261
жағдайда, «Мен – тұжырымдамасының»
қалыптасуына бейне
психологиялық тəжірибенің негізгі көзі болып табылады.
Жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауына ата-ананың ықпалы.
«Мен – тұжырымдамасының» дамуында негізгі фактор ата-
ана мен баланың қарым-қатынас түрі. Бұл төмендегі себептер-
мен түсіндіріледі: біріншіден, «Мен – тұжырымдамасының»
негізі балалық шақ кезінде қаланады, ал бұл уақытта бала үшін
маңызды – ата-ана болмақ. Ата-ана арқылы теріс байланыс пайда
болады. Бала өзі туралы түсінігі кеңейіп, өз-өзіне баға бере ала-
ды. Екіншіден, баланың «Мен – тұжырымдамасының» дамуы-
на əсер ете алатын мүмкіндік ата-анада бар, өйткені,
бала ата-
анаға барлық жағынан тəуелді болады. Баланың өзін-өзі бағалау
қасиеттерінің қалыптасуына қажет психологиялық шарттарды
қарап шығайық. Зерттеулер көрсеткендей, отбасының қолдауы
жəне баласын қабылдауы көп жағдайда олардың жалпы өзін-
өзі бағалауына əсер етеді, ал мектептегі сəттіліктер мен кейбір
факторлар оқытушылармен байланысты, мысалы, жеткіншекті
мұғалімнің когнитивті эмоциялық қабылдауы.
Зерттеулерде ата-ананың жасөспірімге көңіл қойып, жылылық
танытуы, олардың болашақта
жағымды өзін-өзі бағалауын
қалыптастырады. Ата-ананың қатаң, негативті қарым-қатынасы
кері əсерін тигізеді: мұндай балалар сəтсіздіктерін бір нүктеге
топтастырып, тəуекелге баруға қорқады, жарыстарға қатысудан
қашады, агрессивті жəне дөрекі, сонымен қатар мазасыздық
деңгейі жоғары болады. Отбасындағы балаға эмоциялық қарым-
қатынастың маңызы зор. Отбасындағы қарым-қатынастың
екі стилі бар: ассиметриялы жəне симметриялы. Екеуінің де
жасөспірімнің өзін-өзі бағалауына əсері екі түрлі.
Симметриялық стиль – отбасы мүшелерімен серіктесу
негізінде құрылады. Бұл фактор
жасөспірімнің өзін-өзі
бағалауында эмансипацияға ықпалы зор. Қарым-қатынастың
симметриялы стилі жеткіншектерді өз-өзін бағалау критерий-
лер жүйесін қалыптастырады, сыйласымды қарым-қатынас тек
ата-анаға ғана емес, жасөспірімнің өз-өзін сыйлауына жəне іс-
əрекетінің тиімді болуына септігін тигізеді.
Ассиметриялы стиль – отбасындағы мəселелерді ше-
шуге жасөспірімдердің қатысуына шектеу жасауы. Қарым-
қатынастың ассиметриялы стилі жасөспірімдердің «Мен» бейнесі
262
мен өз-өзіне жағымсыз қарым-қатынасын қалыптастырады.
Оқудағы сəттіліктер, мұғалімнің бағалауы өзін-өзі бағалауға
əсерін тигізеді.
Зерттеулер, сонымен бірге жасөспірімдерге
ата-аналарының жылы қарым-қатынасы баланы жақсы бо-
лып өсуіне зор көмек болады. Ата-анасының жылы алақанында
тəрбиеленген бала өзіне сенімді жəне жақсы болып өседі. Ал ата-
анасының ұрысуымен өскен балалар кейін жасық, тəуекелге
бара бермейтін болып өседі. Осыларға қарап ата-ана ықпалын
симметриялық, антиссиметриялық сипатқа бөлуге болады.
Симметриялық сипатта тəрбиеленген жасөспірім алғыр, жақсы
болып өседі. Антисимметриялық сипаттағылар жасық, жолы бола
бермейтін болып өседі. Міне, осыларға қарап ата-ана тəрбиесінің
дұрыстығы жеткіншектің қалыптасуына үлкен ықпал ететіндігін
білеміз. Осылардың ішінде ата-аналармен
сыныптастарының
ықпалы көп əсер етеді. Жасөспірімдерді зерттеудегі көпжылдық
еңбектерді қарап отырып, ата-ананың бала тəрбиесінде үлкен
ықпал бар екенін көреміз. Мысалы: Розенбергтің жəне Куперс-
мита, Бахмандардың жасөспірімдердің өмірін зерттеулеріне
қарап, ата-ананың жасөспірімдерге тəрбие бере отырып, оларды
өздерін бағалай білуге үйрету керек. Олардың істеген еңбектерін
мейлі ол аз еңбек болса да, жасөспірімге ілтипат немесе қошемет
көрсету олардың еңбектерін бағалау болып табылады. Сөйтіп,
оларда басқалардың еңбегін бағалауды үйренеді. Жасөспірімдерге
сыныптастарының ықпалы да үлкен рөл атқарады. Сыныптас-
тарымен қарым-қатынаста бола отырып,
олардың жағымды
жəне жағымсыз қылықтарын көре отырып, соның ішінен өзіне
керектілеріне еліктей бастайды. Осындай сыныптастарымен
қарым-қатынас жасауда ата-ана ықпалы да керек болады. Үйінде
антисимметриялық түрде тəрбиеленген балалар сыныптастары-
мен тез араласа алмай көбіне тұйық жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: