208
Жұмбақтарды қазақтардың көп қолданатыны, кез-келген жастар
отырысы жұмбақ айтыспай өтпейтіні, тіпті жұмбақ айту түрлі топтар
арасында да болатыны, әсіресе жұмбақ айту- қыз бен жігіт арасында
тартысты өтетіні, негізінен, жұмбақ айту айтыс түрінде келетіні т.б.-
бәрі де авторды қызықтырған. Жұмбақтардың
ұрпақтан ұрпаққа
берілетіні, көптеген жұмбақтардың аяқ астынан суырып салма тәсілі
арқылы шығарылатыны сөз болады. Сол себепті бұл мәтіндердің қазақ
даласының түкпір-түкпіріне тез тарайтыны, сондай-ақ қазақ
жұмбақтарының сыртқы пішіні қарапайым келетіні, өзіне тән
ұйқасы, шумақ түрі, ырғағы болатыны, сол себепті олардың есте
сақталуы жеңіл келетіні т.б.- бәрі автор тарапынан назарға алынған.
Бұлардың бәрі жинақтың маңыздылығын арттырады
Сонымен қатар А.Васильев қазақ жұмбақтарының мазмұнын да
сөз етеді. Басқа да халықтар тәрізді қазақ жұмбақтарында да белгілі
бір жұмбақталатын зат
өзара ұқсас келіп, келесі бір заттың қатысы
арқылы анықталатынын да байқайды. Мысал ретінде, айды- қалаш
түріндегі нанмен, жұлдызды- тастармен т.б. салыстырады. Мұндай
жұмбақтар бойындағы кездесетін қарапайым сезімдер астарында
жеңіл күлкі жататынына т.б.- бәрі де тыңдаушылардың өзіндік
қызығу, қуанышын өсіре түсетініне көңіл бөлінеді.
Кіріспеде автор сондай-ақ кітабының бірінші тарауында
кездесетін жұмбақтарды іштей үшке бөлген. Ол бойынша
жұмбақтардың біріншісі- физикалық өмір құбылыстарына;
екіншісі-
хайуанаттарға; үшіншісі- адам, оның тұрмыс-тіршілігі, қоршаған
ортасы т.б. төңірегіне арналғаны анықтаған. Ал, діни мағынадағы
жұмбақтарды өз алдына жеке бөліп қарастырған. Олардың көпшілігін
қазақтың діни адамдары мен молдаларынан жазып алғандығын айтып
кетеді. Осы орайда жұмбақ айтушылардың есімдері, тұрғылықты
жерлері, мәтіндердің қай тәсіл арқылы, қай уақытта қағазға түскендігі
тәрізді деректердің ескерілмеуі т.б.- бәрі фольклорды зерттеу
ғылымының кезеңдік кемшілігі деп бағалаған жөн
Түйіп айтқанда, жинақтың бір жанр төңірегінде басылым көруі,
әрі қазақ-орыс тілдерінде берілуі- сол кездегі қазақ халқының әдет-
ғұрпын,
тұрмыс-тіршілігін, жалпы мәдениетін зерттеуші орыс
шығыстанушы, түркітанушы ғалымдармен қатар, қазақ елін одан әрі
отарлау саясатын жүргізуді мақсат еткендер үшін де құнды таным,
информация көзі болғаны сөзсіз.
Ал, қазақ тілінің ерекшеліктерін қарастыруды мақсат еткен
жинақтарды жариялаған Н.Н.Пантусов та халықтық шығармаларды
қолданды [279]. Бірінде мәтін көзі ретінде ертегілер алынса,
келесісінде халық әндері алынған. Жинақ маңыздылығы: берілген
209
мәтіндердің түп- нұсқасы араб әрпінде, транскрипциясы кириллица
әрпінде, ал аудармасы орыс тілінде берілген.
Ендеше бұлар әрі
оқырман көпшілікке, әрі орыстың шығыстанушы, түркітанушы
зерттеушілеріне де арналған. Ғылыми сипатта басылым көрген бұл
жинақтар, бір жағынан, қазақтың мәдени мұрасын орыс тілді елдерге
насихаттау құралын атқарса, екінші жағынан, қазақ халқына тездетіп
орыс тілін үйрену жолын да көрсеткен. Ал, оның ар жағында
қазақтарды орыстандыру тәрізді миссионерлік саясат жатқаны да
белгілі. Демек бұлар да қазақ елін отарлау саясатына тура болмаса
да, жанама түрде қызмет еткен. Бұл жинақтардың алғысөздерін
профессор Н.Катанов пен Н.Н.Пантусов жазған. Мәселен, «Қара
мерген деген қазақтың бір ғажайып ертегісі» атты үлгі алғысөзінде
профессор Н.Катанов ертегінің қысқа мазмұнын орыс тілінде береді.
Осы арқылы Н.Катанов мәтінге
деген орыс тілді оқырманның
қызығушылығын арттыруды көздеген. Ал, сөз басында Н.Катанов бұл
ертегінің лингвистикалық сипатымен қатар этнографиялық жағы да
құнды екеніне баса назар аудартады [280]. Ал, «Бір ұры ақырында хан
болыпты» ертегісі [281] алғысөзінде Н.Катанов ұрлықты дәріптейтін
мұндай ертегілер түркі тектес халықтардың фольклорында
кездесетінін, ал кейбір бөліктері Еуропа елдерінің халықтық
шығармаларында да бар екеніне көңіл бөледі. Халықтың салт-
санасынан көрініс беретін бұл үлгілер этнографиялық сипатымен
қатар, басқа да елдің азаматтарына таным көзі болары сөзсіз. Демек
бұл орыс тіліндегі алғысөздердің авторлары басқа да орыс тілді
халыққа қазақтың халық шығармаларын таныстыру мақсатын
көздеген.
Н.Н.Пантусовтың ағартушылық мақсаттағы «Образцы киргизской
народной литературы» атты хрестоматиясы 1909 жылы жарияланды
[282]. Бұл мәтіндер жинағы екі тілде жарық көруі: бірі- түпнұсқасы
араб әрпінде, екіншісі- орыс тіліндегі аудармасы. Жинақта қазақтың 7
ертегісі («Шығайбай мен Алдар көсе», «Момынбай
мен жеті
қарақшы» т.б.), алғыс, қарғыс т.б. тәрізді тұрмыс-салт жырлары
қамтылған. Бұл жинақтың маңыздылығы орысша аудармасы берілген
әр бет соңында қазақ тілінде кездесетін 40 шақты сөздерге
этнографиялық сипаттағы түсініктемелер берілген. Мәселен:
«По
Достарыңызбен бөлісу: