210
причем сыплются искры и слышится ров покойника от боли. Рев
этот слышать все существа, кроме человека. В этой муке,
называемой «көр азабы»- могильные муки, грешник остается до
второго пришествия»,- деген тәрізді [282, 44-45
б.
]. Мәтіндердің
түпнұсқасы араб тілінде, ал аудармасы орыс тілінде берілуі-
жинақтың ғылыми талапқа сай жарияланғанын танытады. Сондай-ақ
бұл хрестоматия үлгісіндегі жинақтың
ағартушылық мақсатымен
қатар отарлау мақсатын да айқындайды.
Мұндай әрі ағартушылық, әрі отарлау мақсатта жарияланған
«Қазақ хрестоматиясы» 1907 жылы А.Е.Алекторов құрастыруымен
басылым көрді [283]. Бұл оқулық- хрестоматияда 100 мәтін 96 бетті
қамтыса, ар жағындағы 62 беті толықтай
қазақша-орысша сөздікке
арналған. Мұндағы 100 мәтіннің 24-і ғана фольклорлық үлгілерден
тұрады. («Айтыс», «Емші мен қасқыр» т.б. ертегілер). Хрестоматия
алғысөзінде автор:
«... Школе «Хрестоматия» принесла несомненную
услугу тем, что содействовала лучшему усвоению русской речи:
семья киргиза доставила удовольствие в длинные, скучные зимние
вечера, когда в степи нечего делать и хочется послушать рассказы
заезжих людей или почитать дельнуя книжку»,- делінген [283, 1
б.
].
Демек, хрестоматияның негізгі мақсаты-
орыс тілін меңгеруге
арналғандығы.
Міне, жоғарыдағы жарияланымдар жинақ болсын, оқулық-
хрестоматия болсын т.б.- бәрінде дерлік, ғылыми, ағартушылық
мақсаттармен бірге, олардың миссионерлік те, отарлық сипат
алғандығын айқындайды.
Қорыта айтқанда, ХХ ғасырдың басында қазақ фольклортану
ғылымына қатысты жазылған кейбір еңбектерден сол кезеңдегі
фольклор үлгілерін жинауда,
әрі жариялауда, әрі зерттеуде болсын
белгілі бір жүйеліліктің, дәйектіліктің нышандары қалыптаса
бастағаны- әрі отарлау мақсатта, әрі ағартушылық мақсатта
жүргізілгені анықталды.
Бұл отарлау мақсатындағы
фольклорлық еңбектер, бір жағынан,
қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын т.с.с.
басқа елдерге, әсіресе орыс еліне әрі танытқыштық, әрі
ақпараттандыру үлгісінде беріліп отырылды.
Екінші жағынан, қазақ
елін шығынсыз қалай отарлауға болады деген мәселеге зерттеушілер
назарын аудара білді. Үшінші жағынан, қазақтарды тездетіп
орыстандыру саясаты, негізінен, тіл арқылы, яғни орыс тілін меңгерту
арқылы іске асатынын аңғарды.
Достарыңызбен бөлісу: