiн қазақ азаматтарының алдына өмiрдiң өзi көлденең 
тартқан болатын. Мiне, осы тұста сөз өнерiн кәсiп еткен бiршама азаматтың 
кеңес өкiметi кезiнде тиым салынған тақырыпқа қалам тартуы көп кiсi 
күтпеген тосын оқиға болатын. Әсiресе, тәуелсiздiктiң алғашқы кезiнде 
халық ескi орысшылдық ниеттен арыла алмай бүкiл ұлттың абдыраулы 
кезiнде бұрынғы қалың оқырманның көзi қанығып, құлағы үйренген, сөз бен 
iске ендi кереғар пiкiр бiлдiрiп, мүлде бөтен сарында ой толғаған. Қалтай 
Мұхамеджанов, Мұхтар Мағауин, Әбiш Кекiлбаев батылдығы мен iшкi 
дайындығы, бабалар арманымен ой сабақтастығы әлемдiк iрi тұлғалармен 
үндестiгi кiсi қызығарлықтай едi. Айтар болсақ, Қ.Смайылов, Ш.Мұртаза, 
Ф.Оңғарсынова, Ә.Тарази, Қ.Жұмадiлов, Қ.Ысқақов, Т.Әбдiков, Д.Исабеков, 
С.Елубаев, Б.Нұржекеев, Т.Медетбеков, М.Құлкеновтар тәуелсiздiктi баянды 
ету жолында өз ойларын ортаға салып, ел пiкiрiнiң жаңаруына зор үлес қоса 
алды. Ел iшiне жайылған осы бiр рухани алапат сiлкiнiстiң билiк тiзгiнiн 
ұстаған азаматтардың да бойынан көрiнiс табуы – бұл ендi талай ғасыр бойы 
отаршылдар езгiсiнде жүрiп тәуелсiздiк үшiн басын үнемi қатерге тiгiп өмiр 
сүрген бабалардың көп арманының бiрiнiң жүзеге асқанының көрiнiсi деуге 
келетiн. Мысалы, Төлен Әбдiковтiң «Жанна-д Арк феноменi» мақаласы 
Сауытбек Әбдiрахмановтың «Әлемге әйгiлi тұлға» айдарымен жарияланған 
мақалалар циклi. Әлiбек Асқаровтың «Мұзтау» қолжазбасы, Мұхтар 
Құлмұхамедтiң әлем әдебиетiнiң озықтарын сөз ете отырып, өз 
әдебиетiмiздiң арғы-бергiсiне байсалды талдау жасаған.
Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн деректi прозаға, яғни көсемсөзге 
деген талаптың өзгергенiн, сөйтiп бұрынғы отаршылдық кездегiдей ылғи 
еңбек, өнер адамын немесе жеке тұлғаны жалаң мадақтап жазуға деген халық 
сұранысының азайып, ендi күн өткен сайын тарихи-философиялық мәндегi 
деректi шығарманың көшбасына шыққанын, өйткенi сол арқылы ұлт санасын 
жаңа 
бағытта 
қалыптастырып, 
өркениетке 
жетудiң 
шаралары 
қарастырылғанын қайталап ескерту ғана.


77 
Бұл бiрақ бұрынғы үрдiсте жазылатын шығарма атаулы мүлде қажетсiз 
сөзiмiз емес, мәселенiң бәрi ненi жазуда емес, қалай жазуда. Оған Ахат 
Жақсыбаевтың қаһарман ағамыз Қасым Қайсенов өмiрiнен жазған роман-
эссесi толық дәлел. Жазушы материалды шебер игеру арқылы көздеген 
мақсатына жете алған. Оқиғаның шымыр суреттелетiнi соншалықты, тiптi кез 
келген тарауды ойып алып кино жасауға болады. Сондықтан да мұндай 
туындылар өз оқушысын табатыны ақиқат.
Жазушы Ғаббас Қабышұлы «Сағыныш сазы» кiтабының жанрын 
«Сырсандық» деп көрсеткен. Шынында да айтса айтқандай көбiсi бұл 
дүниеден өткен сыйлас-сырлас, аға-iнiлерi мен құрбы-құрдастары жайлы 
жазушының сыры болып шығады. Қарасөздiң қай түрiне қалам тартпасын 
алып та, шалып та жығатын жазушы бұл жолы да сол биiктен көрiне бiлген. 
Ал осыған ұқсас, бiрақ ой-толғамдары көбiне сын жанрының биiгiнен 
көрiнедi.
Оқушыларды көбiне қызықтыратыны ауылдағы ақын-жазушылардың 
iзденгiштiгi. Өйткенi олар үнемi өзiн-өзi еңбекке жегуге уақыт табады. 
Еркiнбек Тұрысовтың повестер, хикаялар, эссе-естелiктерден құралған 
«Шығыстың шың ұлдары» атты кiтабы соның айғағы. Жазушы бүгiнгi күннiң 
оқиғасын суреттеумен шектелмей, шығыстан шыққан ұлы тұлғалардың 
тағдырына үңiлген.
Серiк Байқонов «Бетпақ дала шөл емес» жинағының жанрын «Табиғат 
кiтабы» деп атаған. Бұл кiтап жазушының көп жылғы зерттеуiнiң, сабылып 
дала кезiп, сарылып тарихты ақтаруының жемiсi екенiн және оның 
шығармашылық басты табысы екенiн бәрiмiз де бiлемiз. Айтары мол, қызық 
та жақсы кiтап.
Жазушы Жақсылық Рахматулланың «Меңсұлу» романы: «Әр көңiлдiң 
ешкiмге еш уақытта айтуға қимайтын жүрек сыры бар. Кейде оны өзi түгiл 
өзiңнен де қызғанатын сәтiң болады», - деп лирикалық леппен ынтықтыра 
басталады да, iле кiдiрмей: «Әр көңiлдiң өзiне ғана аян қуанышы мен 
қайғысы бар. Кейде оны ақындарша ақтарылыпжырлағың келедi», - деп ақ 
жаңбырдай төгiле жөнеледi.
«Меңсұлу» романын қазiргi заманның махаббат дастаны десе де болады. 
Олай дейтiнiмiз, романның жарыққа шыққан бұл бiрiншi кiтабында басты 
кейiпкер Меңсұлу мен Тұмардың бозбала дәуiрiндегi алғашқы махаббатынан 
бастап, автор одан әрi ешкiмге «айтуға қимайтын жүрек сырын» бiртiндеп 
жiбек жiптей тарқатып берiп отырады.
Жазушы бұл шығармасын оқыс оқиғадан ұтымды бастайды. Таңертең 
қонақ үйден шыққан Тұмар аэропорт вокзалы сыртында құйып тұрған 
жаңбырдан тасаланып, ықтасында ұшақтың ұшуын күтiп, үйiндегi әйелi 
Бәкенi мен кiшкентай қызын ойлап тұрғанда, асфальт бетiмен ағып жатқан 
жаңбыр суын шашырата, сонадай жерге тоқтай қалған таксидiң алдыңғы 
есiгiнен шыққан көк көйлектi, сұңғақ бойлы, қара шашын иығына төгiлдiрiп 
қидырған аққұба әдемi келiншекке бiрден назары ауды. Бiрақ сұлу келiншек 
iшiп алған күйеуiн таксиден түсiре алмай өзi вокзалға кiрiп кетедi. Мас жiгiт 
такси есiгiнен шығамын деп ұмтылып барып, етпетiнен құлаған кезде жаны 


78 
ашыған Тұмар оны орнынан тұрғызып, сүйемелдеп вокзалға қарай алып келе 
жатқанда, ту сыртынан «Бәкiр!» деп шошына айқайлаған әйелдiң ащы даусы 
естiледi. Жалт қараған Тұмар - баяғы алғашқы махаббаты Меңсұлуды, 
жаңағы қолшатыр көтерген көк көйлектi сұлу келiншектi көредi. Тұмардың 
жүрегi солқ ете қалады, қаны шапшып төбесiне шығады… Көз алдында сол 
Меңсұлу!
Мiне… Күтпеген кездесу! Ол тұмарды таныды ма? Әрине, таныды. 
Бiрақ, Тұмармен сөйлесуге жасқанып, күйеуiн қолтықтай қараңғыға сiңе 
бередi. Меңсұлудың қараңғыға сiңуi - оның қазiргi тыныс-тiршiлiгi 
қараңғылық басқан өмiр дегендi меңзейдi. тамшы сорғалап, тепкiшектiң 
ернеуiнде қалған қолшатыр Меңсұлудың көз жасымен шыланғандай әсер 
бередi. Әйел күйеуiмен алысып жүрiп қолшатырын ала алмай кеттi ме, әлде 
Тұмарға алғашқы махаббаттың ескерткiшi ретiнде қалдырып кеттi ме? Бұл 
шешiмдi автор оқырманның өзiне қалдырады.
.. Меңсұлу екеумiз бiр ауылда өстiк, бiр сыныпта оқыдық», - деп автор 
одан әрi жетелей жөнейдi. Оқыс оқиғадан кейiн кейiпкерiн балдәурен 
махаббат шымылдығына орап әкетуi - жазушының бұдан кейiнгi бастау 
шеберлiгi. Ендiгi оқиға Тұмар мен Меңсұлудың бозбала дәуiрiндегi алғашқы 
қызғалдақ қызығына батуы мен студенттiк, кейiн естияр балғын шақтарда да 
сөнбеген үмiт шоғын үрлейдi. Осы тұста Меңсұлудың Тұмарға жазған өлең 
шумақтарына көңiл жүгiртейiк: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет