Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Оқыту үдерінде бірлескен іс-əрекеттің студенттің



Pdf көрінісі
бет102/154
Дата15.03.2023
өлшемі7.97 Mb.
#470827
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   154
damu psihologiyas kitap

2. Оқыту үдерінде бірлескен іс-əрекеттің студенттің 
тұлғалық белсенділігін дамытудағы маңызы
Оқытушының студенттермен қарым-қатынасы тапсырма-
лардың кез келген түрін шешу барысында басқарушылық əсер етеді, 
оқу үдерісінің мүшелері, яғни оқытушы мен студент қатынасқа 
түсетін барлық оқу жағдаяттының жүйелі ұйымдастырылуының 
заңдылықтарымен жанамаланған, сондықтан оқу жағдаятының 


287
құрылымын оны құраушылардың өзара белгілі бір байланысы 
деп қарау қажет.
Психология пəнінің оқытушысына оқыту барысындағы 
басқарушылық əсерлер затын анықтап алу қажет жəне өз пəні не-
месе өзінің тұлғасы арқылы дəрісханаға тікелей «психологиялық 
əсер» ету мүмкіндігі алданышынан аулақ болу керек.
Оқу жағдаятының құрылымына келесідей құрушыларды 
бөліп қарастырады:
а) оқу пəнінің объективті құрылымданған мазмұны.
Құрылымданудың сипаты оқушылар меңгеруі тиіс əрекеттер 
мен операциялардың бағдарламасын жəне оларда қалыптасатын 
танымдық іс-əрекет түрлерін анықтайды:
б) оқу пəндері мазмұнын меңгеретін, оқу іс-əрекетінің 
жалпыланған тəсілдері мен меңгерудің бір деңгейінен келесі
деңгейіне ауысу үдерісін ұйымдастыратын процедуралар;
в) оқу үдерісіндегі тұлға дамуының əлеуметтік реттелу түрі 
ретіндегі оқытушының студенттермен оқу іс-əрекеттестігі мен
студенттердің өзара əрекеттестік жүйесі. Бұл жүйенің өзінің
белгілі бір мақсаты, тəсілі, əрекеттестігінің құралдары мен про-
цедуралары болады;
с) меңгеру үдерісінің жүру барысы бойында синхронды жəне 
диахронды процедуралардың, яғни аталған айнымалылардың 
өзара байланыс динамикасы, олар оқу үдерісінде білім мазмұнын 
меңгеру үдерісін де сəйкестендіреді.
Оқу-тəрбие жағдаяты – оқу үдерісінде даму динамикасындағы 
барлық айнымалылардың өзара байланысының белгілі бір 
түрі. Оқытушы əлеуметтік тəрбие ортасын ұйымдастырушы, 
оның оқушылармен өзара əрекеттестігінің реттеушісі мен 
бақылаушысы болуы қажет, яғни оқытушы, бұл – ең алдымен 
біртұтас оқу-тəрбие жағдаятын оның барлық айнымалыларының 
бірлігінде ұйымдастырушы болып табылады. Оқу-тəрбие 
жағдаятының негізгі кезеңі барлық əдістемелік мəселелер мен 
тапсырмалар аумағы анықталатын оның мүшелерінің тікелей 
əрекеттестігі мен қарым-қатынас түрі.
Əрдайым ұғыныла бермесе де, өзара əрекеттестік 
педагогикалық қарым-қатынастың кез келген түрінің іргетасы 
болып табылады. Сондықтан да əртүрлі əрекеттестіктің тұтастай 
жүйесі ретіндегі педагогикалық қарым-қатынасты түсіну үшін 


288
оқытудың психологиялық механизмін оның қатысушыларының 
өзара əрекеттестігі ретінде ашу қажет.
Бірлескен оқу іс-əрекетін ұйымдастыру тəсілдері мен 
түрлері зерттеу мен үйренудегі негізгі қиындық, оқытушының 
сапасы үшін тəсілдердің оқыту мақсаты мен тапсырмалардың 
заттық мазмұнымен бүркемеленуінде. Оқытушының тұлғалық 
ұстанымы мен оның студенттермен ынтымақтастық тəсілдерінің 
психологиялық ерекшеліктері тəрізді оқу ынтымақтастығының 
маңызды компоненттері аз ұғынылады. Соған сəйкес, 
оқытушыларды педагогикалық қарым-қатынасқа үйретудің 
алғышарты – оқу үдерісін олардың өзара əрекеттестің көптеген
түрлері ретінде теориялық тұрғыдан ұғынуы болып табылады.
Бұдан төмендегідей мəселелер туындайды:

оқытушының студенттермен «өзара оқу əрекеттестігі», 
«бірлескен іс-əрекет» ұғымдарының мазмұнын нақтылау мəселесі;

оқыту үдерісінде студенттермен тұлғасын тəрбиелеуде 
бірлескен іс-əрекеттің қандай түрі ең мақсатты бағытталған
тəрбиелеу əдісі болатыны жайлы мəселе.
Оқытушының студенттермен бірлескен іс-əрекеті оқыту 
үдерісін басқару жəне өзін-өзі басқарудағы негізгі кезең бо-
лып табылады. Бұлар іс-əрекетті қалыптастыру үдерісінде 
əрекеттермен, операциялармен, осы əрекет мүшелерінің вербал-
ды жəне вербалды емес белгілерімен алмасу актілері. Актілер 
іс-əрекет мазмұны жəне оқыту мүшелерінің əрекеттестік про-
цедураларымен байланысты келеді, оқыту үдерісі мүшелері 
арасындағы өзара əрекеттестік пен қарым-қатынас нормалары 
жəне тұлғалық бағыттары, заттық іс-əрекет тəсілдерін өзін-өзі 
басқару механизмін құрастыруға арналған. 
Оқытушының студенттермен бірлескен іс-əрекеті – оқу
жағдаяты айнымалыларының жүйесін ұйымдастырудың қажетті
жолы. Ынтымақтастықсыз оқыту мүшелерінің арасында кез кел-
ген жаңа іс-əрекетті қалыптастыру мүмкін емес.
Бірлескен оқу іс-əрекетіне тəн ортақ ерекшелік – меңгерілген
мазмұн жəне өзіндік əрекеттестікке қатысты тұлға ұстанымын 
қайта құру мен қайта жасау, яғни оқыту мүшелері арасындағы 
əрекеттестік пен қатынастың, құнды бағдарлар, мағыналық 
бағдарлардың оқыту мақсаттарын өзгерту. Білім алушының 
тұлғалық ұстанымын өзгерту оның жаңа іс-əрекеттердің 


289
жаңа деңгейін меңгеруіне, оқытушының студенттермен өзара 
əрекеттесудің жаңа түрлеріне ауысуына жағдай жасайды. 
Оқытушы кəсіби іс-əрекеттің мағынасын алып жүруші ретінде 
жүретін оқу үдерісі мүшелерінің өзара əрекеті мен қатынасы 
студент тұлғасы ұстанымындағы өзгерістерді психологиялық 
талдаудың мəнін анықтайды.
Оқытушы мен студенттер арасындағы əрекеттестіктің кəсіби-
тұлғалық аспектісі іс-əрекеттің меңгерілу үдерісін реттейтін
əрекеттестіктің заттық-мазмұндық жағымен тығыз байланыс-
та. Соған орай оқытушының мінез-құлқы мен тұлғасының 
əлеуметтік ұйымдастырылуы мүмкін болатын арна құрылады. 
Оқу жағдаяты бұл жағдайда оқу-тəрбие жағдаятына айналады. 
Яғни, тəрбиелік қызметті алып жүрушілер оқу пəніндегі білімнің 
өзі емес, бірлескен оқу іс-əрекетінің жүруі барысындағы оқу 
əрекеттестігінің тұлғалық компоненті болып табылады.
Оқытушы мен студенттердің бірлескен оқу іс-əрекетінің 
мақсаты – оқыту, меңгерілетін пəндік іс-əрекет пен өзара 
əрекеттестік актілерінің өзін-өзі реттеуші механизмдерін құру 
болып табылады. Оның пəні – оқытудың жалпылама жəне 
ұғынылған тəсілдері жəне өзара əрекеттестік пен қарым-қатынас 
нормалары. Бірлескен іс-əрекет өнімі – студенттердің оқытудың 
жаңа мақсаттарын, меңгерілген іс-əрекет мазмұнымен байланы-
сты мақсаттарды өз бетімен ұғынуы, серіктестіктегі тұлғалық 
ұстанымдарын реттеуі. Бірлескен іс-əрекет мақсаттарына қол
жеткізу құралы ретінде оқытушының студенттермен өзара 
əрекеттестік жүйесі көрінеді. Бұлар оқу тапсырмаларын шешу 
кезінде студенттердің барынша көмегімен оқушылардың өзіндік 
белсенділігін ұлғайтудан пəндік жəне оқу əрекетін толығымен
өзі реттеу, оқытушы серіктестік бағытының пайда болуына
дейінгі белгілі бір бірізділікпен ашыла түседі. Қазіргі кез-
де ынтымақтастықтың үштен алтыға дейінгі түрлерін бөліп
көрсетеді:
● іс-əрекетке кірісу;
● бөлек əрекет;
● еліктеушілік əрекет;
● қолдаушылық əрекет;
● өзін-өзі реттегіштік əрекет;
● серіктестік.


290
Бірлескен іс-əрекет тəсілдері қарым-қатынас кезеңдеріне 
ұқсас бірлескен іс-əрекеттің бірлігі ретінде қарастырылатын 
əрекеттестік кезеңдерімен көрсетіледі. Əрекеттесу кезеңдері 
өздерінің атқаратын қызметі бойынша əркелкі жəне іс-əрекеттің 
– түпкі (мотив), бағдар, бақылау мен бағалау сияқты қызметтік 
құрылымына сəйкес келеді. Олар түрлі актілермен алмасуды 
қамтиды. Мəселен, оқытушы əрекетті бастайды, студенттер 
оны ары қарай жалғастырады немесе аяқтайды, оқытушы оқу 
тапсырмасын ұсынады, студенттер оны шешу варианттарын
береді жəне т.б. Мағына құрайтын жəне мақсатты білдіретін, 
бағдарлаушы жəне жоспарлаушы, бақылаушы жəне бағалаушы, 
т.б. кезеңдер болып бөлінеді.
Іс-əрекеттің əрбір түрі бірлескен оқу іс-əрекетінің мақсатына 
қол жеткенінше, өзгеріп жəне жаңарып отыратын əрекеттестіктің 
қызметтік ерекше кезеңдері жүйесі ретінде оқу үдерісінде дами-
ды.
Сонымен оқытушының студенттермен ынтымақтастығы 
іштей психологиялық күштену заңдылығы бар үдеріс ретінде 
анықталады. Күштену оқытушы мен студент тұлғасы арасындағы 
қарама-қайшылықтарды алға тарту мен шешу нəтижесінде пай-
да болады жəне студенттер өрісінде белсенділіктің сандық 
өсуінде де, белсенділіктің қайта құрылуында, оқытушы мен 
студенттің құндылық-тұлғалық ұстанымының қайта жасалуынан 
да байқалады. Олардың оқу динамикасына тəн ортақ ерекшелік, 
мəселен, студенттің жаңа іс-əрекетке кірісуінен өздігінен 
басқарылатын пəндік əрекетті қамтамасыз ететін оқуды
толығымен өзі басқаруын, өзіндік ұстанымдар мен қатынастарды 
реттейтін оқу тапсырмаларын шешу барысында оқытушы мен 
студенттердің арасындағы бірлескен оқу іс-əрекеті бөлінген фа-
засына ауысу. Алайда егер оқытуды өздігінен басқару оқытудың 
жеке мақсаттарына қол жеткізу құралдарынан (пəндік-мазмұнды 
білім мен əрекеттерді қалыптастыру) оқытудың өзіндік мақсатына 
айналса, ал субъектінің оқыту үдерісі өздігінен басқарылатынға 
айналатын болса, онда тұлғаның жаңадан өзін-өзі басқару 
мақсаттарына өтуінде ынтымақтастық түрлерінің динамика-
сы мен олардың студент тұлғасының психикалық дамуындағы 
рөлінің мағынасы түйінделген Л. С. Выготский осы үдерістің 
үш сатылығын былай көрсеткен болатын: ынтымақтастықтың 


291


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет