270
балалар өте əртүрлі болады. Көптеген жасөспірімдер кейбір
қасиеттерін асыра бағалайды жəне талаптарының дəрежесі нақты
мүмкіндіктерден асып жатады.
Өзін-өзі бағалау құрылымы екі компоненттерден – когнитивті
жəне эмоционалды компоненттерден тұрады. Біріншісі, адамның
өз жайындағы білімін бейнелесе, екіншісі, оның өзіне қарым-
қатынасын бейнелейді.
Өзіндік бағалаудың адекватты деңгейі жасөспірімдерде өз-
өзіне сенімділігін, өз-өзіне сын
көзбен қарау немесе керісінше,
қарамаушылық, табанды немесе орынсыз өз-өзіне сенімді.
Жасөспірім барабар өзін-өзі бағалаудан үлгерімнің жоғары
деңгейіне ие болады.
Барабар
өзін-өзі
жоғары
бағалайтын
жасөспірімдер
қызығушылықтың көп өрісін алады, іс-əрекеттің əртүрлі
бағытында, олардың бағыты белсенді болады, сонымен қатар
тұлғааралық байланыстарда қарым-қатынас үдерісінде өзін жəне
басқаларды тану мақсатқа лайықты, біркелкі бағытталған.
Агрессивті жасөспірімдер өз-өзін бағалауда (максималды
жағымды немесе максималды жағымсыз) жоғары мазасыздану,
кең əлеуметтік байланыстар алдында үрей, эгоцентризм, қиын
жағдаяттан шығуға икемінің жоқтығын көрсетеді.
Жасөспірімнің нысанасында болып
жатқан іргелі өзгерістер
жасөспірім кезеңінің маңызды белгісі болып қалады.
Бұл өзгерістердің жасөспірімдердің тұлға ретінде дамып,
қалыптасуында мəні зор. Көрнекті психолог Б. Г. Ананьевтің
пікірінше, дəл осы кезеңге сана-сезіміміз, көптеген қарым-
қатынас нысаналардан өтіп, мінездің құрылымын аяқтайды.
Оның тұтастығын қамтамасыз етеді,
тұлғаның қалыптасып,
тұрақталуына ықпал етеді.
Жасөспірім кезеңінде жастардың сана-сезімі белсенді
қалыптаса бастайды, өзіндік бағалау өзіне деген көзқарастың
тəуелсіз бір үлгілі жүйесі жасалады. Осы кезеңде жасөспірім
өзінің өзгешелігін сезіне бастайды. Оның санасында бағалаудың
бағыттары ауысып жатады. Сыртқы бағалау (ата-аналардың
бағалауы) ішкі бағалауға ауысады, сонымен бірте-бірте
жасөспірімдік өзіндік «Мен – тұжырымдамасы» қалыптасады.
Бұл тұжырымдама баланың іс-əрекет
жоспарын жасауға ықпал
етеді. Жасөспірім кезеңінің дағдарысы. Тұлғаны ұқсастыру жəне
271
рөлдің ауысуы. Классикалық психоанализдің анықтауынша, бала
өз дамуында бесінші кезеңге өткен кезде (12-18 жас) ата-анаға де-
ген «махаббат пен қызғаныш» сезімдерінде қақтығыстар пайда
болды. Осы мəселенің оң шешілуі мынада: өз кезеңінде махаббат
нысанасын таба ала ма, жоқ па? Жасөспірімдерде осы мəселенің
пайда болуын Э. Эриксон растайды, бірақ бұдан да басқа мəселелер
бар екенін айтады. Жасөспірім физиологиялық жəне психикалық
тұрғыдан өсіп-жетіледі, нəтижесінде жаңа сезімдер мен тілектер,
ойлар пайда болады, əр нəрсеге деген жаңа көзқарасы, өмірге
деген көзқарасы дами түседі. Жасөспірімнің психикасының жаңа
ерекшеліктерінде маңызды орын
алатын басқа адамдардың ой-
ларына қызығушылық таныту қасиеті, өзгелер өздері туралы не
ойлайды деген сияқты қызығушылық танытады. Жасөспірімдер
ой-қиял арқылы үлгілі отбасы, дін үлгісін, қоғам үлгісін жа-
сайды. Идеалмен шынайы өмірдегі жанұяны, дінді, қоғамды
салыстырсақ, екінші жақ жеңіліп қалады. Жасөспірім теориялық
біліммен дүниетанымдылықты қабылдауға,
өңдеуге қабілетті
болады. Қысқаша айтқанда, жасөспірім – ол шыдамсыз диалист,
теориялық қиялды іске асыру қиын емес деп ойлайды.
Осы кезеңде пайда болған айналамен байланыс параметрі
«Мен» ұқсастың оң полюсімен рөл ауысу кері полюсінің ор-
тасында теңселіп тұрақсыздықта тұрады. Былай айтқанда,
қорытындылауды үйренген, білетін баланың алдында мына
мəселе тұрады: өзін-өзі оқушы, бала, спортшы, дос, бойскаут
ретінде білетінін біріктіріп, қосу керек, осы рөлдердің барлығын
ол
біртұтас етіп жинап, ақыл-ойға салып, өткен шақпен байла-
ныстырып, болашақтың жоспарын жасау керек. Егер жас адам осы
мəселенің табысты шешімін тапса, ол өзінің кім екенін сезініп,
қайда тұрғанын жəне қайда бағыттап бара жатқанын анық сезеді.
Жас ерекшелігі дамуының алғашқы кезеңдерінде баланың даму
дағдарысына ықпалын тигізіп отыратын ата-аналары болады.
Ендеше кейінгі даму кезеңдерінде ата-ана балаға бұрынғыдай
ықпал жасай алмайды. Ата-аналардың көмегімен жасөспірім
өзінің бойында сенім, өзіндік басқару, шеберлік деген қасиеттерді
дамытқан, өзінің жеке, дара екендігіне көзі жететіндей мүмкіндігі
молая түседі.
Достарыңызбен бөлісу: