151
тарихи тұрғыдан назар аударту да, ұлттық
материал көзі ретінде
фольклорды алуы да т.б.- бәрі, сөз жоқ, оның қазақ фольклортану
ғылымы тарихына қосқан өзіндік өлшеусіз үлесі екені сөзсіз.
«23 жоқтауды» жарыққа шығарғандағы А. Байтұрсынұлының
жинаушылық, жариялаушылық, зерттеушілік қызметтерінің тағы бір
қыры, сыры, ерекшелігі- ол ғалымның халық шығармаларына әрі
ақын, әрі жазушы, әрі тарихшы, әрі тілші, әрі ұстаз, әрі философ, әрі
журналист, әрі газет-кітап шығарушы баспагер ретінде т.б. жалпы
жан- жақты келуінде жатыр.
«Жоқтау»
еңбегінің
«бастырушыдан»
(яғни
ғалым
А.
Байтұрсынұлының) деген айдармен:
«...Дүниеде ешбір ел өз-өзінен
шықпайды. Дүниеде ешбір тілді бір шешен кісі ойлап шығарған жоқ
та, шығармайды да. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс
қазанында қайнап пісіп, дүниеге келеді. Сонан соң ғана шешендер,
«тіл көсемдері» тілді безеп, жолға-жөнге салып, жүйесін айырып
өстіреді. Сондықтан әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл
алынбаса, ол әдебиет адасып кетпек; енді ғана өсе бастаған қазақ
әдебиетін алғанда, мұны естен шығармау керек. Ел аузындағы тіл
дегенімізде, нені үлгі-өрнек етіп аламыз? Әрине, осындай
жоқтауларды, мақалдарды, жұмбақтарды, ертегілерді, өлеңдерді,
тағы-тағы осындайларды!... Бұл «Жоқтаулардың» ішінен әзіргі
заманның жас тілшілері, жазушылары талай материал табар деген
үмітіміз бар. Мәнісі көбірек қазақ тарихына тиісті болса да, тілін
үйрету, тексеру, тілінен пайдалану осы заман жастары үшін де
керек жұмыс. Қазақтың әзіргі тілі бай, жалпақ, түсінікті, өткір,
қысқа суретті болса, көп қару-жарақтың бірінің жөнделгені де»,-
деген А.Байтұрсыновтың фольклорды жинаушы, жариялаушы,
зерттеуші қызметтерінің бағыт-бағдарын айқындаған ғылыми ой-
пікірі берілген [238, 144
б.
]. Бұл жинаққа ғылыми сипат беріп тұр.
Мәселен, осы бар-жоғы 10 шақты сөйлемдегі А. Байтұрсынұлының
пікірінен,
біріншіден, ғалымның жинақты шығарудағы басты
мақсаты
ағартушылық-демократтық
көзқарастан
туындағанын
аңғартады. Екіншіден, А. Байтұрсынұлының осы өзінің қысқа
кіріспесімен жинақты ғылым үшін маңызды етуді ойлаған.
Үшіншіден, А. Байтұрсынұлы фольклорды тілші-ғалым есебінде қазақ
тілінің құдіретін насихаттау деп түсінген. Тіпті қазақтың әдеби тілі,
негізінен, ел аузындағы тілден алынуы керек дегенді жаза отырып,
оның негізі фольклорда жатқанына баса назар аудартқанын, сондай-ақ
ғалым А. Байтұрсынұлы фольклорды-жас тілші ғалымдар мен
жазушылар үшін, олардың зерттеушілік, шығармашылық жолдарында
152
баға
жетпес материал, дерек көзі болатынына ерекше көңіл
бөлгізгенін аңдауға болады.
Қазақтың 400 жыл тарихын қамтитын жоқтаулардың беташары
есебінде ақын Шәңгерейдің «Құйрық атып құлия» деген жолдардан
басталатын толғауы (240 жол) берілген [238, 144-145
б.
]. Мәтін,
негізінен, заманның бір орнында тұрмайтындығына, зымырап өте
шығатынына, тұрмыс-тіршіліктің бейберекетсіз, әрекетсіз т.б.
базар-
той болып өтуі т.б.- бәрі өмірдің ақыр соңында күні өткен бәйтерек
тәрізді желмен құлап, іріп-шіруіне әкеледі дей отырып, одан
баршаның құтылмасына, маңдайға жазғанын көретіндігіне назар
аудартады. Демек А. Байтұрсынұлы ақын Шәңгерейдің осы толғауын-
жастарды іс-әрекетке, күреске, М.Ж.Көпеев айтқандай:
«өлім бетін
Достарыңызбен бөлісу: