215
айтыстар, ескі әңгіме-жырлар, аңшылық әңгімелері, бақташылық
әңгімелері, бақсы әңгіме-жырлары, тағы басқа осы тәрізді әңгіме-
жырлар»,- деген тәрізді фольклор үлгілері оқулық жазу үшін қажетті
мәтін көзі боларын ескертеді. Ал, бұл жиналған фольклор үлгілері,
С.Сейфуллин пікірінше, өз кезегінде университетте қазақ әдебиеті
тарихынан оқылатын дәрістерге енеді, соңынан жеке оқулық кітап
болып басылады. Демек С.Сейфуллин
қазақ фольклорының барлық
жанрларын бір жерге жинап, бастырудағы мақсаты- ол мектеп,
медресе, университеттер үшін қажетті оқулық жазу екендігін
анықтадық. Ендеше бұл үгіт-насихат құралын атқарған мақала
әсерінен барып, сол кезде жиналған фольклорлық үлгілердің оқу-
ағарту сипатындағы зерттеу жұмыстарына негіз қалағаны сөзсіз.
Мақала соңында халықтық шығармаларды қайда жіберу керектігін де
көрсететін
Сәкен
Сейфуллиннің
Алматыдағы
мекен-жайы
көрсетілген. Бұл еңбектер қазақ фольклорын кеңінен, ғылыми
тұрғыдан баяндауға арналған алғашқы зерттеулер екені сөзсіз.
Ендеше, 1920 жылдары дүниеге келген Кеңестік қазақ
фольклортану ғылымы аз уақыттың ішінде көп жұмыстар атқарды.
Қазақ халық ауыз әдебиетін дұрыс пайдалану,
ескі мұраны бағалау,
қазақ фольклорының тууы мен даму тарихын зерттеу жайында аса
маңызды мәселелер көтерді.
1930 жылдары қазақ фольклортанушы ғалымдары көтерген енді
бір мәселе- қазақтың жазушылары шеберлікті қазақ фольклорынан
үйрену қажеттігі айтылуы. Мәселен, С.Мұқанов «Қазақтың
пролетариаттық әдебиеті туралы» (1931 ж.) еңбегінде [289]
социалистік жаңа заманды, екпінді құрылыстар, адамдардың еңбегін
шабыттана жырлау үшін қазақ ауыз әдебиетіндегі «жыр» өлшемін
ұсынады. Демек сол кездің өзінде–ақ С.Мұқанов халықтық
әдебиеттен жазба әдебиетінің алары әлі де
мол екендігін дәлелдеуге
тырысқан. Дәлел ретінде қазақ фольклорының «Қобыланды»,
«Алпамыс» сияқты жырларында батырдың жорық, шабыс, айқас,
тартыс кезінде көз ілеспес ерлік қимылдары «жыр» арқылы
берілгендігін көрсете отырып, Кеңестік өмірді, ерлік, екпінді
қимылды түйдектете жырлауда өлеңнің «жыр» түрі өте мәнді
екендігін дәлелдейді. Осы арқылы әдебиетте халық поэзиясындағы
«жыр» түрін қолдануды ұсынады.
Халық
ауыз
әдебиетінен
үйрену
мәселесін,
сондай-ақ
С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, та т.б көтерген. Олар:
халықтың тіл байлығын,
сөз саптау мәнерін; фольклордағы
сюжеттер, фольклорлық образдарды пайдалану т.б. мәселесіне назар
аударды.
216
1930 жылдардағы қазақ фольклортану ғылымының тағы бір көңіл
аударған мәселесі- Кеңестік дәуірдегі халық шығармашылығы
болатын. Бұл мәселеге сол кезде Одақ көлемінде Кеңестік партия мен
үкімет ерекше мән беріп, қамқорлық жасады. Халық арасынан
шыққан өнер иелеріне барлық жерде ерекше жағдай жасалғаны
тарихтан белгілі. Әдебиетшілер мен фольклортанушылар Кеңестік
халық поэзиясының көрнекті өкілдері: Жамбыл,
Нұрпейіс, Доскей,
Шашубай сияқты ақындардың шығармасын зерттей бастады, әрі
олардың шығармаларын оқу-ағарту мақсатында қолдануды көздеді.
Жалпы әлемдік фольклортануда әр халықтың фольклорын кімдер
жинады дегенде, оның ұлттық ғалымдарын алға тарту үстем болса,
Қазан төңкерісінен кейінгі Кеңестер елінде орналасқан партия
жетекшілері мұның бастауында орыс ғалымдары тұрды деген
біржақты пікірге бағыттап отырды. Кейбір ғалымдар фольклорды-
халықтың көркем шығармалары деп те бағаласа, билеуші
қайраткерлер ығымен жүрген енді біраз-ғалымдар Қазан төңкерісіне
дейін шыққан фольклорлық еңбектерді маркстік-лениндік негізде
қайта жазу керек деген ұйғарымды да күн тәртібіне қойды.
Қорыта
келгенде, ХХ ғасырдағы Кеңес өкіметі тұсында
жарияланған біраз мақалаларда, негізінен, фольклорды оқу-ағарту
мақсатында мектеп, медресе, университетке қажетті оқулық,
хрестоматия үшін пайдалану идеясын дұрыс көтерді. Ал, ескі мұраны
бағалау тәрізді сипатта басылған мақалалар дені т.б. – халық ауыз
әдебиетін тарихын зерттейтін қазақ фольклортану ғылымының негізін
қалауда игі әсер еткені күмән тудырмайды.
Достарыңызбен бөлісу: