45
ə) Тұлға құрылымының дамуы
Тұлға «Ол» (Ид), «Мен» (Эго), «Жоғары Мен» (Супер
Эго) құрылымдарынан құралады. Тұлға құрылымдарының
əрқайсысының өзіне тəн табиғаты, шығу тегі жəне мазмұны бар.
Ид немесе Ол – тума əрі тұқымқуалаушылықпен бекітілген.
Бейсаналылық бөлімін анықтайды. Тума əуестіктерді,
сондай-
ақ ығыстырылғандарды жəне иеленгендерді қамтиды. Либи-
до қуатына қанық. Идтен туындайтын Эго жəне Супер Эгомен
қақтығыста болады.
Эго немесе Мен – дамудың оральды кезеңінде икемделуші
құрылғы ретінде Идтен туындап, дифференциалданады. Басты
мақсаты Ид пен Супер
Эгоның арасында делдал болу, Идтің
талаптарына қарай, Супер Эгоның бұйрықтарын ескере келе,
ақиқаттың талаптарына сай барлығын қанағаттандыру.
Супер Эго немесе Жоғары Мен – Эдип кешенін жеңудің
нəтижесінде жəне ата-аналарының талаптары мен тиымдарының
интериоризациялануының негізінде валликалық кезеңде туындай-
ды. Идеалдар, əлеуметтік
нормалар, стандарттар, құндылықтар,
ережелер жүйесін қамтиды. Менге қатысты сот жəне цензор
ретінде анықталады. Адамгершілік тұрғысынан жəне
өзін-өзі
бақылаудың негізінде адамның мінез-құлқы мен белсенділігін
реттеп отырады.
З. Фрейд өз теориясында Ид пен Супер Эгон құрылымдарына
баса назар аударады. Кейінірек психодинамикалық тұғырда «эго-
психология» бағыты пайда болады. Аталмыш бағыттың өкілдері
Эго құрылымының шығу тегіне, қызметтеріне жəне даму тарихы-
на басты назар аударады.
Достарыңызбен бөлісу: