Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет49/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

көрмей тұрып алдын-ала күтінуге шақырған үгіт-насихат құралы» -
деп ұсынғанын көрсетеді. 
«Жоқтау» жинағында келтірілген 23 жырдың әрқайсысының
ғылыми түсініктемелері бар. Бұл сол кезең үшін үлкен жаңалық еді. 
Жоқтаулардағы тарихи тұлғалардың іс-әрекеті, олардың дәріптелуі- 
бәрі де фольклор бояуымен берілген. Кейіпкерлер мен мазмұны 
бойынша бұл жинақ сонау XVI ғасырда өмір сүрген Едіге бидің 
нәсілі, Ноғайлының батыры- Мамай батыр есімімен бастап, ХХ 
ғасырдың басындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың Торғай 
өңіріндегі басшыларының бірі болған, елі өзін хан сайлаған 
Әбдіғапар Ұзын Қыпшақ есімімен байланысты туған жоқтаумен 
аяқталады. Осыншама дәуір өкілдері туралы жүйелі жинақтың 
шығуы А. Байтұрсынұлының көп ізденгенін, еңбектенгенін т.б. 
танытса, әрі оның осы арқылы қазақ фольклортану тарихына қосқан 
өлшеусіз еңбегін айқындайды. Сонымен қатар жоқтау жырлардың
тарихи қайраткерлердің өмір сүру кезеңдеріне сәйкес хронологиялық 
ретімен берілуі, белгілі бір есімге, мәселен, «Төлебайға» қатысты 
жырларды циклдік әдіс арқылы бір арнаға топталуы т.б.- бәрі ғалым 
А. Байтұрсынұлының фольклорды жинауда да, оны жариялауда да 
т.б. белгілі бір ғылыми жүйелілікке негізделген ерекшелігін 
саралайды. 
Жинақтағы 
жоқтаулардың 
барлығында 
дерлік 
тарихи 
түсініктемелердің бірге берілуі т.б.- бәрі бұл жинақтың жоғары 
ғылыми деңгейін көрсетеді. Түсініктемелерді іштей жіктесек: біразы 
жоқтаудың кімге арналып шығарылғандығына байланысты; біразы 
оны 
орындаушылар 
төңірегінде; 
тіпті 
жоқтаудағы 
тарихи 
қайраткерлер өміріне қатысты фактілер де сөз болады; кейде ол 
жоқтаудың кімнің жазбасынан алынғандығына да (мәселен, 
В.В.Радловтан) 
назар 
аударылған. 
Мұның 
бәрі 
әлемдік 


153 
фольклористикада 
халық 
шығармаларын 
жинаушылар, 
жариялаушылар үшін, мәтіннің қағазға жазылу паспорты есепті 
болады-дағы, яғни бұл А. Байтұрсынұлының фольклортанушылар 
алдында қойылатын бірден-бір басты талабын орындағанын 
көрсетеді. Мәселен, «Мамай батырға» байланысты жоқтауда, оны 
Мамайдың шешесі –Қараүлектің жоқтап айтқаны деуінен-ақ, мәтінді 
шығарған адамның атын, әрі оның жоқтау кейіпкеріне қандай қатысы
бар екені білінеді. Ал: «Мамай-Едіге бидің нәсілінен, он алтыншы 
ғасырда өмір сүрген ноғайлының батыры»,- деген ғалым сілтемесінен
[238, 150
б.
] біз бұл жырдың XVI ғасырда тууы мүмкіндігін ескереміз. 
Жалпы мұндай тарихи түсініктемелер «Қаз дауысты Қазыбек» 
жоқтауында да кездеседі, онда жырды айтушы болып қызы Қамқа 
алынады да, жоқтау кейіпкерінің өміріне қатысты құнды тарихи 
мағлұматтармен толықтырылған: «Қаз дауысты Қазыбек 97 жасында 
өлген. Қазыбек өткен жылы Шаншар Қанай би туған. Қанай 72 
жасында тоқал алған, тоқал 8 жылда үш бала тапқан. Осы үш 
ұлдың кенжесі Қожабай осы күні (1925 ж.) ақсақал болған Ақайұлы 
Қасеннің шешесі Багзе бәйбішемен құрдас екен. Бұ бәйбіше биыл, 
1925-ші жылы 87-де болады екен. Қазыбек туғалы (97+80+87) 264 
жыл өткен. Қазыбектің туған жылы(1925-267) 1661 жыл болады. 
Қазыбектің өлген жылы (1661-97) 1758-інші жыл болады. 
Қарқаралының тауын айнала отырған Қарашор Түркістаннан 
ауып келе жатқанда, Бетпақтың даласында қарада Киік би туыпты. 
Ана жоғарғы Қазыбектің есебінше адам жасын салыстырып 
қарасақ, Қарашор 1748-інші жылы Арқаға келген болады. 
Сонда Шор туғанда, «биі ауған елге хан қоям» деп, Бөкейді әкесі 
Барақтан сұрап әкелген екен. Бөкей сонда 14 жастағы бала екен. 
1819-ші жылы 85 жасында Бөкей хан өлген. Қазыбектің елі Шаншар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет