Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет2/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

Жауапты редакторы: 
ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, 
профессор
С.А.Қасқабасов. 
Пікір жазғандар: 
филология ғылымдарының докторы, профессор Б.С.Рахимов 
филология ғылымдарының докторы, профессор Е.Тұрсынов 
 
Ж 4702250105 
00(05)-03 
ISBN ББК 82.3 (5 Каз) 
© Жүсіпов Н.Қ. 2007 
© С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
 



Кіріспе 
 
Қазақ халық ауыз әдебиеті туралы ғылым толық зерттелді деп 
айтуға әлі негіз жоқ. Оның қалай туып, ғылым ретінде қалыптасқаны 
жайында «Қазақ әдебиетінің тарихы» (Алматы. 1948. 439 б.), «Қазақ 
әдебиетінің тарихы» (1 том. Алматы. 1960. 740 б.), «Қазақ 
фольклористикасы» 
(Алматы. 
1972. 
299 
б.), 
«Қазақ 
фольклористикасының тарихы» (Алматы. 1988. 432 б.) атты ұжымдық 
еңбектер жарыққа шыққаны белгілі.
ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ фольклортану 
ғылымын қазақ әдебиеттану ғылымы тарихының бір саласы «Қазақ 
әдебиетінің тарихы» ішінде қарастырған алғашқы монографиялық 
еңбек «Қазақ әдебиетінің тарихы» деген атпен 1948 жылы басылым 
көрді [1]. Еңбекті жазуға белгілі ғалымдар М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, 
Е.Смаилов, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, Ә.Қоңыратбаев, Б.Шалабаев, 
Ә. Мәметовалар ат салысты. Кітап іштей 9 бөлімге ажыратылып, 
негізінен, 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халық ауыз 
әдебиетінің жағдайы қамтылды. Кітапта қазақ фольклоры туралы 
ғылымның хал-жағдайы, тұрмыс-салт жырлары, ертегілер, батырлар 
жыры, ғашықтық жырлар, айтыс өлеңдері, шешендік сөздер, тарихи 
өлеңдер т.б. тәрізді сол кездегі өз алдына жеке ажыратылған 
фольклорлық жанрлардың өзіндік ерекшеліктері т.с.с. әдебиеттану 
тұрғысынан талданған. 
Еңбектің «Қазақ фольклорын зерттеу тарихынан» атты бөлімшесін 
ғалым Б.Кенжебаев жазды. Мұнда қазақ фольклорын жинау, зерттеу 
ісі ХІХ ғасырдың орта кезінен басталатыны діттеліп, сол кездің саяси, 
әлеуметтік жағдайына қысқаша шолу жасалған. Одан әрі автор 
Ш.Ш.Уәлиханов, 
В.В.Радлов, 
Г.Н.Потанин, 
Ә.Диваев, 
М.Ж.Көпеевтердің 
фольклортанушылық 
еңбектеріне 
қысқаша 
сипаттама береді де, негізінен, ХХ ғасырдың алғашқы жартысымен 
шектеледі.
Фольклортану ғылымының жай-күйі 1960 жылы шыққан «Қазақ 
әдебиетінің тарихы» атты ұжымдық еңбекте [2] де біршама кең 
қарастырылды. Мұнда қазақ фольклоры туралы ғылымның ХХ 
ғасырдың Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңін ғалым Н.С.Смирнова 
жазды [3]. Бұл бөлімде қазақ фольклорының тегі ерте заманда
жатқандығы, 
ауыз 
әдебиеті 
үлгілерінің 
өзі 
Орхон-Енисей 
жазуларынан (V-VII ғ.) байқалатыны, ал хатқа түсуі кейінірек ХІ 
ғасырда басталатыны (М.Қашғари «Диуан лұғат ат- түрік», 
Ж.Баласағұни «Құтадғу білік» т.с.с.) шолу түрінде айтылған. Сондай-
ақ қазақ фольклоры туралы ғылымның ХХ ғасырдың Қазан 



төңкерісіне дейінгі екі түрлі кезеңі бөліп көрсетілген: бірі- ХVІІІ 
ғасырдан ХІХ ғасырдың ортасына дейінгісін; екіншісі- ХІХ ғасырдың 
екінші жартысынан ХХ ғасырдың басына дейінгісін қамтиды.
Кезең ерекшеліктері ретінде ғалым Н.С.Смирнова: қазақ халық 
ауыз әдебиетін зерттеу ісінің әлі ғылымның дербес саласы болып 
бөлінбегенін; бұл кезеңдегі еңбектерде фольклор үлгілері қырғыз-
қайсақ даласы туралы жазылған тарихи деректерді дәлелдеу үшін ғана 
келтірілетінін; ол кездегі фольклор нұсқаларын жазып алушылардың 
көпшілігі ғылымға қатысы жоқ, чиновниктер мен әскери адамдар 
болғанын; бұл адамдардың бірен-сараны болмаса, көпшілігі қазақ 
тілін білмегендіктен де олар халық әдебиетін жинау ісінде ел билеуші 
әкімдерге және тілмаштарға бағынышты болғандығын; орыстың 
түркітанушы мамандары мен қазақ оқымыстыларының күш біріктіре 
отырып зерттегенін т.б. анықтаған. Сондай-ақ ғалым осы кезеңдегі 
көрнекті фольклортанушылар: Ш.Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, 
В.В.Радлов, 
Г.Н.Потанин, 
Ә.Диваевтардың 
өмірі 
мен 
фольклортанушылық қызметін баяндайтын қысқаша шолу түріндегі 
портреттік тараушаларды да енгізген. 
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ фольклортану 
ғылымын М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, 
Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов, Ә.Марғұлан, Н.Смирновалардың дамыта 
түскен 
еңбектері 
1972 
жылы 
жарық 
көрген 
«Қазақ 
фольклористикасы» деген кітапта жинақталып сарапталғаны белгілі 
[4]. Өз кезеңі үшін өте пайдалы болған бұл еңбек оқымыстылардың 
ізденістерін талдап, бағалауда сол тұста үстемдік еткен солақай, 
таптық партиялық идеологияның ықпалынан шыға алмағанын да 
ескерген жөн. Оның үстіне сол тұстағы ғылым деңгейі төмендігінен 
туындаған кемшіліктер де кітапта көрініс берді. Мысалы, фольклорды 
жазба әдебиеті тұрғысынан қарастырған ғалымдардың, сондай-ақ сол 
кездегі фольклорды тек таптық көзқараспен зерттеген адамдардың 
олқылықтары мен қателіктері ашылмай қала берді, бұл мәселелерді 
айналып өту орын алды. Сондықтан «Қазақ фольклористикасы» атты 
1972 жылғы кітап ХХ ғасырдағы фольклортану тарихын, оның зәру 
проблемаларын жан-жақты ашып берді деп айта алмаймыз. Оның 
үстіне 1920-1940 жылдары еңбек етіп, көптеген мақалалар жазған, 
бүгінгі фольклортануға өз үлесін қосқан бірталай адам шет қалды. 
Жекелеген жанрларға арналған мақалаларда да ол кісілердің есімдері 
де, еңбектері де аталмады. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Мәшһүр 
Жүсіп Көпеев, Х. Досмұхаметов, М. Шоқай, М. Жолдыбаев, тағы 
басқа да адамдар өмірде болмағандай, ештеңе жазбағандай болып, 
ғылым тарихынан алынып тасталды. Қазақ халық ауыз әдебиеті 



ғылымының қалай туып, ғылым ретінде қалыптасқанына арналған 
«Қазақ фольклористикасының тарихы» атты ұжымдық үлкен еңбек 
1988 жылы жарыққа шықты. Бұл кітапта қазақ фольклортану ғылымы 
ХVІІІ ғасырдан басталатыны, ХІХ ғасырдың соңында жеке ғылым 
ретінде 
қалыптасып 
орныққаны 
тұжырымдалған 
концепция 
ұсынылды. Ол ғалымдар тарапынан қолдау тапты. Сонымен бірге 
онда ХVІІІ ғасырдан арғы дәуірлердегі фольклортануға негіз болған 
бастаулары туралы да шолу түрінде сөз қозғалған. Демек бұл 
ұжымдық монографияда ежелгі дәуірден бастап ХХ ғасырдағы Қазан 
төңкерісіне дейінгі аралықтағы қазақ фольклоры жөнінде жазылған, 
айтылған пікірлер барынша қамтылып, талданды деуге болады. 
Нақтылап айтар болсақ, еңбектің кіріспесінде зерттеу жұмыстарының 
бағыт пен мақсаттары; халық мұрасының жиналу, жариялау, 
насихатталу, зерттелу тарихының басталу көздері ғасырлар 
қойнауында жататыны; яғни V-VІІІ ғасырлардағы тасқа жазылған 
Орхон-Енисей жәдігерлері, XV ғасырда хатқа түсті делінген «Дәде 
Қорқыт кітабы», Махмұд Қашғаридың «Диуан лұғат ат-түркінде» (ХІ 
ғасыр) т.б. шығармалары соған дәлел екені; сондай-ақ Монғол 
тарихына қатысты фольклор үлгілерін сөз ететін Рашид-ад-диннің 
шежіресінде, Қадырғали Жалаирдің «Жамиғ ат-тауариғында», 
Абылғазы ханның т.б. шежірелерінде де бұл дәстүр сақталғандығы 
т.б. жан-жақты саралануы – бәрі ортағасырлық Қазақстанның 
фольклоры мен әдебиетінде бұл салаға жете көңіл бөлген бай 
дәстүрдің сақталып, дамып отырғандығын діттеу жүзеге асқан [5]. 
Бұл кітапта кіріспеден соң төрт үлкен шолу тарау берілген. Әр 
тарау фольклордың даму кезеңдеріне арналып, тараудың ішінде аса 
көрнекті зерттеушілер туралы жекелеген портреттер келтірілген. 
Мәселен, алғашқы тарауда ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші 
жартысындағы қазақ фольклоры туралы жазбаларға шолу жасалады 
да, Шоқан Уәлиханов еңбегі жеке қарастырылады. Сол сияқты келесі 
тарауда ХІХ ғасырдың екінші жартысында ұлттық фольклорымыз 
жайында кімнің не жазғаны, не жинап, не жариялағаны кең сөз болып, 
Ы. Алтынсарин, Г.Н. Потанин, А. Құнанбаев, В.В. Радлов секілді 
қайраткерлерге жекелеген монографиялық тараушылар арналған. 
Біздің тақырыбымыз бен проблемаларымызға тікелей қатысты 
болғандықтан, аталған ұжымдық еңбекке кеңірек тоқталу қажет деп 
санаймыз. Еңбектің бірінші тарауы XVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың 
бірінші жартысындағы қазақ фольклортану ғылымының алғашқы 
кезеңіне арналған [6]. Саяси-әлеуметтік жағдайға сай осы кезеңнің 
фольклортануы жол-жөнекей қысқа тұжырым-байқаулар түрінде 
көрініс бергені дәлелденген. Атап айтқанда, Қазақстанның Ресей 



құрамына енуіне байланысты өлкенің жер жағдайын, табиғатын, 
тарихын, этнографиясын, мәдениетін т.б. зерттеу қажеттілігі туындап, 
арнайы экспедициялар ұйымдастырылғаны, оның құрамында болған
Е.П. Ковалевский, Н.А. Северцев, В.И. Даль, В.И. Небольсин, В.П. 
Васильев, Н.В. Ханыков, Г.И. Данилевский, М. Поспелов т.б. 
адамдардың алуан түрлі деректер жинап, ой-пікірлер түйгені кең 
сараланған. 
Сондай-ақ қазақ даласына түрлі себептермен жер аударылған
Ф. Достоевский, Т.Шевченко, А.Янушкевич тәрізді қайраткерлердің 
де қазақ тарихына, оның ішінде өзіндік мәдениетіне, фольклорына 
қатысты құнды деректер қалдырғаны сөз болады. Қазақ 
фольклорының жиналып, зерттелуіне 1800 жылы Қазанда ашылған 
Азия халықтарының баспаханасы мен 1808 жылы іске қосылған 
Университет баспаханасының, сондай-ақ 1845 жылдан іске кіріскен 
Орыс географиялық қоғамының игі істері өз алдына зерттеуді қажет 
ететіні де көрсетілген. 
Айтылған тарауда XVІІІ ғасырдағы қазақ фольклорының мән-
жайы белгілі ғалымдар П. Паллас, Н. Рычков, И. Георги, Г.Ю. 
Клапрот, Г.И. Спасский, Г.Мейендорф т.б. еңбектері негізінде 
қарастырылған. Онда, негізінен, өлкенің тарихымен, жер жағдайымен 
қатар, халықтың әдет-ғұрпы, аңыз-әңгімелері, тұрмыс-тіршілігі 
туралы ақпараттық деректер берілгендігі анықталған. 
Әсіресе, қазақтың тегі, тарихына байланысты аңыз-әңгімелерді 
жинастырған А.И.Левшин еңбегі жан-жақты қарастырылған. Яғни сол 
шақта жарияланған саяхатнама, сипаттама, жазбалар түріндегі 
еңбектердің ішіндегі ең көлемдісі де, маңыздысы да А.И.Левшиннің 
«Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының 
сипаттамасы» (Спб., 1832) атты үш томдық зерттеу еңбегі екені 
дәлелденген. 
Тараудың авторы Ш. Ыбыраев бұл дәуірде фольклортану ғылымы 
үлкен профессионалдық жолға түспегенімен, ғылым ретінде 
жекелеген белгілері туып, қалыптаса бастағанын, әсіресе қазақ 
фольклоры туралы, этнографиялық негізде болса да, пікір айту, оның 
халық өмірінен алатын орнын белгілеу, жинау, жазып алу, орыс тіліне 
аудару сияқты жұмыстардың рөлі ерекше болғанын ескертеді [7]. 
Еңбекте одан әрі қазақтың тұңғыш фольклортанушы ғалымы 
Шоқан Уәлихановтың өмірі, өскен ортасы, фольклортанушылық 
еңбектері дәйектелген [8]. Ш.Уәлиханов ел аузынан жинап
жариялаған: Абылай атына қатысты аңыздар; «Қозы Көрпеш-Баян 
сұлу», «Ер Көкше», «Едіге» тәрізді жырлар; Жұмағұл, Жанақ, 
Орынбай, Арыстанбай, Шөже сынды ақын-жыршылар туындылары; 



Бөгенбай, Жанатай, Сырымбет, Жәнібек, Байғозы, Оразымбет, 
Малайсарыға, Баянға т.б. қатысты деректі әңгімелер шоғыры- бәрі 
ғалым Р.Бердібай тарапынан жан-жақты ашылған: «Ш. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет