құлағы жоқ»,- деген алғашқы нұсқадағы жұмбақ жолдары кейінгіде
басылмай, оның орнына көп нүкте ғана қойылған [254, 206
б.
]. Демек
1989 жылғы нұсқаның өзінде «Аллаға» қатысты жұмбақ жолдарының
алынып тасталуы, Кеңес үкіметі тұсында 1924 жылғы нұсқаға
қарағанда, 1989 жылғы нұсқаны құрастырушылар тарапынан
редакциялау болғандығын көрсетеді. Яғни бұған сол тұстағы қоғамда
дінге қарсы күрестің фольклорды жариялауда да түрлі өзгерістер,
өзгертулер, редакциялануларға т.б. әкеп соққан олқылықтардың
тууына әсерін тигізгені анық.
Қорыта айтқанда, осы күнде тәуелсіздік алғаннан кейінгі заманда,
бұрын, яғни Кеңес үкіметі тұсында жарияланым көрген түрлі
фольклорлық жинақтарға текстологиялық зерттеу жасау негізінде,
оларды қайтадан жарыққа шығару мәселесі- қазақ фольклортану
ғылымы алдында тұрған кезек күттірмейтін іс-шаралардың бірі
болып қала бермек демекпіз. Ә.Диваевқа қатысты шыққан жинақтың
бірінде- мақал-мәтелдің 140 шақтысы ғана [254, 280-295
б.
];
екіншісінде- толықтыру негізінде 170-тей үлгісі ғана [255, 146-156
б.
]
басылым көрсе де, ал 1924 жылғы «Тарту» жинағында мақал-мәтелдің
210-дай нұсқасы [253, 197-205
б.
] жинақталып берілуін т.с.с. ескеріп,
алда белгілі фольклортанушы ғалым Ә.Диваевтың әлі де толыққанды
181
академиялық жинағын құрастырып шығару қазақ фольклортану
ғылымы алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі болмақ.
Жалпы, ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы ғылыми-көпшілік
сипаттағы басылымдар жұртшылыққа танымдық, информациялық,
тәрбиелік, эстетикалық мақсатта қолданылды. Бұл кезеңдегі
жарияланымдар алғашында тек көпшілікке арналып, тек фольклор
мәтінін берумен ғана шектелді. Кейінгі басылған жинақтар ғылыми
сипат таныта бастады. Мәтіндер белгілі бір жанр бойынша топталып
берілді. Берілген үлгілер тақырыптық жағынан жүйеленіп, жіктелді.
Сондай-ақ басылымдардың алғысөзі, түсініктемесі бірге берілді.
Алғысөздерде фольклорды жинаушы, жариялаушы, зерттеуші
қызметтердің бағыт-бағдарын айқындаған ой-пікірлер, өмірбаяндық
деректер т.б. орын алды. Ал, түсініктемелерде мәтін паспортын
құрайтын деректер орналасты.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында жарық көрген жинақтардың
көбі Қазан төңкерісіне дейінгі тәжірибеге сүйенді. Олар белгілі
дәрежеде қазақ фольклорын насихаттау, дәріптеу рөлін атқарды. Бұл
басылымдар көптеген адамдардың фольклорды бағалауға, оны
жинауға деген құлшынысын, ынта-жігерін арттырды. Кеңестік
дәстүрде қазақ фольклорының бағдарламасы мен хрестоматиясын
жасау, түрлі ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру үшін де т.б.
фольклорлық үлгілерді құрастырып, жариялау жұмыстары жүргізілді.
Әсіресе оқулықтар, хрестоматиялар мен бағдарламаларды т.б.
жариялауда
белгілі
ғалымдар:
Ә.Диваев,
А.Байтұрсынов,
Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов т.б. еңбектерін
ерекше атап өту керек. Бұлардың негізгі мақсаты: төл әдебиетке
көпшіліктің назарын аудару мен фольклорды маманданған түрде
зерттеу болатын.
Соғысқа дейінгі дәуірде (1921-1941 ж.) қазақ жерінде ондаған
фольклорлық жинақтар шыққаны белгілі. Бұл басылымдар қазақ
фольклорының жанрлық құрамының әралуан екендігін, оның өзіндік
ерекшелігін т.б. танытты. 1920-30 жылдардағы жарияланған мұра
Кеңестік фольклортану ғылымы мүддесіне сай жүргізілгені де мәлім.
1920-30 жж. алғашқы академиялық жинақтар да бірінен соң бірі
дүниеге келіп, түрлі ғылыми еңбектер шоғыры баспадан шыға
бастады. Осының арқасында қазақ фольклорының жеке жанрларын
зерттеудің негізі қаланды. Сондай-ақ фольклор мен әдебиет
арасындағы байланысқа да мақсатты көңіл бөліне бастады.
Дегенмен бұл жинақтардың ғылым үшін маңыздылығымен қатар
белгілі бір кемшіліктері де болды. Бұл жинақтарды құрастырушылар,
көбінесе фольклорлық мәтіндерді іздестіру мен қағазға түсірудің,
182
жариялаудың таза ғылыми талаптарын орындай бермеді. Сонымен
қатар фольклорлық мәтіндердің түпнұсқадан өзгеше болып, ұқсамауы
өз алдына, керек десең, тіпті «бұқара көпшілік» мүддесіне орай
«редакциялануларға» да ұшырап отырды. Басылымдағы үлгілер
ешбір вариантсыз берілуі бұл жинақтарға сенімсіздік тудырып, әрі
оның ғылыми бағалығын төмендеткені күмәнсыз.
Мұндай көрініс, көбінесе 1920-шы жылдарға тән ерекшелік еді.
Жекелеген зерттеушілер талпынысы, аздаған фольклорға қатысты
ғылыми басылымдар жалпы қазақ фольклортану ғылымында
қалыптасқан жағдайды өзгерте алмады. Кейінгі 1920-шы жылдардағы
басылымдарда да осы жағдай сол қалпында қала берді. Дегенмен, осы
1930-шы жылдарда халық шығармаларын ғылыми жариялау негізі
қалыптаса бастағанын да айту керек.
Бұл басылған жинақтардың біразының тілдік-диалектологиялық
мақсатта, біразы фольклорды халықтың өзіндік ерекшелігін, салт-
дәстүрін, сана-сезімін т.б. таныту мақсатында қолданылғаны
байқалады. Ал, қалғандары, ең бастысы қазақ фольклорының
жанрлық ерекшелігін ажырату ісіне негіз қалады. Бір жинақтар
құрастырушылардың ғылым салаларын терең меңгерген білімпаздық
қасиеттері арқасында фольклорлық үлгілерге терең талдау жасауымен
ерекшеленсе, енді бірде қызық түсініктермен, шынайы ғылыми
мәтіндермен қатар көптеген ғылыми аппараттар т.б. орын алуы- бәрі
бірден көпшіліктің назарын өзіне аудара білді. Кейбір жинақтар іші
фольклордың сан жағынан көптігімен де және олардың көп
нұсқалылығымен де, сапалы сұрыпталуымен де т.б. ерекшеленеді.
Сонымен қатар жинақтардың кіріспесінде фольклордың жиналу
тарихы мен қазіргі жағдайы, өзіндік ерекшелігі, әлеуметтік табиғаты,
фольклор мен әдебиеттің өзара байланыстылығы, жинақтың
мазмұндық тақырыпшалары т.б. сөз болуы көңіл бөлерлік.
Фольклорлық материалдар жинақ ішінде жанрлық жағынан
топтастырылып
орналастырылып,
соңынан
ескертулері
мен
түсініктемелері бірге беріліп отырылды. Сонымен бірге егер бұл
фольклорлық мәтіндердің сұрыпталу мен жариялану әдіс-тәсіліне
келетін болсақ: белгілі бір үлгінің пайда болу мәселесі;
шығармалардың идеялық-тақырыптық өзара байланыстылығы;
халықтық үлгілердің дамуы мен таралу ерекшеліктері; әр әлеуметтік
топтарда олардың өзгеру мүмкіндіктері т.б.- бәрі жинаққа кірген
мәтіндердің
негізінен
толықтай
паспорты
толтырылуымен,
орындаушылардың аты-жөні көрсетілуімен, мәтіннің қағазға түскен
күні, уақыты, жері т.б. тіркелуімен құнды болды.
183
Мұндағы фольклорлық материалдардың біразы энтузиаст
адамдардың көмегі арқылы, бірқыдыруы Қазан төңкерісіне дейін
жиналғаны да белгілі. Берілген ескертулер мен түсініктемелерге
қарап, құрастырушылар тарапынан қаншалықты текстологиялық
жұмыстар атқарылғанын анықтауға да болады. Демек мәтінді жан-
жақты тексеру, ондағы сөйлем, сөйлемше, тіпті сөздер тізбегіне т.б.
көңіл бөлінуі- бәрі жинақ құндылығын арттыра түсті.
Сонымен
бірге
фольклордағы
тілдік
ерекшеліктерді
қарастырғанда, олардың өзара ұқсастығы мен айырмашылықтары
ғалымдарды қызықтырғанын, жалпы халықтық шығармаларға
көпсөзділік т.б. тән емес екенін ескеру де орын алғаны көңіл бөлерлік.
Жинақты құрастырушылар халықтық аңыздарға да назар аударған.
Осы орайда кейбір жинақтардың тақырыптық атаулары жанрлық
жіктеулердің ғылыми талаптарына сай келмей жататынын да атап өту
керек. Кейбіреуінде мәтіндер варианттарымен бірге басылса,
қалғандарында ол жоқ болуы да ұшырасты. Ал, келесі бір жинақтарда
кіріспесі де, ескертулері де, есім көрсеткіштері де, түсініктемелері де,
тіпті сөздігі де бірге берілді. Сондай-ақ ғылыми түсініктемелері де
қамтылды. Кіріспеде кейде елдің өткен тарихы, халықтың сөйлеу
ерекшелігі, мәтіннің айтылу өзгешелігі, сондай-ақ мәтіннің зерттелу
тарихына шолу жасауы т.б. тәрізді мәселелер сөз болды.
Ал, басқа бір кіріспелерде қазақ фольклортану ғылымының кейбір
мәселелерімен бірге, фольклордың көркемдік-эстетикалық, әрі
ғылыми бағалылығы т.б.- бәрі фольклор мен әдебиеттің,
тарихтың,этнографияның т.б. өзара тығыз байланысты екендігі
тұрғысында сараланды.
Құрастырушылардың жинақтың тақырыптарына да, құрылысына
да т.б. назар аудара бастағанын да ескерген жөн. Жинақтардың
біразы сол қалпында берілсе, біразы толықтырылып, жаңартылып
отырды. Кейбір жинақтардың түсніктемелері салыстырылмалы-
тарихи әдіс негізінде жазылды да, мұнда көптеген құнды дерек
көздері: фольклорлық ескерткіштер, тарихи деректер мен дерек
көздері, этнографиялық мәліметтер т.б. кірістірілуі де – осы саладағы
зерделі ізденіс жемісі. Құрастырушылар тарапынан фольклордың
нұсқалары өз алдына бөлініп жеке берілмесе де, жинақтың теориялық
бөлімі, яғни түсініктемесінде олар жайлы сөз болуы да назар
аударарлық.
Мәтіндерге
түсініктемелер
берілгенде,
құрастырушылар
тарапынан оның жиналу тарихын да, кейбір үлгілердің жариялану
тарихын қарастыруына да көңіл бөлінді. Сонымен қатар оларды Қазан
төңкерісіне дейінгі шыққан нұсқалармен де салыстырып отыру да
184
жүзеге асты. Кейбір жинақтар белгілі бір жанр талабы тұрғысынан
жарияланса, кейде толыққанды ғылыми басылым ретінде тақырыптық
әралуандылығымен көзге түсті. Кейбір нұсқалар бойынан әлеуметтік
теңсіздікке, патшаның отарлық саясатына деген наразылығы да;
халықты езуші жергілікті «үстем тап» өкілдерін сынау; халық үшін
туған ерлерді мадақтау; сондай-ақ халықтың еңбекке, ерлікке,
қонақжайлыққа т.б. қатынасын да бірге беруге тырысу да кезең
ерекшелігіне сай бұл саланың жеткен биігі мен бағытын межелеуге
дерек береді.
Фольклорлық ескерткіштердің ғылыми басылымдарымен қатар,
қазақ
фольклорына
қатысты
оқу
құралдарының
да,
хрестоматиялардың да т.б. басылым көргені белгілі. Фольклордың
жоғары көркемдік құндылығы, әрі оның бойындағы этикалық-
эстетикалық қырларының мән-маңыздылығы т.б. педагог-ғалымдарды
бейжай қалдырмаған. Хрестоматияларды құрастырушылар тек қазақ
әдебиетін, тілін, тарихын ғана т.б. оқытуды ойластырмаған, сондай-ақ
ұлттық фольклорды да дәріптеуді мақсат тұтқан.
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, бұл жинақтарда кемшіліктер де
баршылық: біріншіден- фольклордың тарихы мен теориясына
келгенде, ескірген көзқарастардың орын алғаны байқалады,
екіншіден- зерттеушілік қызметке қажетті нағыз методологиялық
негіздің болмауы орын алды. Кейінгі хрестоматияларда басты назар
фольклордың, әсіресе әлеуметтік мән-маңызына, мақсаты, тіпті
таптық мүддесіне т.б. аударылды. Мұнда және кітаптың құрылысы
мен фольклордың жанрлық жіктелуінде біраз кемшіліктер болды.
Негізінен, бұл Кеңес кезіндегі фольклорға қатысты оқулықтар,
хрестоматиялар мен оқу құралдары т.б. маркстік-лениндік
методология негізінде жазылғанын ескереміз.
Отызыншы-қырқыншы жылдарда көпшілікке арналған халық ауыз
әдебиеті шығармаларының біраз жинақтары басылып шықты.
Мәселен,
«Қазақтың
мақал-мәтелдері»
(құрастырушы
Ө.Тұрманжанов. Алматы. 1935), «Мысалдар» (құрастырушы
Ө.Тұрманжанов. Алматы. 1936), «Алдар көсе» (Алматы. 1936),
«Сексен өтірік» (құрастырушы Ө.Тұрманжанов. Алматы. 1957),
«Қазақ ертегілері» (Алматы. 1939.), «Жұмбақтар» (құрастырушы
С.Аманжолов. Алматы. 1940), «Базар батыр» (дайындаған
Б.Тұрсынбаев. Алматы.1942), «Қазақстан халық ақындарының
айтысы» (ред. Ғ.Мүсірепов, Е.Ысмайылов . Алматы. 1944), «Ақындар
айтысы» (Алматы. 1944) т.б.
Сөйтіп,
халық
ауыз
әдебиетінің
қолжазба
қорындағы
материалдардың көлемі көбейді. Халық әдебиетінің белгілі бір
185
жанрынан жинақ дайындау үшін мол материалдан тәуір дегендерін
сұрыптап алуға толық мүмкіндік туды. Сондықтан да 1930 жылдардан
бастап көпшілікке арналған қазақ фольклоры жинақтарының сапасы
тәуірлене түсті. Егер де жинақ қазақ ертегілеріне арналған болса,
онда ол жинаққа хайуанат жайындағы, қиял-ғажайып, тұрмыс-салт
ертегілердің түрлерінен іріктеліп алынды.
Қазақ
фольклоры
1930-1940-шы
жылдары
мектеп
бағдарламаларына кіре бастады. Ол кездегі қазақ фольклорын
оқытқанда, оны не тарихи, не жанрлық т.б. ерекшеліктері тұрғысынан
емес, тақырыптық талабы бойынша қарастырылды. Демек, 1930-40
жылдардағы қазақ фольклортану ғылымында атқарылған жұмыстар:
бірі- қазақ фольклорының материалдарын ғылыми түрде жариялау
болса, екіншісі- қазақ фольклоры туралы түрлі оқулықтар, оқу
құралдарын, хрестоматияларын т.б. жариялау болатын. Сол арқылы
Кеңестік қазақ фольклористикасы алдында тұрған зерттеу нысанасын
терең де, жан-жақты мәнін түсінуге дайындық жүрді, сонымен қатар
фольклортанушылық білімнің жан-жақты таралуына жол ашты, жас
зерттеушілерді тәрбиелеп, ғылым жолына әкелуге жағдай туды.
1920-шы жылдардың соңына қарай, 1928 жылы «буржуазиялық
ұлтшылдыр» деген айыппен қазақтың бір топ оқыған азаматтары
тұтқынға алынғаны, кейін де 1937-ші жылдары бұл мәселе қайта
көтеріліп, енді «халық жауы» деген желеумен қазақтың белгілі ақын-
жазушылары, қоғам қайраткерлері: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,
М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ә.Бөкейханов, Б.Майлин, С.Сейфуллин,
І.Жансүгіровтердің
т.с.с.
түрмеге
жабылып,
атылуы—бәрі
тарихымыздан белгілі.
Сондай-ақ олардың жарық көрген кітаптарын, мақалаларын, олар
құрастырған ауыз-әдебиеті үлгілеріне тыйым салу- бәрі де ХХ
ғасырдың бірінші жартысында қазақ фольклорын зерттеу, жиыстыру,
жариялау- жұмыстарына кері әсерін тигізгені мәлім. Міне, мұндай іс-
шаралар жоғарыдан да, төменнен де қадағаланып, арнайы рұқсат беру
арқылы ғана түрлі фольклорлық жинақтар т.б. Кеңес үкіметі
заманында басылым көргені анық. Мәселен, 1937 жылы «Батырлар
жырының» жинағы [256] латын тілінде белгілі ақын, қайраткер Сәкен
Сейфуллин құрастыруымен дайындалды. Қазіргі таңда Ғылым
академиясының Орталық қолжазба қорында сақтауда жатқан бұл
жинақтың не кіріспе сөзі, яғни 1-5 дейінгі беттері, не жинақ мазмұны
(соңғы беті), не түсініктемелері т.б. сақталмаған. Жинақ іші тек
мәтіндер топтамасынан ғана тұрады. Мәтіндер шоғыры алдымен 5-ші
беттен, яғни «Ер Едіге» жырынан басталып, жинақ соңы «Қозы
Көрпеш-Баян сұлу» жырының аяқталуымен, яғни 321 бетпен біткен.
186
Мұндағы «Ер Едіге» жыры кіші орта беттерге түсіріліп, қара
сөзбен басталады да, кейіннен жырға ұласқан үлгісі берілген [256,5-39
б.
]. Жинақ беттерінің оң жақ маңдайшасына: «Батырлар жырының
жинағы» деген тақырыпша бет көрсеткішімен қатар берілсе, кітаптың
беттерінің сол жақ маңдайшасына «Садуақас Сейфолла ұлы Сәкен»
деген жинақ құрастырушының толық есімі берілген жазу сақталып
қалған. Жинақтың қай қалада, қай баспадан шығарылғанына қатысты
т.б. деректер көздері көрсетілмеген. Әр бетке мәтіннің 41 жыр
жолдары еніп отырған. Жинақтың 40-шы бет пен 74-ші бет
аралығында «Нәрік ұлы Шора» қара сөз бен өлең түрінде аралас
беріліп, құрастырушы тарапынан бірінші нұсқа ретінде көрсетілсе
[256, 40-74
б.
], ал 75-ші беттен 180-ші бетке дейін «Шора батыр»
жырының екінші нұсқасы деген дерек те орын алған. [256, 180
б.
].
Келесі ретте «Сайын батыр» [256, 181-267
б.
], ізінше «Қамбар батыр»
жыры [256, 268-316
б.
] беріліп, жинақ соңы «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»
жырымен біткен [256, 317-321
б.
].
Демек сөз болып отырған жинақ дербес келген 6 жырдың мәтін
үлгісінен құралған. Бұл үлгілердің қайдан, кімнен т.б. алынғанына
қатысты паспорттық дерек көздерінің болмауы т.б.- бәрі де
мәтіндердің қай уақытта, қай жерде, кімдерден және де қандай жинау
тәсілдері арқылы қағаз бетіне түскендігін айқындауға мүмкіндік
бермейді. Ал, мұндай жинақтарда ол олқылықтардың туу себебі
жоғарыда айтып кеткендей, кезең ерекшелігімен, билік басындағылар
қысымынан туғаны, яғни «халық жаулары» деген айдар
тағылғандардың еңбектерін қаралау, жазғандарын т.с.с. жоқ ету,
тарихтан олардың ізін өшіру т.б. мақсатынан туғаны анық. Дегенмен
жинақтағы «Шора батыр» жыры тұсында құрастырушы С.Сейфуллин
тарапынан: «Қобыландыға ұқсас. 1894 жылы 12 декабрь»,- деген
ескерту-сілтемелері берілген [256,75
б.
]. Ал, «Сайын батыр» жыры
тұсында: «Қыр баласы. 15.05.23 жыл»- делінген дерек көзі бар» [256,
181
б.
]. Бұл дерек көзінен, біріншіден, мәтін иесі Қыр баласы, яғни
белгілі қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов екендігін, екіншіден,
мәтін 1923 жылдың 15 май күні Ә.Бөкейханов тарапынан қағазға
түскенін айғақтайтын мәтіннің паспорттық дерек көздерін көреміз.
Ал, мұндағы Ә.Бөкейханов есімін толық көрсетпей, тек «Қыр баласы»
деген лақап атын ғана көрсетуі, сондай-ақ «Сайын батыр» жырын
жыршылар аузынан алып, өңдеп өткеруші белгілі ғалым
А.Байтұрсынов екенін бүгіп қалу т.б.- бәрі де Кеңес үкіметі
тарапынан нақақ жала құрбаны болған халықтың біртуар ұлдарының
есімдерін атаудан да, қарастырудан да т.б. қол үзуге, не олардың
жазғандарын пайдалану іске асқанда да сілтеме жасамау дәстүрін
187
әкелгені белгілі. Бұл өз кезінде ХХ ғасырдың бірінші жартысын
қазақ фольклорын жинау мен жариялауды, зерттеуді т.с.с. көп
тежегені мәлім. Осы кезде көпшілікке арналған жинақтарды
дайындаумен қатар ғылыми жинақтарды басып шығаруда да бірқатар
жұмыстар істелді.
С.Мұқанов «Батырлар жыры» (1939. т.1. Алматы) жинағын
бастырып, көп томды «Айтыс» жинағының бірінші кітабын (Алматы.
1942) баспаға әзірледі. Қазақ әдебиеті мен искусствосының Москвада
болып өткен онкүндігінен бастап (1936) халық ауыз әдебиетінің
шығармалар жинағы орыс тілінде де көптеп шыға бастады. Ол
миллиондаған оқушы жұртшылыққа кеңінен таралды. Олардың
кейбіреуі қазақша шыққан мәтінді қайталаса, енді біреуі өз алдына
жеке дайындалған жинақ болып табылады. Бұл кітаптар да қазақ
тіліндегі жинақтар сияқты ертегілерді, 1916 жыл жайындағы өлең-
жырларды қамтыған: «ХІХ ғасырдағы қазақ көтерілісі туралы
жырлар» (Алматы. 1936), «Қазақ ақындарының өлеңдері» (Алматы.
1937), «Қобыланды батыр» (М.Тарловскийдің аудармасы. Алматы.
1937), «Қазақ ертегілері» (құрастырған Л.Макеев. Алматы. 1940), т.б.
Осындай
жинақтарды
дайындау
арқылы
Қазақстан
фольклортанушылары мен жазушылары Кеңес мәдениетінің алтын
қорына зор үлес қосты. Олар Кеңес еліндегі барлық ұлттарға туысқан
қазақ халқының мәдениетінің ерекшелігін тануына жәрдем жасады.
1939 жылы Алматы қаласында белгілі жазушы Сәбит
Мұқановтың құрастыруымен латын әрпімен «Батырлар жыры»
жинағының 1 томы жарық көрді [257]. Бұл жинақ та жоғарыдағы
жинақтағыдай «Едіге батыр» жырымен басталып [257, 23-61
б.
],
құрамында «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын»,
«Қыз Жібек» жырларын қамтиды [258]. Сондай-ақ жинақтың сыртқы
мұқабасындағы атауы екі тілде, яғни орыс тілі мен латын әрпімен
берілген. Мұқабада жинақ тақырыбынан бөлек: «СССР Ғылыми
Достарыңызбен бөлісу: |