Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет63/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

түкті шашты Әзиз. Профессор Мелиоранский «Едіге мен 
Тоқтамыс» деген кітабында Бабай түкті шашты Әзизді- Қожа 
Ахмет Яссауи еді деген дәлелдер келтіреді (С.Петербург. 1905 
жыл»),- делінген [257, 592
б.
] пікірді, сол 1905 жылы С.-Петербург 
қаласынан шыққан профессор П.М.Мелиоранскийдің «Едіге мен 
Тоқтамыс» кітабынан іздестіргенде [259], мына жәйіттерді байқадық. 
Біріншіден, Қожа Ахмет Яссауидің ұрпағы Едіге деген нақты кесіп 
айтылған дерек келтірілмеген; екіншіден, профессор П.М. 
Мелиоранскийде ел ішінде Едігеге қатысты тарихи аңыздардың
барлығына, соның бірінде жоғарыдағыдай жорамалдың орын 
алғанына ғана назар аударған.: «... В одной из крымских версий
записанной В.В. Радловым в Кара су базары («Образцы» VII, 
162-163), Нурадын тоже называет своим предком Чашлы туклу 
Коджа Амета (т.е. Хожа Ахмед). Действительно ли Едигей 
происходил из его рода или по крайней мере претендовал на такое 
происхождение, или позднейшая легенда связала имена Едигея и 
Ходжи Ахмеда,- этого мы пока не знаем»,- делінген [257, 10
б.
]. 


191 
Демек ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кеңес үкіметі 
тұсында белгілі бір фольклорлық жинақтарды баспа арқылы жүйелі 
түрде жарыққа шығарғанда, міндетті түрде нұсқаның қағазға түсу 
ерекшелігіне қатысты паспорттық деректерді қамтитын түрлі ақпарат 
көздерін де бірге беру дәстүрі қолданыла бастауы- бәрі де сол тұстағы 
қазақ фольклортану ғылымындағы осы іспеттес жетістіктердің туа 
бастағанын дәлелдейді. Дегенмен нұсқаның тарихи шындыққа 
қатысы туралы кейбір тарихи мәліметтердің нақты қайдан алынғаны 
көрсетілмеуі сол тұстағы ғылымдағы әлі де дәлдіктен гөрі үстірттік, 
асығыстық басым екендігін айқындаумен бірге, белгілі бір пікірлердің 
дәлелді болуы үшін келтірілген дерек көздерінің өзінде де кеткен
кемшіліктердің, не өзгерту, не бұрмалау т.с.с. түрінде кездесетінін 
танытады. 
Сонымен қатар зерттеуші С.Мұқановта «Едіге туралы» жырдың 
ең алғаш Қанжығалы руынан шыққан Жұмағұл ақыннан 1841 жылы 
жазып алған Шоқан Уәлиханов деген дерек бар екенін айта келе,
деректе жаңылыс бар екенін, Шоқан 1837 жылы туды дей отырып, 
демек 1841 жылы Шоқан 4 жаста, ол жаста Шоқанның жазып алуы 
мүмкін еместігін де қоса көрсеткен [260]. 
Осы орайда С.Мұқанов ұйғарымын белгілі түркітанушы 
П.М.Мелиоранский пікірімен салыстырайық: «...в первый раз 
Ч.Валиханов услышал эту былину («Едіге мен Тоқтамыс» жыры- 
Н.Ж.), или, как он его называет, рапсодию в Амак-Карагайском 
округе в кочевьях небольшого аула Керлеум - Кыпчаков от акына 
Джумагула в 1841 г.; первый список был сделан султаном Чингизом 
Валихановым со слов ... кыпчака Джумагула, второй сделан им же с 
добавлениями из изустных преданий разных лиц, третий список был 
сделан со слов Арслан бая и, наконец, из этих трех списков Чокан 
вместе с Чингизом составили в 1842 г. свод...» [259, 1-2
б.
]. 
Міне, бұдан байқағанымыз: біріншіден, Жұмағұл ақын
Қанжығалы руынан емес, Қыпшақ екендігі; екіншіден, нұсқаны 
Шоқан Уәлиханов 1841 жылы жазып алған жоқ, керісінше, алғаш 
тыңдағандығы; үшіншіден, мәтінді алғаш қағаз бетіне түсіруші 
Шоқанның әкесі Шыңғыс Уәлиханов екендігі; төртіншіден, тек 1842 
жылы қағазға түскен үш нұсқа негізінде ғана барып толыққанды үлгі 
Шоқан мен әкесі Шыңғыс арқасында ғана құрастырылғаны баяндалса; 
бесіншіден, ол кезде Шоқан 4 жаста емес, керісінше, туған жылы 
1835 екендігін ескерсек [261] 7 жаста болғандығын танытады. Демек
мұндай сілтемелер көрсеткішінде сәйкессіздіктің болуы ғылымда 
елеулі кемшіліктердің бірі болса, сонымен қатар Кеңес үкіметі 


192 
тұсында басылым көрген басқа да жинақтардың ғылыми негізінде 
жарық көрмегенін байқата алады. 
Одан әрі С.Мұқанов бұл жыр үлгісі қайтадан 1925 жылы 
Мәскеудегі «Күншығыс» баспасынан белгілі ғалым Қаныш Сәтбаев 
құрастыруымен қайта басылғанын сөз етеді [257, 593
б.
]. Тек баспа 
аты «Кіндік» орнына [262] «Күншығыс» деп қате басылған болуы 
керек. Сондай-ақ «Едіге батырдың» тағы бір қазақша нұсқасын 1925 
жылы Ташкентте Ә.Диваев бастырғаны да айтылады. Сонымен қатар
түркі тілдес елдердің көбінде «Едіге батыр» туралы ертегілер де, 
жырлар да бар дей отырып, С.Мұқанов олардың ішінде ең толығы да,
ең көркемі де «ескі» дәуірден сақталып келе жатқан, «ескі» ауылдың
әдет-ғұрпы көп сақталғаны да т.с.с. ол- Шоқан Уәлихановтың жазып 
қалдырған нұсқасы екендігін айтады. Және де осы нұсқа жинаққа 
кіргізілгені ескертіледі.
Ал, «Қобыланды батыр» жыры турасында С.Мұқанов [260, 594-
596
б.
]: Орынбор архив кеңесінің мәліметі бойынша Елек қорғанынан 
Ойылға жүретін жолдың үстінде «Қобыланды» бекеті бар екендігін;
тағы бір мәлімет бойынша Ақтөбе ауданы Қарақобда өзенінің 
бойында, Електен 40 шақырымдай жерде Қобыланды батырдың
моласы бар екендігі турасында т.б. айтылған жорамалдарды келтіре 
отырып, батырдың қай заманда жасаған тұлға екендігін нақты 
дәлелдейтін мәліметтердің жоқтығына, тек үш түрлі пікірдің 
барлығына назар аудартады: « 1) «Едіге батыр» жырында өкпелеген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет