157
Сайын» жырын өңдеп, редакциялап жариялауда, оның мазмұнына,
поэтикасына, мәдени, әдеби сипат беруге тырысқанын көреміз.
Одан әрі нұсқа басылым
көрген баспахананың аты, мекен-жайы,
қай секцияға қарайтыны, жырдың тақырыптық атының аудармасы
қай халық тұрмысынан жыр шертетіні, шығарманың алғысөзі мен
түсініктемесін
Ахмет Байтұрсынов жазғандығы, сондай-ақ «Қыр
баласы» (Әлихан Бөкейханов- Н.Ж.) атынан белгілі ғалым
Г.Н.Потаниннің өмірбаяны берілгені хақында т.с.с., яғни мәтіннің
басылым көрген паспорттық деректері орыс тілінде келтірілген [243, 2
б.
]. Сонымен қатар кітап 6000 данамен шыққандығы да ескертілген.
Демек бұл жинақ ғылыми-көпшілік сипатындағы жарияланым
қатарына жатары сөзсіз. Себебі жинақ құрастырушылары бұрынғы
басылымдарды пайдаланып, фольклорлық
текстерді өз мақсатына,
көзқарасына сай етіп өңдеген. Одан әрі «Г.Н.Потанинге тарту» -деп
1915-нші жылы жазылған 6 тармақтан тұратын 5 шумақ өлеңі
берілген [243, 3-4
б.
].
Келесі беттен бастап «Ер Сайын» жырының мәтінінің түпнұсқасы
толықтай араб әрпінде берілген. Бет реттілігі кітаптың солынан оң
жағына қарай бағытталған. Кітап құрастырушы тарапынан тыныс
белгілері қойылуымен қатар, жыр өлеңдері арасында да сызықшамен
ажыратылған белгі баршылық. Шамасы осы белгілер арқылы
құрастырушы мәтінді мағыналық жағынан өзара бөліп, ажыратқысы
келген тәрізді. Мәтін,
негізінен, өлеңмен жазылған. Сонымен қатар
кітаптың 17-ші, 33-ші, 49-шы, 65-шы, 81-ші беттерінде, яғни әрбір 16
бет сайын, төменгі оң жақ шетінде «Ер Сайын-2», «Ер Сайын-3», «Ер
Сайын-4», «Ер Сайын-5», «Ер Сайын-6» -деген таңбалар тағы орын
алған. Шамасы, ондағы мақсат кітап көлемін ажырату үшін, яғни 16
бетті 1 баспа табақ деп белгілеу қолданылса керек.
Кітап соңында Қыр баласының, яғни белгілі қоғам қайраткері
Әлихан Бөкейхановтың ескертпесі берілген:
«Өңдеп өткерген «Ер
Сайынның» жыры «Батыр Сайын» деп В.Радлов жазған жырмен бір
екен. Екеуінің айырмасы мына осы «Ер Сайынның» «аяғы» деп
басылған. Өзге жерлер айтушыға қарай өзгеше бола береді. Өзге
жырда жырдағы кісілер ғана өлеңдетіп келеді, өзге әңгіменің бәрі
қара сөзбен айтылады.
«Ер Сайын», «Қарақыпшақ Қобыланды» (Ташкентте басылған),
«Манас» қана өлеңмен келеді.
Тыңдаушы жаратқан соң жыршылардың қара сөзін де өлеңге
аударып жіберген ғой. «Манас» қырғыз тілінде. Мұны да «Күншығыс
баспасы» басады»,- деген ескерту орын алған [243, 85
б.
]. Демек,
мұнда Ә.Бөкейханов тарапынан жырдың өңделгені ескертіледі,
158
сондай-ақ мұндай нұсқа белгілі шығыстанушы ғалым В.В.Радлов
жинағында да бар екендігі, оның аты «Батыр Сайын» деп аталатыны,
екі нұсқаның өзара бірдей екенін ескере отырып, айтушыға қарай әр
жерінде өзгешеліктер бола беретінін айту да фольклордың көп
нұсқалы болатынына т.б. назар аударту белгісі деп қабылдаймыз.
Сонымен қатар шығарушы нұсқалар арасындағы өзгешеліктерге де
тоқталған. Яғни өлеңдетіліп берілген белгілі
бір нұсқадағы кісілер
бейнелері, өзгелерінде қара сөз ретінде келетіні ескертілген. Оның
ішінде өлең түріндегісін тыңдаушы, яғни халық ұнатқаннан кейін
барып, үлгіні насихаттаушы жыршылардың өз тарапынан қара сөзді
өлеңге аударып отыру себебін де түсіндіре кетеді.
Кітаптың соңына қарай Қыр баласының, яғни ғалым Ә.Бөкейханов
жазған белгілі ғалым Г.Н.Потаниннің қысқаша өмірбаяны келтірілген
[243, 86-91
б.
]:
«Г.Н.Потанин Қызылжар оязындағы Сібірдің атты
Достарыңызбен бөлісу: