Қарашордан Арқаға бұрын келген. Қазыбек Едірей келсе, онда
Қанжығалы Абыз-Шомақ отыр екен. Қысты күні Абыз-Шомақтан
қатық ішіп, Қазыбек: «Жерің жақсы екен. Маған лайық»,- деп, Абыз-
Шомақты мүйіздеп, қуып жіберген. Абыз-Шомақ тұқымы осы күні
Ертістің батысында Қасқыр қала тұсында»,- дейді [238, 153-154
б.
].
Тарихи тұлға Қаз дауысты Қазыбектің неше жасында дүние
салғанын, балалары кімдер, олардың да балалары қандай күй кешуде,
қай жылы, қай жерде туылып, қай жылы өмірден кеткеніне дейінгі т.б.
тарихи деректердің мол болуы, олардың туған жылдарын айқындауда
өзіндік топшылау зерттеулерінің болуы т.б.- бәрі ғалым А.
Байтұрсынұлы жинағының өзіндік ерекшелігін, әрі фольклортану, әрі
тұлғатану тарихында құнды мағлұмат көзі болмақ. Міне, бұдан біз А.
Байтұрсынұлының жоқтауды- халықтың өткен өмірінің айнасы,
154
көненің, тарихтың көзі деп қарастырғанын таныдық. Яғни
фольклордың басқа да жанрларына қарағанда (тарихи аңыздар мен
тарихи жырлардан басқа т.б.) жоқтаулар- өзінің неғұрлым
нақтылығымен де, кімге бағышталып айтылғандығымен де т.б.
ерекшеленеді. Жоқтауда да өлген кісіні артық мақтап, дәріптеу,
идеялизациялау бар. Бірақ соған қарамастан онда шындықтан тым
алшақтау жоқ.
Осы тәрізді тарихи мәні бар құнды түсініктер «Кеңгірбай би»,
«Алтай Тәті», «Жантай», «Шоқшолай қызының жоқтауы», «Қыздың
жоқтауы»,
«Әбжан»,
«Балқын
қыздың
жоқтауы»
тәрізді
шығармаларда да баршылық. Тек бір ерекшелігі- бұл сілтемелердің
авторы болып белгілі фольклорист-ғалым В.В.Радлов есімі
көрсетілген [238]. Сондай-ақ «Кенесары-Наурызбай» жоқтауы
Мәскеудегі қазақ бөлімі басқан «Кенесары-Наурызбай» кітабынан
алынды деген де ескертуі бар [238, 160
б.
]. Міне, бұдан біз, бірінші,
ғалым А. Байтұрсынұлының бұл тұстағы фольклорды негізгі
жинаушылық әдісі- ол дайын ескі кітаптар жүзін пайдалануы десек;
екіншісі, әр жағдайда ол фольклорлық мәтіндердің кімдерден, қай
кітаптан алынғандығын нақты көрсетіп отыруды ұмытпауы т.б.- бәрі
фольклордың негізгі ғылыми принциптерін (ғылыми дәлділікті өзіне
дейінгілердің пікірлерін саралағандығын) меңгергенін танытады.
Кімнен не алса да көрсетіп отыруды, мәтіннің паспортын толық
беруді т.б. ұмытпағандығын діттейді.
Сондай-ақ «Әйеке» жоқтауын –Бұдабай ақын [238, 173-179
б.
];
«Есмағамбет», «Ерғазы» жоқтауларын, «Төлебай» жоқтауын [238,
164-173
б.
] – бәрін Қарпық ақын; «Абдрахман» жоқтауының иесі-
ақын Абай [238,192
б.
]; «Ормамбетті»-ақын Нармамбет [238, 193-199
б.
] шығарды деген де түсініктемелер берілген. Әйтсе де, «Байжігіт
Мұрат» [238, 181-182
б.
], «Ысмайыл хан» [238, 182-187
б.
];
«Жолдыбай» [238, 189
б.
], «Әбдіғапар» [238, 199-208
б.
]
жоқтауларының бәрінде дерлік белгілі есім төңірегінде өмірлік
сілтемелер болса да, нақты жырды кейінгі айтушылары мен
шығарушылардың есімдері көрсетілмей, не ол жыр қайдан
алынғандығы туралы дерек көзі де берілмей қалған.
Аталған түсініктемелердің тағы бір өзгешелігі- белгілі бір
тұлғатану төңірегінде сілтеме берілгенде, сол есімге қатысты бірнеше
тарихи адамдар туралы мәліметтердің де бірге қосылуы. Екіншісі, сол
тарихи есімдердің пайда болу тарихы да (мәселен, Кеңгірбай есімі
Кеңгір өзеніне қатысты қойылуы), тегі де, қазақтың қай ру өкілі
болып келетініне шейін т.б. ескеріліп отырған. Мәселен, «Ормамбет
1901 жылы өлген. Баласы ақын Нармамбет жоқтаған. Бұл 1919 жылы
155
өлді. Бұлардың елі Тобықты, Балқаш көлін қыстап, Тоқырауын өрлеп
көшіп, Сарыарқаны жайлайды. Ормамбет бейіті Жалаңаштың
басында. Бұ Тоқырауынның бір тарауының басы»- делінген [231, 199
б.
]. Бұл сілтеме Ормамбет есіміне арналған, жоқтауды шығарған
баласы- ақын Нармамбет. Екеуінің де нақты өмірден кеткен кезеңдері
көрсетілген, елі-Тобықты, қыстауы-Балқаш, жайлауы-Сарыарқа,
Ормамбет бейіті-Жалаңаштың басындағы мекен-жайда орналасқан.
Бұлар тарихи-топонимикалық сілтемеге жатады. Демек ғалым А.
Байтұрсынұлы жоқтаудағы тарихи есімнің өмірде шын болғандығын
дәлелдеу үшін- дәлел көзі ретінде беріп, әрі мәтінді, әрі мәтіндегі есім
төңірегіне қатысты тарихи-топонимикалық атауларды да қолданған.
Қорыта келгенде, белгілі орыс ғалымы В.Н.Татищев (1686-1750)
тәрізді [241], фольклортанушы ғалым А. Байтұрсынұлы да фольклор
мен ауыз әдебиеті үлгілерін – халықтың өмірін, тыныс-тіршілігін
және мәдениетін жан-жақты зерттеу үшін құнды мәтін деп
қарастырған. Сондай-ақ фольклорлық нұсқалардың халық тарихын
тану үшін маңыздылығын, олар бойында сақталған документальды
деректердің көптігіне, сол себепті ол халықтық үлгілерді қағаз жүзіне
жиыстырғанда
фонетикалық
дәлділікті,
көшірілген
мәтіннің
нақтылығы, ол өз кезегінде сол мәтін тілін жинаушының жетік
меңгеру қажеттілігімен байланыстылығы т.б.- бәрін ғалым
А. Байтұрсынұлының мәтінді жан-жақты сараптағанын танытады.
Ендеше жинақтың алғысөзі мен ғылыми түсініктемесі бірге берілуі,
оның әрі ғылыми сипатын аңғартса, ал, оның жалпы халыққа арнайы
жарияланым түрінде берілуі, әрі көпшілік сипатын танытары сөзсіз.
Сондай-ақ фольклордың бір жанрына қатысты үлгілерді бір жинаққа
топтастыруы сол тұстағы қазақ фольклортану ғылымының елеулі
жетістігі екені сөзсіз.
«Ер Сайын» кітабының Мәскеуден 1923 жылы жеке кітап болып
шыққаны белгілі [242]. Бұл еңбек те ғалым А. Байтұрсынұлының
қазақ фольклортану тарихына қосқан өзіндік үлесі екені сөзсіз.
Адамзаттың бір орында тұрмайтыны тәрізді, елде заманның саяси,
экономикалық, әлеуметтік хал-ахуалына байланысты баспасөз
қызметінің (газет, журнал, кітап бастыру т.б.) ерекше етек жаюы өз
кезінде жазба әдебиетті тудырады. Ал, жазба әдебиеттің кеңінен қанат
жаюы өз кезегінде ауыз әдебиетіне деген сұранысты төмендететіні,
қолданыс аясын тарылтқаны күмәнсіз. Ал, сол «қаймағы» әлі бұзыла
қоймаған заманда халық ауыз әдебиетін тездетіп қағазға түсіру – бәрі
елін, жерін сүйетін зиялы барлық азаматтардың, оның ішінде
фольклорист-ғалымдардың күн өткен сайын ең басты бір борышы
есепті. Осы «Ер Сайын» жырының жеке кітап баспадан шығуының
156
өзі- фольклортану тарихында үлкен бір құбылыс болды. Бұл кітаптың
белгілі фольклортанушы ғалым Г.Н.Потанинге арналуы- жалпы қазақ
мәдениетін қадірлейтін азаматтардың «Сібірдің ұлы қарты Потанин»
еңбегінің мән-маңызын терең түсінгендігін, әділ жоғары бағасының
берілуі дер едік. Және де осы жанрды баспадан шығару арқылы
ғалым А. Байтұрсынұлының фольклорлық үлгіні – үндеу құралы
есебінде, яғни жер-жерде халықтың тездетіп халық мұраларын
жинауға шақырған үгіт-насихат көзі үлгісінде қолданғанын танытады.
Ғалымның бұл кітапты ғалым Г.Н.Потанинге тарту есебінде
баспадан шығаруының тағы бір себептері бар десек: бірі- ұстаз есепті
мойындауында жатса, екіншісі- бұл нұсқаны ел арасынан жинау,
қағазға түсіру жұмыстарын т.б. Ахметтің ғалым Г.Н.Потаниннің
ұстанған бағыт- бағдарына сүйену негізінде іске асырды деуге
болады.
Кітаптың сыртқы мұқабасындағы мына деректер назар
аударарлық. Бірі: «Жер жүзінің еңбекшілері, бірігіңдер!»- деген
маңдайшаның болуы бар [243, 1
б.
]. Демек Кеңес үкіметі тұсында кез-
келген басылым көретін еңбек осы жоғарыдағы ұранды сөзді
маңдайша етуге тиіс болатын т.с.с.- бәрі кезең ерекшелігін танытады.
Екіншісі: «Жазып алып өңдеген: Байтұрсынұлы»,- деген сілтеме де
бар [243, 1
б.
]. Міне, бұдан біз мәтінді А. Байтұрсынұлы жинаумен
шектелмей, өңдегенін көрдік. Екіншіден, әлемдік фольклортану
ғылымындағы мәтінді түзетпеу, өзгертпеу т.б. керектігін міндеттейтін
ғылыми талаптың бұзылғандығын таныдық. Ендеше фольклорлық
мәтіннің ғылыми талапқа сай басылым көрмеуі, оның ғылыми
мәнділігін төмендететіні анық.
Ал, осы үлгіні белгілі ғалым В.В.Радлов жариялаған нұсқамен
салыстыра қарастырған ғалымдар С.А.Қасқабасов пен А.Т.Әшенова
мынадай тұжырымға келеді: «Ахмет Байтұрсынұлы қазақ
Достарыңызбен бөлісу: |