149
6.
Әңгiмелердегi кiдiрiстерге, екпiнге, кейiпкерлердiң iс-әрекетiне,
қимылына,
олардың мiнезiне, сәлеуiне кәңiл бөлiңдер.
МОНОЛОГ ЖӘНЕ ДИАЛОГТЫ ОҚУ
Мұхтар Әуезовтiң «Абай жолы» романындағы Дәрмен монологы
-
Абай аға, қадiрлiм! Ол
дәндерiң өлген жоқ, жойылған жоқ. Рас, бұл
күнде бiр араға бiткен дүм тоғай болмасын. үлкен бақ боп тұрмасын.
Бiрақ ен
дала, мол сахараның бар бойында ол дәндерiң өсiп келедi.. Көп өсiп,
көктей
өсiп келедi… Өсе бермек, күн санап та, жыл санап..
Сол үшiн де өз өмiрiмде, өле-өлгенше асыл сөзiңдi сақтармын, ата
тәрбиеңдi ақтармын, ағажан!
Б.Майлиннiң «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» өлеңi
Кеше:
-
Уа, кiмсiз?
-
Ыбыраймыз.
-
Жаймысыз?
-
Жаймыз.
-
Уа, қайдан келесiз?
-
Сайлаудан келемiз.
Төске таққан шенiмiз бар
Патшаға жаққан ебiмiз бар.
Құдайға шүкiр,
қойдан жуас
Момақан ғана елiмiз бар…
Бiз – бай, бiз - құдай.
Күш сынасса жүн болады,
Кiм келедi сайма-сай.
Бүгiн:
-
Уа, кiмсiң?
-
Ыбыраймын.
-
Жаймысың?
-
Жаймын.
-
Уа, қайдан келесiң?
-
Соттан келемiн.
-
Соттан емес-ау, оттан келемiн
-
Бiлдiң бе?
-
Бiлдiм ғой.
-
Қалай екен?
-
Арыз берген малай екен…
-
Солай ма екен?
-
Солай екен.
-
Не дейдi?
-
Ақы сұрайды.
-
Қанша?
-
Он мың сом.
150
-
Он мың, сом.
-
Нең қалады?
-
Нем қалсын?
-
Қатын қалады,
-
Мен қалам.
-
Шенiң қайда?
-
Тозған.
-
Елiң қайда?
-
Күнi озған.
-
Ендi не етпексiң?
-
Бiтем!
-
Бiтсең бiт, мен де соныңды күтем!
Достарыңызбен бөлісу: