314
II. Егде адамдармен зейнетке шыққаннан кейінгі кезеңдегі
жұмыс.
Əрбір сатының өз мақсаттары мен жүзеге асыру тəсілдері бар:
І саты. Дайындық сатысы зейнеткерлікке шығардан біраз
бұрын басталады.
Мақсаты: егде адамдарды өмірінің осы маңызды кезеңін тəн
саулығы мен психологиялық денсаулығын сақтай отырып, ешбір
зардапсыз өтуі үшін зейнеткерлікке шығуға дайындау.
Бұл сатының психологиялық мəні, ең алдымен, адам өмірінің
мəртебесі мен өмір сүру салтының шарасыз өзгеру үдерісімен шы-
найы өмірде кездескенге дейін, ақыл-ойында өткереді, сондықтан
оған үйрену, бейімделу жəне стресс жағдаяттарын болдырмау бо-
лып табылады.
Психологиялық жұмыстың негізгі түрлері:
1. Психологиялық ағарту
Жұмыстың бұл түрі арнайы еңбектер (кітапшалар,
нұсқаулықтар) бойынша жаппай оқытудан тұрады.
Мұндай
əдебиеттерде егде жас ерекшеліктері туралы, жасы ұлғайған
адам зейнеткерлікке шығу кезінде
басынан өткеретін негізгі
қиындықтар туралы ақпарат ұсынылуы мүмкін.
Жұмыстың бұл түрі барынша қолайлы, алайда жекелей
қарастыру мүмкіндігінің болмауы, оның тиімділігін төмендетеді.
2. Кеңес беру
Зейнеткерлікке шығуға дайындықтың түрлі мəселелері
жөнінде дербес кеңес беруді үйымдастыру. Материалды ұсынудың
жеке тəсілі мен ауызша формасы осы əдістің
негізгі жетістігі
болып табылады. Кеңес беру үдерісінде егде адамдардың
зейнеткерліктегі өмір салты туралы түсінігін кеңейту мүмкіндігі
пайда болады, сонымен қатар зейнеткерлікке бейімделу үдерісін
қиындатуы мүмкін, түрлі психологиялық проблемаларды шешуде
көмек болады.
3. Топтық жұмыс
Арнайы құрастырылған ережелер бойынша дайындық топта-
рын құру.
Топтарды іріктеу мен қалыптастыру
зейнеткерлікке шығуға
жағымсыз көзқарасымен сипатталатын егде адамдар қатарынан
жүргізуге болады.
Дайындық топтарын құру қағидалары:
315
– Өндірістік, яғни зейнеткерлік
кезеңіне дайындық фир-
малар мен кəсіпорындарда жүзеге асырылады. Құрудың осы
қағидасы іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді жəне
топ мүшелерінің бір-бірімен танысуымен байланысты оқытудың
бірінші сатысын жеңілдетеді. Дегенмен, оның əлсіз
тұстары да
бар, яғни егде адамдарға қарым-қатынас ортасын кеңейтуге, жаңа
əлеуметтік байланыстар орнатуына мүмкіндік болмайды.
– Аймақтық қағида (тұрғылықты мекен-жайын ескеретін).
Бұл қағиданың негізгі жетістігі – бір-біріне жақын жерде
тұратын адамдар арасында ұдайы байланысты қолдау мүмкіндігі.
Дайындық топтарын қалыптастыру осы қағидалардың кез
келгені бойынша жүргізілуі мүмкін. Топтардың ерекшеліктеріне
байланысты, жұмыс бағдарламасының мазмұны да əртүрлі
болады. Бұлар – коммуникативтік тренингтері, креативтілік,
сенситивтілік, өз-өзіне сенімділік тренингтері.
Жұмыстың
мұндай формалары бейімделу үдерісіне жағымды əсер ететін,
болашақ зейнеткерлердің ұжымда бірігуінің алғышарттарын жа-
сайды.
Достарыңызбен бөлісу: