Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет98/154
Дата15.03.2023
өлшемі7.97 Mb.
#470827
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   154
damu psihologiyas kitap

Тұлғалық рефлексияның дамуы. Тұлғалық рефлексия – 
жасөспірімнің өз ішкі дамуын жəне басқа адамның ішкі дүниесін 
түсініп, меңгеру формасы.


267
1-стадияда (10-11 жас) жасөспірімнің жас заттық рефлекстік 
күтулері жеке əрекет негізінде құрылады.
2-стадия, 12-13 жаста адамдармен өзара қарым-қатынас 
ерекшеліктері жəне өзіндік мінез сипаттары қаралады. Бұл 
уақытта тұлғалық рефлексия өзіне тəн өзгеріске түседі жəне 
жасөспірімнің өзін-өзі тəрбиелеу стимулына ауысады.
Тұлғалық рефлексия құрылымындағы 3-стадия, 14-15 жаста 
жасөспірімнің өзіне сын көзқараспен, сыни қарым-қатынаста бо-
лады.
Жасөспірімдердің «Мен – тұжырымдамасы» дамуының 
психологиялық ерекшеліктері
Жасөспірімнің Мен – тұжырымдамасына əлем тура-
лы жəне өзі жайында, ересек адамның ішкі ұстанымы өзін 
қалыптастырудағы ұғымы бір мағыналық жүйе сияқты өзін-
өзі анықтауға кіреді. Бұл ішкі ұстанымдар жасөспірім өзінің 
бұрынғы өткен тəжірибесі негізінде өзінің мүмкіндіктерін, өзінің 
ерте жастағы пайда болған қажеттіліктеріне қатысты өмірде, нақ 
осы өмірде қандай жағдайда немен айналысқысы келетіні кіреді. 
Мұндай ішкі ұстаным жасөспірімнің Мен – тұжырымдамасын 
жаңадан қалыптастырады, оның іс-əрекетке деген қоршаған 
ортаға қарым-қатынасы себепші болып, қоғамда болашақ орнын 
қалауға, өмірлік жоспарын немесе өмірлік бағдарламасын құрады.
Жасөспірімнің уақыты жəне Мен – тұжырымдамасы. 
Жасөспірімдік жаста өткенді, осы шақты жəне болашақты 
қабылдау бір-бірімен түйіседі, ал жеке психологиялық уақытты 
қабылдау шиеленістік жағдайда болады жəне бұл жасөспірімнің 
Мен – тұжырымдамасының дамуын анықтайды. 
Тұлғалық өсудің позитивті динамикасы өмір уақытының 
жай қозғалыстарын ғана емес, жаңа жетістіктерге көтерілуі бо-
лып саналады. Мұндай жағдайда есею үдерінің өту кезеңінде 
жасөспірімнің Мен – тұжырымдамасы дағдарыстық формада, 
яғни үйлесімсіз формада болады.
Мен – бейнесінің 3 варианты бір-біріне оқшауланған 
арақатынаспен байланысты: бүгінгі өткеннің нəтижесі бо-
лып саналмайды, ал болашақ бүгінгінің жалғасы болып са-
налмайды. Мұндай Мен – тұжырымдамасында балалық Мен – 
бейнесін ересектердің Мен – бейнесіне қарама-қарсы қойып, ал 
шындықтағы Мен – бейнесі екеуінен оқшауланып бүгінгімен өмір 
сүреді.


268
Жасөспірімнің «Мен» деген қасиеті өзінің кім екенін біліп
күшіне сеніп, өз мүмкіншілігін дұрыс бағалауға пайдасын 
тигізеді. Мұны əдетте, əркім өзін-өзі бағалай алуы, сананың өзіне 
тəн қасиеті деп атайды. 
Жасөспірім өзінің мүмкіншілігін дұрыс бағалап, өзіне-өзі дер-
бес азамат деп қарауы тек өзгелермен үздіксіз қатынас жасап, со-
ларды жақсы білуден пайда болады. Кіші оқушы өзін жақсы біле 
алмайды. Өзін көбінесе жұрттың (оқытушының, құрбысының) 
бағалауынан біледі, ал жасөспірімді алсақ, осылардың басым 
көпшілігі өзінің ісіне, не бұрын келген шешіміне талдау жасап, 
ісінің қолайлы, не қолайсыз жақтарын ажырата бастайды. Өзін-өзі 
білгісі келу жасөспірім кезде қажеттіліктің бір түрі. Қажеттіліктің 
бұл түрінің пайда болуы үлкендердің, не құрбыларының 
жасөспірімге қоятын талабы дұрыс па, бұрыс па, соны білуге ар-
налады. Сонымен қатар жасөспірімнің өз қолынан бір нəрсенің 
келетінін, не келмейтінін білуге ұмтылуы, өзін тек əлі келетін 
жұмыстарға жұмсауға ұмтылдырып, осы жөнінде едəуір көмегін 
тигізеді. 
Сонымен қатар, өзін-өзі бағалап, мүмкіншілігін сезе алу, 
жасөспірімнің өзін меңгере алуына көмегін тигізеді. Жасөспірім 
азамат қатарына көшуді талап еткендіктен, осы мақсатқа жету 
үшін, мінезінің, не ісінің қолайсыз жақтарымен күресіп, қолайлы 
жақтарын одан əрі дамытып, сөйтіп, өзгелердің алдында жақсы 
көрінгісі келеді. Егер жасөспірімді азаматтық қасиетке ие 
болуға не итермелейді десек, осының бір себебі өзінің кемшілік 
жақтарын сезе алуы. Өйткені өзінің жақсы жағын айтып, мақтану 
кім болса соның қолынан келеді. Бірақ өзінің кемшілігін сезіп, 
соған біреудің қатысынсыз объективтік түрде талдау беру кім 
болса, соның қолынан келмейді. Жасөспірім өзінің ісін, əсіресе, 
қателерін талдау үшін біраз уақытын жібереді. Жіберген қатесі 
үшін өзін-өзі əшкерелеуі де ықтимал. 
Жасөспірімнің өзін қаншалықты дұрыс бағалай алуын алсақ, 
бұл түрліше келеді. Өзінің мүмкіншілігін объективті түрде бағалай 
алмайтындар мақтаншақ келеді. Бірақ бұл қасиет бірте-бірте жо-
йылып, жасөспірім өзін объективті түрде бағалауға ұмтылады. 
Осыған негізгі түрткінің бірі – құрбыларымен əңгімелескенде 
мінез-құлықтың қандай түрі жақсы, нендей қолайсыз екені тура-
лы пікір алысуы. Осыдан олар өз мүмкіншіліктерін дұрыс бағалай 
алуды үйренеді. 


269
Баланың жасөспірімдік кезеңге аяқ басуы оның өзіндік 
санасының дамуымен айрықша мəнді. Жасөспірім ересек 
адамның позициясы қалыптаса бастайды. Жасөспірімде ересек 
адамның позициясы қалыптаса бастайды. Оған ересектік сезімнің 
дамуы жəне жасөспірімнің ересектігін басқа адамдардың тануы 
негіз болады. Бұл позиция жасөспірімнің өмірдегі объективтік 
жағдайына əлі сай келмесе де, оның пайда болуы жасөспірімнің
өз айналасындағы ересектер дүниесімен, олардың игіліктер
дүниесімен жаңа қатынастарға субъективті тұрғыда аяқ басқанын 
білдіреді. Жасөспірім бұл игіліктерге белсенді ие болады, бұлар 
оның сана-сезімінің жаңа мазмұнын құрайды, мінез-құлық пен 
іс-əрекеттің мақсаттары мен себептері, өзіне жəне басқаларға 
қойылатын талаптар, бағалау мен өзін-өзі бағалаудың критерийлері 
болады. Мазмұны жөнінен өзіндік сана ішкі дүниеге көшірілген 
əлеуметтік сана-сезім (Л. С. Выготскийдің анықтамасы бойынша) 
болады. 
Өзінің ерекшеліктерін білгісі келудің, өзіне ден қойып, өзі 
туралы ойлай бастаудың шығуы – жасөспірім жастағы балаларға 
тəн ерекшелік. Кемшіліктерге ерекше назар аудару бүкіл 
жасөспірімдік кезеңде сақталады; көбінде өзіне көңіл толмау 
көбейеді. 
Жасөспірімнің көпшілігі бірден бірнеше адамға теңелгісі 
келеді, яғни өз басының сондай болсам деген бейнесі түрлі 
адамдардың жақсы жақтарынан жасалады: бір адамнан ойша 
бір қасиеттерді, екіншіден басқасы не біріншісіне ұқсасы, т.б. 
алынады. Жасөспірімдер үлкендерге, өзінен үлкен балалар мен 
құрдастарына теңессем дейді, осының өзінде құрдастары өте үлкен 
орын алады. Жасөспірімдерді өздері теңессем деген адамдардағы 
өзін тартатын көптеген қасиеттер мен ерекшеліктердің арасын-
да қасиеттердің екі тобы басым болады. Бұлар – адамгершілік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет