179
Айналайын ағалар,
Өткен екен дүниеден.
Мың бір екі сабалар,
Ажал жетіп күн бітсе,
Бұл дүниеден кім қалар?!
Мендей жетім балалар...,- делінсе,
2-нұсқада былай берілген:
«Бозінген деген бір жақсы түйесі
болған екен. Бозінген өмірінде боталамаған екен. Бір күні Бағланбай
аулының адамдарына:
-Менің жақсы көретін Бозінген боталамайды. Бұған не ақыл
бересіңдер?- депті.
-Бұған жиналған жұрттың бірде-біреуі ақыл бере алмапты
Сонда босағада тұрған бір жетім бала былай депті:
-Айналайын, ағалар,
Мендей жетім балалар, ...».
Міне, алғашқыдағы біраз жеке сөз тіркестері,
тіпті толықтай
сөйлем мен бір шумақ өлең үлгісі де 2- нұсқада түсіп қалған. Демек
кейіпкерлері өзгермесе де, олардың іс-әрекеті, сөзі ерекшеліктері,
шығарма тілі мен стилінде айырмашылықтар кездесетіні
анықталады. Және де бұл үлгілердің екі жинақ түсініктемелерінде де
жазылынып алынуға қатысты паспорттық деректері келтірілмеген.
Тек «Қазақтың халық творчествосы»
атты кітаптың ішінде
Ә.Диваевтың ел аузынан жинаған қазақ халқы ауыз әдебиетінің
қазақ, орыс тілдерінде басылып шыққан материалдарының
көрсеткіші» атты бөлімшеде: «Бозінген (Белая верблюдица)- папка
136, 1-12 б.»,- деген дерегі бар [254, 384
б.
].
Зерделесек, бастапқы нұсқадағы бұл мәтін әрі толықтығымен, әрі
сол замандағы халықтың сөйлеу тілі ерекшелігін бұзбай,
оны сол
қалпында сақтай білуімен де т.с.с. өзгешеленеді. Тіпті, бірінші
нұсқада сақталған «бай» деген тәрізді сөздің екіншіде болмауы,
шамамен, Кеңес үкіметі тұсында шыққан бұл 2 жинақтың да, 1924-ші
жылдардаға қарағанда 1989- шы жылдары шыққан жинаққа «тап
тартысы» деген идеологиялық күрес салқынан айыға алмау көбірек
әсер етті ме деген ойға жетелейді.
Келесі «Үш ауыз сөз» ертегісі екі жинақта да сөзбе-сөз сай келеді.
Тек алғашқының паспорттық деректері берілмесе де, кейінгінің
паспорттық дерегі сақталған: «Жинақтан
орын алып отырған осы
нұсқа Қазақ ССР Ғылым академиясының Орталық ғылыми
кітапханасының
қолжазба
қорында
сақтаулы
(Ә.Диваев
материалдары, 109-папка, 1-4 беттер). Бұл ертегі алғаш рет «Сборник
материалов для статистики Сыр-Дарьинской области» деген жинақта
180
(1892, вып. 3) жарияланған. Ә.Диваевтың бұл нұсқасының екі рет,
яғни Жүніс Тайшықов пен Мұса Базановтан жазып алғандығы айқын
көрінеді»,- делінген [254, 396
б.
]. Демек 1924 жылғы «Тарту» жинағын
құрастырған
М.Жұмабаевтың
мәтіндерді
түрлі
өзгерістерге,
редакциялануларға ұшыратпай, сөзбе-сөз
беруді мақсат еткендігін
дәйектейді. Яғни фольклорды әрі жинауда, әрі жариялауда болсын
әлемдік фольклортану ғылымының басты талаптарының бірі -
өзгертпей, сөзбе-сөз беру талабын М.Жұмабаевтың орындағанын
танытады.
Екінші жинақтағы жұмбақтарға
келетін болсақ, бастапқы нұсқада
45 жұмбақ реттік сандармен орналасқан [253, 205-215
б.
]. Оның 16
үлгісі ғана: «Қазақтың халық творчествосы» жинағына енген [254,
289-291
б.
], ал қалған 29-ы сырт қалған. Оның ішінде: ұрлық;
жұмыртқа; шегіртке; балық; керегенің аяғы; телеграф; жұлын; жыл,
ай, күн; сия, қалам, дәуіт; тай-тұяқ безбен; есепшот; шоқпарбас біз;
құрбақа; кірпікшешен; көл; қайық т.с.с.
тәрізді табиғат құбылыстары
мен қоршаған ортадағы тұрмыс заттары, жан-жануарлар дүниесін
жұмбақтаған жұмбақтар бар.
Ал, екі жинақтағы жарияланған біраз жұмбақтар өзара сөзбе-сөз
сай келсе де, біразында ауытқу кездеседі, мәселен, «балыққа» қатысты
берілген жұмбақта [253, 290
б
.
]:
«Алладан бұйырғы бар, // Басы бар
Достарыңызбен бөлісу: