Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Нəрестелік кезең: өмірінің екінші жартысы



Pdf көрінісі
бет57/154
Дата15.03.2023
өлшемі7.97 Mb.
#470827
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   154
damu psihologiyas kitap

5. Нəрестелік кезең: өмірінің екінші жартысы
Бұл кезеңде баланың заттармен манипулятивті іс-əрекеті 
қалыптасып, жетекші іс-əрекетке айналады. Ересектермен қарым-
қатынасының жағдаяттық-іскер формасы басымдылықпен байқала 
бастайды. Осы жастағы баланың негізгі қызығушылықтары 
заттарға шоғырланады. Жағдаяттық-іскер эмоциялық қарым-
қатынас екінші жоспарға төмендейді. Балаға жай ғана назардың 
өзі жеткіліксіз болып, біріккен əрекеттері бойынша серігі ретінде 
қабылдайтын ересекпен араласуы қажет.


138
Жағдаяттық-жас ерекшелік қарым-қатынастың пайда бо-
луы мен дамуы баланың ересекпен қатынастарында сипатта-
лады. Біріншіден, нəресте ересектің жағымсыз жəне жағымды 
ықпалдарына əрқилы жауап бере бастайды. Екіншіден, бала-
лар жақын жəне бөтен ересектерге сапалы ерекше қатынаста 
болады. Жақындарына қатысты аффективті-жеке байланыста-
ры қалыптасып, бейтаныс адамдарға қатысты қорқыныш, ұялу, 
ыңғайсыздану қылықтары байқалады. Үшіншіден, ересектермен 
аффективті байланыстары сыртқы əлемге деген қызығушылықты 
күшейтіп, балалардың танымдық белсенділігін ынталандырады.
Баланың жалпы психикалық дамуындағы сөйлеу-тілінің рөлін 
ерекше атап өткен жөн. Екінші жарты жылдық белсенді сөйлеуге 
деген даярлық кезеңі болып табылады. Ол даярлық екі жолмен 
жүзеге асырылады:
1) ересектің сөйлеу-тілін түсіну қабілетінің дамуы (ересектің 
атаған затын көзқараспен тауып, оның нұсқауларын орындауға 
дейін);
2) баланың тілі шыққанға дейінгі дыбыстауының дамуы.
Баланың жақын адамдармен терең эмоциялы байланыстарының 
пайда болуы тілдің пайда болуы мен дамуының маңызды шарты 
болып табылады. Баланың психикалық дамуы оның өзі жайлы 
түсініктерінің тереңдеу үдерінде жүзеге асады. Баланың мінез-
құлқы мен іс-əрекетін ынталандыруға қабілетті бейнелері мен 
түсініктердің пайда болуы нəрестеліктен ерте кезеңге өтудің 
сапалы өзгерісі болып табылады. Осы уақытқа дейін баланың 
мінез-құлқы тікелей ықпалдармен ғана анықталып келді. Алайда, 
баланың сыртқы жағдайлардың талабына бағынуын тоқтататын 
кезең келеді. Ол жиі ересектің мойынсұндыруға тырысқан 
əрекеттеріне қарсылыса бастайды да, өз ұмтылыстарын жүзеге 
асыруға тырысады. Бала жоқ нəрсені қалауға қабілеттілігін 
байқата бастайды. 
Баланың сана-сезімінің дамуы бір жастағы дағдарысында 
айқын байқалады. Бұл дағдарыстың белгілері баланың тіршілік 
əрекетінің барлық аумақтарын қамтиды, яғни оның заттар 
əлеміне, айналасындағыларға, ересектерге, өз-өзіне қатынасын 
қамтиды. Баланың ересектен тəуелсіз аффективті ұмтылыстары 


139
пайда болып, ол ересектің бағасына бағдарлана бастайды. 
Баланың тəуелсіз болу ұмтылысы жəне оның ересекке объективті 
тəуелділігі дағдарыстың негізгі қарама-қайшылығы болып табы-
лады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет