Едігені қайтарып әкелу үшін Тоқтамыс хан 9 батыр жібереді: Соның
біреуі- Қобыланды. Егер бұл мәлімет рас болса, Қобыланды
XIVғасырдың аяғында, XV ғасырдың басында жасаған адам;
2) Шәкәрімнің «Шежіресі» бойынша Қобыланды Ноғайлы
хандығына өкпелеп Әбілқайыр ханнан Арғын ұруын бөліп алып кеткен
кісі. Бұл мәлімет рас болса, ол 1456 жылдары шамасы;
3) «Қобыланды батыр» жырында Қобыланды Қазан хандығын
Россия шабуылынан қорғауға қатынасады. Бұл рас болса, 1552
жыл»,- делінген [260, 595
б.
].
Демек «Қобыланды батыр» жырындағы негізгі тұлға
Қобыландының тарихта болғандығын дәлелдеу үшін түрлі жер-су
аттарын, тіпті шежірені т.с.с. қолдануынан, біз ғалымның жалпы
батырлар жырларын қазақ тарихының бір көшірмесі ретінде
қарастыру мәселесін, яғни Кеңес үкіметі тұсындағы фольклорды
зерттеушілерде, көбінесе батырлық жырды тарихи тұрғыда ғана
қарастыру басымдау болғанын айқындайды.
Сонымен қатар ғалым: «Қобыланды батыр» жырын татар,
қарақалпақ сықылды түркі тілдес елдердің әдебиетінде де
193
кездесетінін; 1917 жылы Беляев деген кісінің қарақалпақ тіліндегі
«Қобыланды батыр» жырын жазып алғанын; бұл жырдың аты
«Қобыланды» болғанымен, мазмұны қазақтағы «Қобыландыдан»
өзгешелеу екендігін; ал татар елінде «Қобыланды» қысқа ғана ертегі
түрінде келетінін; жырдың ең көлемдісі де, көркемі де қазақша
нұсқасы екендігін т.с.с. жан-жақты саралайды. Сондай-ақ қазақта
«Қобыланды батыр» жырының ең соңғы нұсқасын жырлаушы Батыс
Қазақстан ақыны Марабай екендігін таныта отырып, осы Марабай
нұсқасы 1913 жылы араб әрпінде Орынборда кітап болып басылып
шыққаны сөз болады. Ал, екінші бір нұсқасын Түркістан елінен жазып
алып, 1925 жылы Ташкентте кітап етіп шығарған белгілі ғалым
Ә.Диваев екендігін де т.с.с. сөз етеді. Осы жинаққа сол Ә.Диваев
нұсқасы алынғаны да ескертіледі.
Келесі «Алпамыс батыр» жыры [260, 596-597
б.
] төңірегінде сөз
қозғаған С.Мұқанов жырдың негізгі бейнесі Алпамыс тарихта болған
адам ба, болса қай кезде өмір сүрген деген сауалдар қояды да,
нақтылы деректің жоқтығын айтады. Одан әрі: Алпамыстың баласы
Жәдігердің ХІХ ғасырдың бас кезінде Россия әскерімен соғысқанын
бейнелеген Түркістан елінде «Алатай, Қарақұл» атты поэма бар дей
отырып, шығармадағы Алатай- Жәдігердің немере шөбересі екен
деген жорамалдың бар екендігін; жырда кездесетін Жиделі-Байсын
дейтін мекен қазіргі Өзбекстан мен Тәжікстан аралығында бар жер
екендігін; бұл жыр өзбек әдебиеті мен қарақалпақ әдебиетінде де
орын алғанын; қарақалпақ тіліндегі ең толық «Алпамыс батыр» жыры
1937 жылы Мәскеудегі «Гослитиздат» мекемесінен кітап боп
басылғанын да ескерткен. Ал, қазақша «Алпамыс батыр» жыры екі
рет басылым көргені; біріншісі- 1898 жылы Қазанда, екіншісі-1925
жылы Ташкентте Ә.Диваев редакциясымен шыққаны сөз болады.
Және де жинаққа құрастырушы тарапынан жоғарыда аталған
«Алпамыс батыр» жырының екі нұсқасы да біріктіріліп берілгені
жазылған.
Жинақтағы төртінші ретпен берілген «Шора батыр» жырына
келгенде [260, 597
б.
] зерттеуші Шора батырдың тарихта
болғандығын дәлелдейтін бірнеше деректерді де келтіреді: «Орыс
тарихшысы Карамзин Шораны 1546 жылы Қырым мен Қазан
хандығының арасында болған соғыста өлді дейді. Тарихи мәлімет
бойынша Шораның Әлкей, Іслам деген інілері 1552 жылы Қазан
қаласын Иван Грозный алғанда соғыста өлген»,- делінген [260, 597
б.
].
С.Мұқанов «Шора батыр» жырының ел аузындағы екі нұсқасын
жазып алып, 1925 жылы Ташкент қаласында басып шығарған белгілі
194
ғалым Ә.Диваев екендігін ескертеді. Жинаққа да осы жыр үлгілері
енгізілгенін айтады. Әйтсе де 1938 жылы Алматы облысынан «Шора
батырдың» көлемді ұзақ жыры табылды дей отырып, ғалым: «Оны
жырлаушы Сәдібек дейтін қарт ақын екендігін; Сәдібек жырлайтын
«Шора батырдың» көлемі 3-4 мың жолдан, оқиға желісі кең, сөзі
көркем, әрі онда Ә.Диваев бастырған нұсқаларға қарағанда, Іслам
дінінің әсері аз екендігін айтады да, бұл нұсқаның Ғылым
академиясы қарамағында екенін ескертеді, бірақ ол үлгінің не себепті
бұл жинаққа кірмей қалғанының себебін айтпайды.
Бұл жинаққа «Қамбар батыр» жырының [260, 597-598
б.
] 1925
жылы Ташкентте Ә.Диваев бастырған нұқасы бойынша енгені
құрастырушы тарапынан ескертілген. Ал, «Ер Тарғын» жырына
келгенде, ғалым төмендегідей деректерді келтіреді: «Күнбатыс
Қазақстанның ХІХ ғасырдың орта кезінде жасаған атақты ақыны
Мұрат өзінің «Үш қиян» атты поэмасында Тарғынды Естеректің ұлы
еді дейді («Мұрат ақынның сөздері». Ташкент. 1925 ж. 18 бет). Орыс
тарихшысы Карамзин Естеректі 1604 жылы Ноғайлы хандығында
княздық дәреже алған еді дейді. (Т.ІІІ). «Себен» деген жырда Себенді
Тарғынның досы, Алшағырдың баласы еді дейді. Алшағыр- тарихта
бар адам. Ол XVI ғасырдың орта кезінде жасаған адам, атақты Едіге
батырдың ұрпағы. Және бір жырда Тарғынның жолдасы Кебек
Қарасайдың баласы еді дейді. Қарасай- атақты Мамай батырдың
баласы, XVI ғасырдың орта кезінде жасаған адам. Бір мәліметте
Тарғын Едіге батырдың 7- ұрпағы. Осы материалдарға сүйене
отырып, Тарғынның нақты өзі жасаған дәуірі мәлім болмағанмен,
XІV ғасырдың орта кезіндегі адам еді деп мөлшерлеуге болады» [260,
598
б.
]. Одан әрі жырдағы оқиғалар, кейіпкерлер т.б. жан-жақты
талданады. Жырды бірнеше рет жазып алып баспаға ұсынған
академик В.В.Радлов екендігі; Қазан төңкерісіне дейін «Ер Тарғын»
қиссасы 1894 жылы Қазан қаласында жеке кітап болып басылғаны,
онысы осы жинаққа енгізілгені де сөз болады.
«Ер Сайын» жыры [260, 598-599
б.
] қазақ арасында көп тараған,
және сүйсініп оқитын жырларының бірі дей отырып, С.Мұқанов
жырды алғаш жазып алып баспаға берген академик В.Радлов
екендігін, екінші рет «Ер Сайын» жеке кітап болып 1926 жылы
Мәскеудегі «Күншығыс» баспасынан шыққанын айтса да, кітап
құрастырушысы белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынов есімін көрсете
алмауы да - әміршілдік жүйе қыспағы көрінісі [263]. Кітапта бұл
жинаққа В.В. Радлов нұсқасы енгені де ескертілген.
Сегізінші ретпен берілген «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры [260,
599
б.
] төңірегінде берілген түсініктемеде С.Мұқанов олардың тарихта
195
болғандығына қатысты дерек жоқ десе де, жырда айтылатын жер-су,
ру аттарының: Баян тау, Бағаналы елі, Қарқаралы, «Қозы Көрпеш-
Баян сұлудың» моласы (Аягөз жерінде) т.с.с. қазір де сақталғанын
сөз етеді.
Ал жырдың қағазға түсу тарихына келгенде: алғашқы нұсқасы
академик В.Радлов жинауы арқылы; екінші бір нұсқасы Орталық
Қазақстанда ХІХ ғасырда жасаған ақын Жанақтан алынғаны, 1937
жылы оның жеке кітап болып басылғаны айтылса да, жырды
жинаған, кітапты бастырған кім екендігі тағы да көрсетілмейді.
Үшінші бір нұсқаны Көкшетаулық орыс ақыны Тверетиннің орыс
тіліне аударғаны, онысы 1928 жылы Қызыл-Ордада шыққаны т.б.
көрсетіледі. Сонымен бірге осы жинаққа Жанақ нұсқасы енгізілгені
ескертіледі. «Қыз Жібек» жырына келгенде [260, 599-600
б.
], ғалым
үлгінің қай кезде шығарылғаны, кейіпкерлерінің қай жылдары
жасағаны т.б. белгісіз екендігін ескертеді. Жырдың алғаш баспасөз
бетіне шығарған қазақ фольклорын көп жинаған Жүсіпбек
Шайхулисламов екендігін; оның бұл қиссаны өзім шығардым деген
пікірін ғалым С.Мұқанов қостамайтыны да жазылған. Екінші рет
жыр 1925 жылы Ташкентте араб әрпімен Ж.Шайхулисламов
құрастыруымен қайта шығады. Осы нұсқа жинаққа да енгізілгені
айтылады.
Қорыта келгенде, жинақ соңынан берілген ғылыми түсініктемелер
сол кездегі фольклортану ғылымы үшін біршама маңызды болды деп
санаймыз. Біріншіден, жинаққа енген барлық нұсқалардың қайдан
алынғанына қатысты мәлімет көздерінің берілуі зерттеушінің елеулі
жетістігі болса, ал олардың өз кезегінде қайдан алынғанына, қай
кезде, қалай, кімнің аузынан т.б. қағаз бетіне түсірілгендігіне
қатысты, яғни нұсқаның жиналу тарихына қатысты нақты
паспорттық деректердің толық болмауы- кемшілік дер едік.
Екіншіден, қандай жыр үлгісі болса да, құрастырушының ондағы
кездесетін оқиғаларды, кейіпкерлерді, тіпті жер-су аттарын т.с.с.
тарих қойнауынан іздестіруі, яғни фольклорды тарихи зерттеу әдісі
тұрғысынан жан-жақты қарастыруы құптарлық іс десек те,
фольклордың өзіндік жанрлық ерекшеліктерін, яғни халық арманын,
тұтастану құбылыстарын т.б. ескермей, фольклорды тек тарихи
шындықтың көшірмесі деп қана қарастырып, көркем шындық
жағына көңіл бөлмеуі- бәрі сол тұстағы зерттеушілердің арнайы
фольклортанушылық білімінің, лайықты дайындығының болмауымен
түсіндіріледі. Дегенмен, Кеңес өкіметі тұсында жарияланған
фольклорлық жинақтар ішінде алғашқылардың бірі болып, мәтіннен
бөлек ғылыми түсініктемесі бірге берілуі, әрі онда әрбір нұсқаның
196
паспорттық деректерінің қамтылуы т.б.- бәрі сол тұстағы қазақ
фольклортану ғылымының жеткен жетістігі болып табылады.
1942 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы
филиалында даярланған «Айтыс» жинағының І томының
Алматыдағы Қазақстан біріккен мемлекеттік баспасында латын
әрпінде басылып шықты [264]. Бұл жинақтың редакциясын белгілі
ғалымдар: С.Мұқанов, Е.Смаилов басқарғандары да мәлім.
Бұл жинақтың маңыздылығы: біріншіден, қазақ фольклортану
ғылымында алғаш рет айтыс нұсқалары біріктіріліп бір жинақты
құрады. Екіншіден, кітапта нағыз толық ғылыми түсініктеме болмаса
да, соған бағыттама боларлық 6 беттік алғысөз кірістірілген.
Үшіншіден, бір фольклорлық үлгінің бірнеше нұсқаларының бір
жерге арнайы топтастырылуы тұңғыш жүзеге асты. Демек
фольклордың басты ерекшеліктерінің бірі- көп нұсқалылықты, яғни
алуан нұсқалылықты зерттеуде, фольклордың ел арасында өмір сүру
формасын, ауызекі дамуы, өзгеру т.с.с. ерекшеліктерін айқындауда
үлкен қадам жасалды. Сегіз бөлімнен тұратын бұл кітапта «Айтыс
және ақын» атты алғысөзді [264, 3-29
б.
] С.Мұқанов жазғаны (1940
жылы) ескертілген. Алғысөздің мазмұн көрсеткішіндегі беттері 3
санынан бастап 33-ші ретке дейінгілері арнайы көрсетілсе, ал жинақ
ішіндегі нақты беттері 3-ден басталып, 30-шы бетпен ғана аяқталады
(шамасы, кітап әзірлеушілерден кеткен кемшілік болу керек).
Алғысөздің бірінші бөлімінде [264, 3-5
б.
] зерттеуші С.Мұқанов
қазақ халық ауыз әдебиетінде батырлар жырынан кейінгі ең
көлемдісі де, мазмұн жағынан салмақтысы да айтыс жанры
екендігіне; айтыс сөзінің мағынасына, оның екі кісінің сөз
жарыстыруы т.б. мағынасында айтылатынына, оның негізгі түрі
өлеңмен айтысу екені алғаш көрсетілген.
Сонымен қатар көшпелі араб тайпасы бәдеуилерден басқа әлем
мәдениетінде айтыс жанры жоқтығын, тек көшпелі тұрмыс құрып
келген қазақ, түрікпен, монғол сықылды елдерде орын алғандығын
айтады. Осы орайда айтыс жанрының өркендеуіне халықтың сауаты
аздығы, мектебі, оқуы жоқтығы т.б. ғана әсер етті дегенге әкелген
ғалым пікірінің біржақты теріс екенін атап атқан жөн.
Сонымен қатар зерттеушінің «жар-жар», «бәдік» тәрізді фольклор
үлгілерінде айтыстың белгілері бар деуі; айтыстың ХІХ ғасырда қағаз
бетіне түсе бастағанын; ақын атымен тығыз байланыстылығын;
жалпы ақындар айтысының жүйрік аттардың жарыс бәйгесіне
ұқсамайтынын, оған да арнайы бәйге белгіленіп, оны жеңгені
алатыны т.б. анықтауы құптарлық іс. Сонымен бірге: «Қазақтың
Достарыңызбен бөлісу: |