163
дауына жүргізгісі келеді. Ондай баланың шешесі үйден шықпауға
тиіс, бала талабы бойынша шешесі бөлмеде болуға тиіс. Ол талап
еткеннің бəрін оған алып беру керек. Ол ұсынған тағамды жемейді,
өзі сүйген тамақты ғана ішеді. Бала айналасындағы адамдарға
билік жүргізу үшін неше алуан тəсілдерді табады. Ол барлық та-
лаптары орындалған жағдайда өзгелердің, бəріне əмірші болғысы
келеді. Ал кейбір семьяда мұндай сипат қызғаншақтық деп те ата-
лады. Өзінен жасы кіші не үлкен баланы қызғанатын болады.
Міне, үш жастағы баланың бойында жиі кездесетін мінез ны-
шандары осындай. Бұл ерекшеліктердің бəрі бала тəрбиесіне бай-
ланысты пайда болып отыратын қасиеттер. Бұл жайттар барлық
зерттеушілердің назарына іліккен мəселелер.
Осы ерекшеліктер бала тəрбиесін қиын етіп көрсетеді. Бұған
тəрбиесі онша қиын болмаған бала енді ересектер үшін асырауы
қиындай түседі. Бала қысқа мерзім арасында күрт өзгереді деген
түсінікте боласың. Бұрын мəпелеп жүрген «қуыршағың» енді
қыңыр, тентек, қасарысқан, жексұрын, қызғаншақ əрі
өзімшіл
тіршілік иесіне айналады. Сөйтіп оның семьядағы бүкіл болмыс-
бітімі күрт өзгереді,
Сайып келгенде, баланы жас кезінен тəрбиелеудін кеңінен
тараған түрі семьялық жеке тəрбие болып табылады. Семьялық
тəрбиенің басты ерекшелігі – бала өздігінен ешнəрсеге ұрынып
қалмай саналы əрі əдепті болып өседі деп санаған.
Бала дамуының сəбилік кезеңінде елеусіз нəрсеге ашу
шақырып, маңындағы адамдардың бəріне
өз айтқанын істеткісі
келеді. Соған орай үш жастағы дағдарыста екіжақты құбылыс
пайда болады: Бала қиқарлық көрсетіп, ашу-ызасын шешесіне,
ойыншықтарына ұрсып кею арқылы білдіреді. Баланың мұндай
қылықтарын екінші жағынан қарағанда, оның өзімшілдік əрекеті
мен
дербестігін, белсенділігін көрсететін сияқты. Баланың бо-
йында енді «мен» деген пайымы болып, өзгелер сол баланың
ығына қарай есу керек. Мұндай ерекшеліктер баланың өзіне деген
қатынасының өзгергенін көрсетеді.
Жалпы алғанда, баланың мінез-құлқы мен əрекеттерінде пайда
болып отыратын қылықтарының бəрі оның өзіндік өскендігі мен
айналасындағыларға тəуелсіз тіршілік етуге ұмтылуын білдіретін
қасиеттер болып саналады. Мұндай ерекшеліктердің бəрін кейбір
зерттеушілер бала дағдарысына тəн қасиет деп атайды.
Енді екінші белдеу дейтін мəселенің ерекшеліктеріне тоқталып
164
өтейін. Бұл белдеуді екі топқа бөлуге болады. Оның бірі – сəбидің
дербестікке ұмтылу нəтижесінен туындайтын сипаттар. Сəбидің
тіршілік ортасындағы əр алуан қарым-қатынастарға іштей на-
заланады,
ашу-кекті болып қиналады, сырттай оларға реніш
білдіріп, қақтығыстарға ұшырайды. Осының бəрі баланың бойын-
да ызақорлық өзгерістерге ұшыратады, нервтік науқасқа ұшырау
салдарынан бала энурез немесе түнде қуығын ұстай алмай, зəрін
төсегіне жіберіп қою сияқты халге ұшырайды. Бұл үш жастағы
дағдарыс кезінде кездесетін жайт. Ұқыптылықка үйретілген бала
дағдарыс кезінде өзінің дамуындағы бұрынғы сатыларында кездес-
кен ерекшеліктерін қайталауға мəжбүр болады. Түнгі қорқыныш,
жайсыз ұйқы жəне басқа жүйкелік жайсыздықтар салдарынан
баланың сөйлеуі күрт өзгереді. Кекештік пен тұтықпалық пай-
да болады, қырсығып қасарысады, ішкі дертін сыртқа шығарып,
жерге жата қалып аунайды. Мұның бəрі ішкі дертті қозғағандай
болып көрінеді. Іс жүзінде мұндай қылықтарының бəрі баланың
жағымсыз қылығын онымен санаспағандыққа қарсылық көрсетіп,
өзімшілдігін өзгелерге білдіру əрекеттері болып табылады.
Дағдарыс кезінде баланың
бойында қайта құрылатын
психикалық өзгеріс не? Бұл бала маңындағы жақын адамдары-
на – əкесі мен шешесіне жəне олардың беделіне деген əлеуметтік
көзқарасын білдіреді. Сондай-ақ баланың «мен» деген өзіндік
ерекшелігін танытқысы келіп, оның бойында бірсыпыра мінез-
қылықтары пайда болады. Ондай
қылықтар ортадағы жағдайды
өзгертеді. Бір сөзбен айтқанда, дағдарыс баланың жеке тұлғасы
мен оның маңындағы адамдардың өзара əлеуметтік қарым-
қатынасын қайта құрып, оларды өзгертіп
отыруға бағытталатын
психикалық фактор деп санаумыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: