161
ол ойнап жүргеңде
оған жатып ұйықта десе, ол бірден төсегіне
жатып ұйықтамайды), мұның бəрін дағдарыс кезеңінің көріністері
деп санауға болмайды. Бала барынша өзінің ойындағысын істегісі
келеді. Бірақ оған тыйым салынады. Бұл жайттардың бəрін қисық-
қыңырлық қылық, жағымсыз мінез деуге болмайды. Осындай
жағдайда баланың ересектер талабына қарсы əрекеті
оның өзі
ұнатқан іспен шұғылданғысы келетінін көрсетеді.
Баланың үлкендердің талабына қарсылық білдіріп, он-
дай ұсыныстарын орындамай қырсығуы оның өзіндік ойы мен
тілегін іске асыруға ұмтылуын көрсетеді.
Мұндай қылық бала
əрекетіндегі өзіндік санасындағы өзгерісті, оның сапа жағынан
жаңа сатыға көтерілгенін көрсетеді.
Дағдарыстың көрінісі
баланың міне, осындай қылықтарынан айқын байқалады. Егер ба-
ладан басқа бір нəрсені істеуді өтініп сұраса, онда ол бұл жағдай
өзінің көңіліне қонымды болғандықтан, қарсылықсыз орындайды.
Үш жастағы дағдарыстың
екінші көрінісі – қырсығу.
Жағымсыздық қырсығудан өзгеше қылық. Қырсығудың өзін
қасарысудан ажырата білу керек. Мысалы, бала бір нəрсенің
орындалуын өзінше талап етіп қасарысып тұрып алады. Бұл
қырсықтану емес, бұл үш жастағы дағдарысқа дейін де кездеседі.
Мысалы, бала бір затты иемденгісі келеді, бірақ оны бірден ала ал-
майды. Ол бұл заттың өзінікі болуына қасарысумен қолжеткізеді.
Қырсықтану дегеніміз, сəбиге бір зат оған аса қажет болғандықтан
қасарыса қалмайды, ол затты сұрағаны үшін ғана: қасарысады. Ол
өз талабының орындалуын тілейді. Айталық, сəбиді ауладан үйге
шақырдық дейік; ол көнбейді, бірақ біз оның үйге кіру керектігін
дəлелдеп, үгіттейміз, ол дəлелді түсінгенімен; бəрібір үйге
кірмейді. Сəбидің қырсықтану себебі
өзінің бастапқы шешіміне
байланысты болады. Тек осы жағдай ғана қырсықтануға жатады.
Қырсықтануды кəдімгі қасарысудан ерекшелейтін
екі сəт бар.
Бірінші сəт. Жағымсыз қылыққа ұқсастығы, оның себеп-
ке қатысы бар. Егер бала дəл қазір қажет етіп тұрған нəрсесін
қасарысып сұраса, бұл қасарысу болмайды. Мысалы, ол
шана-
мен сырғанауды ұнатады, сондықтан да күні бойы аулада жүргісі
келеді.
Екінші сəт. Егер жағымсыздыққа əлеуметтік сипат тəн бол-
са, яғни бала ересектердің айтқанына керісінше əрекет жасайтын
болса, қасарысу сипаты болғаны. Баланың ызасы өзгермелі бола-
162
ды деп айтуға болмайды. Баланың дағдарысқа ұшырау кезеңіне
дейін оның өзіне деген ниет-қылығының себептерінің қалайша
болатындығына көз жеткізуіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: