Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Мектепке дейінгі жас шамасындағы баланың танымдық



Pdf көрінісі
бет66/154
Дата15.03.2023
өлшемі7.97 Mb.
#470827
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   154
damu psihologiyas kitap

3. Мектепке дейінгі жас шамасындағы баланың танымдық 
дамуы
Кішкентай баланың ойлауы ұзақ уақыт бойы жағымсыз 
қырынан қарастырылды. 
Ж. Пиаже – эгоцентризм. 
Л. С. Выготскийдің адамның танымдық үдерістерінің жана-
маланған сипаты жайлы идеясы кеңінен қарастырылды. Танымдық 
даму ақыл-ой іс-əрекетінің құралдарын меңгеруі ретінде
қарастырылды. А. Н. Леонтьев «Даму параллелограммасы» 
принціпін құрастырды. Танымдық іс-əрекетті ұйымдастырудың 
сыртқы құралдары ішке тереңінен еніп ішкіге айналады. 
а) Қиял бейнелердің комбинациясын қайта құрастыру қабілеті. 
ə) Мектепке дейінгі жас шағындағы балалардың ересектермен 
қарым-қатынастарының бірқатар ерешеліктері бар: 
1) тым жоғары эмоциялы қанықтық
2) қатынасу əрекеттерінің байлығы мен əрқилылығы
3) бастамашыл əрекеттердің жауап ретінде орындалған 
əрекеттерден басым болуы.


158
4. Мектепке дейінгі жас шамасындағы балалардың 
құрдастарымен қарым-қатынастары 
Баланың құрдасының ықпалдарына аса сезімталдықты 
білдірмеуі. 
Мектепке дейінгі жас шағында баланың құрдастарымен 
қарым-қатынастарының дамуы бірнеше сатыға бөлінеді. Бірінші
сатыда (2-4 ж) бала үшін құрдасы эмоциялық-практикалық өзара 
əрекеттестіктегі серігі болып табылады. 
Екінші сатыда (4-6 ж) баланың құрдасымен жағдаяттық-іскер 
ынтымақтасу қажеттілігі пайда болады; біріккен ойын іс-əрекеті 
қарым-қатынасының мазмұнын байытады.
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі – қарым-
қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып 
жетілуін талдау мүмкін емес.
Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша əр алуан. 
Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы 
тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-
қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі неме-
се техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес 
психологиялық контакт.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін жəне 
басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Соны-
мен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады. Адам-
дармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тəжірибені игеруі, 
қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-əрекет түрлерін
игеруі, жеке адам жəне дара адам түрінде қалыптасуы іске 
асырылады. Яғни, қарым-қатынас адамның психологиялық
дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда, қарым-қатынасты
былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында
психикалық үдерістері мен мінез-құлқы қалыптасатыны жан-
жақты шындық. 
Соңғы кездерде жас ерекшелік жəне педагогикалық-
психология салаларында қарым-қатынасты зерттеу мəселелері 
барынша жиі көтеріледі. Ол балалар психикасын дамыту
тəжірибесіндегі сұраныс-қажеттілікпен түсіндіріледі. Қазір
«қарым-қатынас» жəне «жеке адам», «қарым-қатынас» жəне 


159
«даму» ұғымдары параллель қарастырылады да, балалардың
психикалық үдерістерінің, функцияларының, қасиеттерінің 
коммуникациялық детерминациясы ғылымда жан-жақты талда-
нады. Бұл жағдайдың өзі қарым-қатынас бойынша теориялық 
жəне эксперименталдық зерттеулерді интенсификациялап қана 
қоймай, психология пəнінің принципиалды жаңаруына жағдай
жасады. Осылайша адамның психикалық дамуы басқа индивид-
термен қарым-қатынас, байланыс жасау арқылы психологиялық 
жағынан бағаланып, талданады. Сонда адам психикасының даму 
мəселесі «тері астындағы адам» (А. Н. Леонтьев) сипаттамасы-
на «асып шығады» да, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау, 
əрекеттесу, коммуникация кеңістігімен қарастырылады.
М. В. Елагина, А. И. Сорокина, В. В. Ветрова, Н. Н. По-
дьяков, М. И. Лисина, Е. Е. Кравцова, Х. Т. Шерьязданова, т.б. 
зерттеушілер мектеп жасына дейінгі кезеңде балалардың қарым-
қатынасының төрт қалпы бірінен кейін бірі орнын басып
отыратындығын анықтаған. 
1) туғаннан алты айға дейінгі кезеңде балалардың қарым-
қатынасы жағдайлық-жеке бастық, 
2) алты айдан екі жарым жасқа дейін – жағдайлық-іскерлік, 
3) екі жарым жастан бес жасқа дейін – жағдайдан тыс,
танымдық, 
4) бес жастан жеті жасқа дейін – жағдайдан тыс, жеке бастық 
қарым-қатынас тағайындалған. Бұл формалар балалардың ере-
сектермен қарым-қатынасын сипаттайды. Ал, балалардың басқа 
балалармен бірлескен коммуникативтік іс-əрекетінде эмоциялық-
тəжірибелік, жағдайлық-іскерлік жəне жағдайдан тыс іскерлік 
қарым-қатынас формалары болатындығы ғылымда белгілі болып
отыр. 
Қарым-қатынас компоненттерінің дамуы, өзгерісі нəтижесінде
интегралды, тұтас құрылым пайда болады. Ол коммуникативті іс-
əрекеттің даму деңгейін анықтайды. А. В. Запорожец, М. И. Ли-
сина бұл ерекше құрылымдарды «қарым-қатынас онтогенезінің
сатылары», «қарым-қатынас формалары» деп атаған. 
Баланың басқа балалармен қарым-қатынас құру арқылы 
өз-өзін тану, бағалау мүмкіндіктері болады (И. И. Чеснокова, 
Т.В.Драгунова, Д. Б. Эльконин, И. Непомнящая, жəне т.б.). Мек-
теп жасына дейінгі кезеңдегі “бала-бала” жүйесі В. С. Мухина 


160
еңбектерінде сипатталады. Ғалым баланың басқа балалармен
қарым-қатынас құруы оның психикалық дамуына жағдай жасай-
тынын негіздейді, əрі ол үш жағдайда баса көрсетіледі:
1. Баланың балалар тобымен қарым-қатынас құруында ерек-
ше, ересектермен жасалған қарым-қатынастан айрықша қатынас
тағайындалады;
2. “бала-бала” жүйесінде ғана кейбір іс-əрекет түрлерін мең-
геруге болады, яғни балалар топпен ғана ересек адамдардың
қатынасын бірлесіп қайта жаңғырта алады;
3. Балалар тобында мінез-құлық, жүріс-тұрыс нормалары мен
адамгершілік қасиеттерді қолданып, жаттығуға мүмкін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет