217
т.б.- бәрі зерттеу жұмыстарының сапасына да әсер етті. Осының
салдарынан да қазақ фольклорының
көптеген жанрлары ескерусіз
қалып, оның біразы ғана зерттеу нысанасына ілініп үлгерді.
1920-1930 жылдардағы фольклортану ғылымы тақырып жағынан
болсын, зерттеулердің ауқымы жағынан болсын ілгерілеп дами түсті.
Қазақ фольклорын сипаттауға арналған маңызды да көлемді
зерттеулер көріне бастады.
1920-1930 жылдары қазақ фольклортану ғылымында қолға
алынған басты мәселелердің бірі- оқулық пен хрестоматия жазу
болды. Мұндай игілікті істі бастаған, қазақ халық ауыз әдебиетінің
тарихын алғашқылардың бірі болып оқулық көлемінде сипаттауды
мақсат еткен А.Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Сейфуллиндер
еді. Қазақ әдебиеті тарихын, оның
ішінде халық ауыз әдебиеті,
тарихын оқулық көлемінде баяндауды мақсат еткенін С.Сейфуллин
алдымен 1929 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде [292] ашық хат
арқылы хабарласа, ал 1932 жылы қазақ әдебиеті тарихына арналған
«Билер дәуірінің әдебиеті» деген атпен кітабын жарыққа шығарды.
Ғалым А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» оқулығы
(Қызылорда- Ташкент, 1926) негізінен алғанда, қазақ әдебиеті
қисынына арналғанымен, онда сонымен бірге қазақ фольклортану
ғылымына т.б. қатысты материалдар
мол қамтылуымен де
ерекшеленеді. Бұл кітап мәні хақында белгілі ғалымдарымыз:
З.Ахметов, С.Қирабаев, З.Қабдолов, Ш.Сәтбаева, Р.Нұрғалиев,
Ш.Ыбыраев, Б.Абылқасымов т.б. сараптаулары жарияланғаны белгілі
[293]. Бұл дәйектемелерде, көбінесе еңбектің сөз өнері болмысын,
бітімін жүйелі саралаған тұңғыш теориялық оқулық ретіндегі
маңыздылығы, әдебиет теориясына қатысты терминдік атаулар рөлі
туралы т.б. мәселелер көтеріліп, ал фольклортануға қатыстылары:
эпостану, ғұрып фольклоры тұрғысынан т.б. зерделеу жағы сөз
болғаны да мәлім. Расында, жоғарыда аталған зерттеушілер орынды
атап көрсеткендей,
еңбектің, әсіресе, көрнек өнері тараулары
саласында қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі,
методологиялық
арналары,
басты-басты
категориялары
мен
терминдері түп-түгел осы кітапта қарастырылған.
Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты оқулық кітабы
өзінің құрылымдық ерекшелігіне қарай, негізінен, жоғары оқу
орындарына арналған [294]. Оқулық ішіндегі 15 тараудың «Ауыз
әдебиеті» атты бір тарауы ғана фольклорға арналған [294, 232-261
б.
]. Фольклорға А. Байтұрсынов:
«Жазу-сызу, өнер-ғылым жоқ анайы
халықтарда жазба шығарма болмайды. Ондай халықтардың асыл
сөздері анайы тілмен айтылған ауыз шығармалар болады.
218
Сондықтан ондай асыл сөздер ауыз әдебиет, яки анайы әдебиет деп
аталады»,- деген дұрыс анықтама береді [294, 231
б.
]. Демек автор
фольклорды ауызша айтылған шығармалар деп қабылдаған.
Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегі тұтастай
өзара дербестенген 15 тараудан тұрады: «Арнау», «Көрнек
өнерінің
тараулары», «Сөз өнері», «Шығарма сөз», «Мазмұн түрлері», «Сөз
өнерінің ғылымы», «Тіл қисыны», «Сөз талғау», «Тіл әуезділігі»,
«Өлең шығару», «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі», «Қара сөз»,
«Дарынды сөз», «Жазу әдебиеті» мен «Ауыз әдебиеті».
Әйтсе де А.Байтұрсыновтың фольклортанушылық еңбегі- өзі аты
айтып тұрғандай «Ауыз әдебиеті» тарауында неғұрлым көп
сарапталынады десек те, басқа да тараулардағы мысал ретінде
келтірілген фольклорлық үлгілерді т.б. назардан тыс қалдырмау
керектігіне назар аудартқымыз келеді. А.Байтұрсыновтың осы
кітаптағы фольклористік қызметі «ауыз әдебиетіне» (қазақ
фольклорына) қатысты көтерген күрделі де, түрлі де т.б. ғылыми
сараптауларының мәні, оның фольклор үлгілерін қолдану, оларды
жүйелеу, жіктеу ерекшеліктерін т.б. дәйектеуі ескерілуі қажет.
Зерттеуші көрнек өнерінің тараулары ретінде өнер атаулыны
іштей беске бөледі:
сәулет өнері, сымбат өнері, кескін өнері, әуез
өнері, сөз өнері. Міне, осы орайда: «Өнердің ең алды- сөз өнері» деп
саналады. «Өнер алды- қызыл тіл»- деген қазақ мәтелі бар. Мұны
қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен
айтқан»,- деп түйген пікірінен [294,138
б.
], біз ғалымның мақалды
(фольклорды)- дайын дәлел, үгіт, мәтін көзі ретінде, филологиялық
тұрғыда, сөздің құдіретін, сырын өнер саласында сараптау құралы
үлгісінде
танытуын
көреміз.
Фольклорлық
материалдарды
филологиялық тұрғыдан осылай қолдану үлгісі
орыс ғалымы
М.В.Ломоносов (1711-1765) еңбектерінде де болған [295].
Ахмет Байтұрсынов фольклорды сөз өнері деп біледі. Сондықтан
ол сөз өнері адам санасының көрінісі болып табылатын ақыл, қиял,
көңіл ұғымдарымен байланысты дейді де, соның бәрі тіл арқылы іске
асатынын, сол себепті фольклор тілі де өзіндік сипатқа ие екенін
айтады. Фольклорды да әдеби де шығарма дей отырып, оның
тақырыбы, жоспары, мазмұны, түрі болатынына назар аудартады [294,
142
б.
]. Мұнда шығарма, яки әдебиет дегенде, ең бірінші болып
«ауызша шығарылған сөзді» (яғни халық ауыз әдебиетін)
А.Байтұрсыновтың алдымен атауы т.б. – бәрі фольклортанушының
жазып шығарған әдебиеттің (жазба әдебиеттің)
негізін қалаған
фольклор екен деген ойын діттейді. Мұндай пікір үлгісінің ХІХ
ғасырда өмір сүрген орыс ойшылы А.И.Герцен (1812-1870) еңбегінде
219
кездесетініне белгілі [296]. Демек әлемдік фольклористика тарихында
фольклорды зерттеушілер арасында мұндай үндестік, сарындастық
туу себептері десек, ол- дәстүрлілікте, алға қойған зерттеушілік
мақсаттың ортақ екендігінде, ағартушы-демократтық көзқарастан
туындайтынында. Ауызша туған, тараған, біздің заманға дейін
жеткен т.б. халықтық нұсқалардың- бәрін алғашқылардың бірі болып,
қазақ әдебиеті, қазақ фольклортану тарихында т.б.
ғылыми тұрғыда
Ахмет Байтұрсынов әдебиет, асыл сөз деп таныған. Шығарма
тақырыбына келгенде:
«Әңгімедегі пікір не нәрсе болса, сол нәрсе
Достарыңызбен бөлісу: