Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Ортамен өзара əрекеттестігінің студенттердің



Pdf көрінісі
бет104/154
Дата15.03.2023
өлшемі7.97 Mb.
#470827
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   154
damu psihologiyas kitap

3. Ортамен өзара əрекеттестігінің студенттердің
тұлғасының қалыптасуындағы рөлі
Адамдардың өз ортасымен өзара əрекеттестігі тұлғаның 
қалыптасуында азды-көпті рөл атқарады. 
Өзара əрекеттестік – бұл объектілердің (субъектілердің) 
өзара байланысы мен міндеттілігін тудыратын бір-біріне жанама 
немесе тікелей ықпалы.
Өзара əрекетестікте адамның басқа адамға өзінің дербес əлемі 
бар субъектісі ретіндегі қатынасы жүзеге асырылады. Адамның 
адаммен қоғамдағы өзара əрекеттестігі – бұл олардың ішкі 
əлемдерінің өзара əрекеттестігі, яғни олардың ойларымен, идея-
ларымен, бейнелермен алмасуы, мақсаттары мен қажеттіліктеріне 
ықпалы, өзге индивидтің бағалауына, оның эмоциялы жағдайына 
ықпалы. 
Əлеуметтік психологияда өзара əрекеттестік адамдардың бір-
біріне ықпалы ғана емес, сонымен қатар топ мүшелеріне ортақ іс-
əрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін біріккен əрекеттерінің 
тікелей ұйымдастырылуы ретінде түсіндіріледі. Бұл жағдайда 
өзара əрекеттестіктің өзі басқа адамдардың тарапынан сəйкес 
реакцияны тудыруды мақсат еткен əрекеттердің тұрақты түрде, 
жүйелі жүзеге асырылуы ретінде анықталады. Жеке-дара іс-
əрекетке қарағанда, біріккен өмір мен іс-əрекеттің индивидтердің 
енжарлығы – белсенділігінің кез келген көріністерін қатаң түрде 
шектейді. Бұл адамдардың «Мен-Ол», «Мен-Олар» бейнелерін 
құрып, үйлестіруге, қабілет-қарымдарын өзара реттеуге 
міндеттейді. Шынайы өзара əрекеттестік барысында адамның 
өзі, өзге адамдар, топтар туралы бара-бар түсінігі қалыптасады. 
Адамдардың өзара əрекеттестігі олардың қоғамда өзін-өзі 
бағалауы мен мінез-құлықтарын реттеудің жетекші факторы 
ретінде анықталады.
Кез келген біріккен іс-əрекетті жүзеге асырудың шешуші шар-
ты жəне басты ерекшелендіретін бітісі жеке дара іс-əрекеттердің 
қоғамдық іс-əрекетке бірігуі, яғни кооперация болып табыла-
ды. Кооперация үдерістері – іс-əрекет дамуының қалған басқа 
үдерістерінің негізі, оны жүзеге асырудың жетекші механизмі бо-
лып табылады. Кооперация біріккен іс-əрекетті жүзеге асырудың 


305
механизмі бола тұра, оның жиынтықталған субъектісі ретінде 
топ өнімділігінің жəне рекет етуінің орталық факторы ретінде 
де анықталады. «Тұлғааралық өзара қатынастар жүйесін түсіну 
жолы, - дейді А. В. Петровский, – топтың мағыналы іс-əрекетін 
талдау арқылы жасалады. Тұлғааралық өзара қатынастарға 
топтық өзара əрекеттестік арқылы жетуде сол өзара қатынастарды 
түсіну үшін, топқа ортақ іс-əрекетті жəне кез келген жағдайдағы 
тұлғааралық өзара əрекеттестікті де болжалды ету қажет...».
Біріккен іс-əрекет мақсаттарының мазмұнды сипаттамалары-
мен міндеттелген индивидтердің кооперативті өзара əрекеттестігі 
құрылымының 
топтағы 
өзара 
əрекеттесу 
үдерістеріне 
біршама ықпал етуі мүмкін екендігін болжау заңды. Адамның 
қызметтестеріне жəне өзіне танитын белгілерінің мазмұнына 
ықпалы қалай айқындалады? Біріккен іс-əрекет дамуының 
əртүрлі кезеңдеріндегі рөлі қандай? Осы сұрақтарға жауап беру 
əрекеті ретінде профессор Г. М. Андрееваның басшылығымен
əлеуметтік қабылдауды талдау тұрғысында орындалған 
эмпирикалық зерттеуін қарастыруға болады. Болжам ретінде 
келесі жорамалдар айқындалды:
1. Бірлескен еңбек іс-əрекеті дамуының бастапқы кезеңінде 
адамның қызметтестерін, өзін қабылдау барысында белгілейтін 
сапалы белгілердің иерархиялық құрылымын қабылдау 
субъектісі енген іс-əрекеттің сипатына байланысты болмайды. 
Сонымен қатар топ дамуының алғашқы деңгейінде тұлғааралық 
қабылдау аумағында əртүрлі объектілерді қабылдаудың бағалау 
өлшемдерінің ұқсастығы
2. Бірлескен іс-əрекеттің дамуымен қатар қабылдаудың 
бағалау өлшемдері ажыратыла бастайды. Қабылдау объектісіне 
белгіленетін сапалы белгілердің құрылымы көбінде объектінің 
ерекшеліктеріне жəне бірлескен іс-əрекетті ұйымдастыру 
түрлеріне де байланысты болады. Атап айтқанда біздің бол-
жамымыз бойынша іс-əрекеттің дамуымен қатар қабылданған 
тұлғалардың іскер сипаттамалары көбінде оларды қабылдау 
өлшемдері ретінде қолданылатын болады.
3. Топ дамуының алғашқы кезеңінде тұлғааралық 
қабылдаудың сапалы өлшемдерінің құрылымында олардың 
бірінің басымдылығы байқалатын болады. Басқаша айтқанда, 
қабылдау объектісіне таңылған сапалы қасиеттердің арасында 


306
қасиеттердің қайсыбір тобы басым болады. Топтың дамуы-
на қарай қабылдаудың əртүрлі сапалы өлшемдері анағұрлым
бірқалыпты қолданылатын болады; қабылдау үдерісі белгілердің 
қайсыбір нақты тобын таңуда аса айқын таңдамалылық 
байқалмайтын болады.
4. Бірлескен іс-əрекеттің дамуына қарай қабылданған объекті 
күйлерінің анағұрлым толыққанды əрі жан-жақты сипатталатын 
болады. Ол қабылдау объектісіне таңылатын белгілер санының 
артуында, сондай-ақ тікелей бақылауға аса ашық болмайтын 
сипаттамалардың үлесінің артуында анықталады. Аталған 
өзгерістердің қарқындылығы бірлескен іс-əрекетті ұйымдастыру 
түрлеріне де байланысты болады: анағұрлым тығыз кооперация 
жағдайында бейнелену толыққандылығы еселенген дəрежеде ар-
татын болады.
Өте қысқартылған түрде өзара əрекеттестікті келесі 
жағдайлардан құралатын үдеріс ретінде анықтауға болады:
• 
физикалық қабылдау;
• 
кеңістікте орын алмастыру;
• 
қатысушыларының қабылдауы мен қатынастарына;
• 
рухани вербалды қатынасу;
• 
вербалды емес ақпараттық қатынасу;
• 
бірлескен топтық іс-əрекеттен.
Өзара əрекеттестіктің құрылымына əдетте:
• 
өзара əрекеттестік субъектілерінен;
• 
оның субъектімен өзара байланысынан;
• 
олардың бір-біріне өзара əрекеттестігінен;
• 
өзара əрекеттестік субъектілерінің өзара өзгерістерінен 
құралады.
Тұлғааралық өзара əрекеттестік субъектілердің, тұлғалардың 
арасындағы өзара əрекеттестік, қызмет еткен байланыс бо-
лып табылады. Оның құрылымында көбінде практикалық, 
мінез-құлықтық, аффективті, гностикалық (А. А. Бодалев); 
мінез-құлықтық, аффективті, когнитивті (Я. Л. Коломинский); 
реттегіш, аффективті, ақпараттық (Б. Ф. Ломов) атты үш құрамды 
жəне өзара байланысқан компонент ерекшеленеді. Аталмыш 
компоненттердің əрқайсысының үлкен психологиялық мазмұны 
бар. Психологиялық компонент нəтижелер мен қылықтардың, ым-
ишараны, пантомимика мен сөйлеуді қамтиды, яғни барлық адам-


307
дар бір-бірін бақылау алады. Аффективті компонент тұлғаның 
жай-күйіне байланысты дүниелердің барлығын қамтиды, ал 
гностикалық компонент ақпаратты қабылдаушы жəне өңдеуші 
тұлғаның белсенділігімен сипатталады.
Тұғааралық өзара əрекеттестік ойлар мен сезімдер өзара ал-
масып, сол ойлар мен сезімдердің, білімдердің, іскерліктердің, 
қызығушылықтардың құнды бағдарлардың ортақ қоры 
құрылғанда ғана қарым-қатынасқа ұласады.
Тұлғааралық өзара əрекеттестік өзара түсіністік, өзара ықпал, 
өзара əрекет, өзара қатынастар, қарым-қатынас феномендерінің 
көмегімен сипатталады.
Индивидтердің арасындағы айырмашылықтар олардың
болашақта өзара əрекеттесулерінің (оның басқа түрлері – қарым-
қатынастың, өзара қатынастардың, өзара түсіністіктің), сондай-ақ 
тұлға ретінде олардың өздерінің негізгі шарттарының бірі болып 
табылады.
Кез келген қатынас əдетте басқа адамдардың нақты-сезімдік 
сыртқы көрінісін, іс-əрекеттерінің ерекшеліктерін, мінез-
құлықтарын қабылдаудан басталады. Бұл кезеңде негізінен 
индивидтердің бір-біріне қатысты эмоциялық-мінез-құлықтық 
реакциялары басым болады. Қабылдау-қабылдамау қатынастары 
ым-ишарада, дене тұрқысында, көзқарасында, сөйлеу мəнерінде, 
қарым-қатынасты аяқтау немесе жалғасытру ұмтылысында 
көрініс береді. Ол адамдардың бір-біріне ұнау-ұнамауларының 
дəлелі болып табылады. Егер адамдар бірін-бір ұнатпаса 
қалыптасқан қатынасты екіжақты аяқтау немесе жоққа шығару ре-
акциялары байқалады. Керісінше, адамдар өздеріне күлімсіреген, 
көзіне тік əрі ашық көзқараспен, турасынан бұрылып қараған, 
сергек те көңілді интонациямен сөйлеген, сенімін ақтайтын жəне 
біріккен күш-қуаттын негізінде болашақта ынтымақтастықты 
жалғастыруға болатын адаммен араласуға тырысады.
Студенттік 
кезең 
ерекше 
коммуникабелділікпен, 
креативтілікпен, ақыл-ой қабілеттерінің дамығандығымен, 
ой-өрісінің кеңдігімен, сыртқы жəне ішкі факторларға
психологиялық тұрақтылығымен ерекшеленеді. Бұл кезеңде сту-
денттер өзінің курстастарымен, төменгі жəне жоғарғы курстағы 
студенттермен араласады. 
Студенттердің өздерінің курстастарымен өзара əрекеттестігі 


308
өте тығыз болады: олар бір аудиторияда дəрістерге қатысады, 
кейбіреулері бір ғимаратта (жатақханада) тұрады, қоғамдық іс-
шараларға қатысады.
Студент құрдастарының арасында тұлға ретінде өзін-өзі 
дəлелдеуге тырысады, құрдастарымен араласу қажеттілігі басым 
болады. Құрдастарымен қарым-қатынаста бағалау жəне серіктесін 
бағалау қажеттілігі үйлесімді қанағаттандырылады. Бұдан 
құрдастарының қарым-қатынастағы серіктесі ретіндегі теңдігі 
студенттерде қоршаған əлем туралы адекватты түсініктерінің 
қалыптасуының алғышарты ретінде қызмет ететінін түйіндеуге 
болады.
Студенттер тек өздерінің құрдастарымен ғана емес, сонымен 
қатар төменгі жəне жоғарғы курстағы студенттермен де арала-
сады. Олардың өзара əрекеттестігі негізінен қарым-қатынаста, 
қайсыбір ортақ іс-шараға, мысалы, университеттің іс-шараларына 
(студенттің көктем, бірінші курс студенттерін студенттер қатарына 
қосу, спорттық іс-шаралар жəне т.б.) қатысуда көрініс береді. 
Олардың дербестілікке деген ұмтылыстарына қарамастан, олар 
жоғарғы курстағы студенттердің көмегі мен өмірлік тəжірибесіне 
мұқтаж болады. Олар үшін жоғарғы курс студенттері универ-
ситетте үлкен өмірлік тəжірибені жинақтауға қолдау болады. 
Олар жоғарғы курс студенттерінен көбінде қайсыбір пəнді қалай 
тапсыруға болатынын, олардың əдебиетін пайдалана тұруды 
сұрайды, олармен ақылдасады, сондай-ақ қайсыбір мəселені ше-
шуде жай көмек сұрайды.
Төменгі курстармен өзара əрекеттестікте олар университетте 
оқыған кезеңдегі тəжірибесімен алмасады. Төменгі курстармен 
алғашқы таныстық олардың алғашқы рет студент мəртебесіне ие 
болу мерекесінде орын алады, кейінірек белсенді студенттер өзге 
де университеттік іс-шараларда танысады. Жоғарғы курстағылар 
өздерін анағұрлым ашық-жарқын ұстап, төменгі курстағылармен 
қуана-қуана араласып жатады.
Əлеуметтену барысында студенттің іс-əрекет «катало-
гы» кеңейеді, яғни олар іс-əрекеттің барған сайын жаңа 
түрлерін меңгере бастайды. Жастық жас шамасындағы балалар 
қатынастардың жаңа жүйесіне, мектептегі достарымен, ересек-
термен қарым-қатынасқа түседі. Жасөспірімнің отбасындағы
сондай-ақ күнделікті өмірдегі құрдастарының арасындағы орны 
өзгеріске түседі.


309
Іс-əрекет аумағы кеңейеді, негізінен – сол іс-əрекеттің сипаты 
сапалы өзгеріске ұшырайды, оның түрлері мен формалары біршама 
күрделенеді. Студенттер іс-əрекеттің əрқилы түрлеріне оқу-білім
алу еңбегіне, қоғамдық-саяси, мəдени-жаппай жұмысқа, дене-
спорттық іс-əрекетке, ұйымдастырушылық еңбекке жəне т.б. 
қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет