ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
ғары идеялы болсын» деген ма-
қаласы ұлтшылдықты әшкерелеу
науқанының партия басшылығымен
жүргізіліп жатқанын дәлелдейді.
Автор Қ. Қасымов көтерілісін
ұлтшылдық көзқараста бағалаудың
орын алғанын сынай келе, әдебиетші
ғалымдар өз қателерін больше-
викше түзетудің орнына зиянда
мақалаларын әлі де жариялап жат-
қанын айта тұқыртып тастады. Бұл
көрнекті әдебиет зерттеушілерін қу-
далаудың жоғарыдан басталғанына
бір дәлел болса, екіншіден олардың
зерттеулері мен шығармаларындағы
ұлтшылдықты ашуға арналған қа-
ралағыш мақалалардың жарияла-
нуына жол ашты. Сол-ақ екен, та-
рихта Е. Бекмаханов, тіл білімінде
С. Аманжолов бастаған ғалымдарды
сынау қолға алынды. Әдебиеттану-
дан М. Ғумарова «Қазақ әдебиет
тарихындағы Қ. Қасымов қозғалы-
сын зерттеушілерге қарсы» деген
мақа ласында бүкіл әдебиетшілерді
топтастыра алып, ұлтшылдықтың
қа мытын кигізіп жіберді. Б. Кенже-
баев «Сұлтанмахмұттың ақын ды-
ғы» монографиясына байланыс ты
солақай сынның астында қалды.
«Большевиктік әділ сынды» арқау
еткен Н. Жандилдин «Сұлтан мах-
мұт туралы сапасыз кітап», Ж. Сәр-
секов «Тарихи шындық бұрма-
ланбасын», Б. Сахариев «Б. Кен-
жебаев творчествосындағы қате-
ліктер»
секілді
мақалаларында
ақын шығармашылығын зерттеудегі
«бірыңғай ағым» теориясына шал-
дыққан қателерді «өлтіре сына-
ды». Соның негізінде «Кенжебаев
жолдастың кітабы шынайы ғылыми
еңбек емес, көп ретте тарихи шын-
дықты
бұрмалайтын
бірбеткей,
Сұл танмахмұтты дұрыс түсінуге
мүм кіндік бермейтін, қайта көп
жерінде шатастыратын кітап» болып
бағаланды, ақын мұрасын зерттеу
мен оқытуға күмән тудырып, тіпті
әдебиет тарихынан сызып тастау
керек деген қатал үкімнің шетін де
шығарып қойды [82]. Бұл сипатта-
ғы сыңаржақ ой Т. Нұртазиннің
«С. Мұқанов творчествосы туралы»
еңбегіне арналған Қ. Сатыбалдин нің
«Қателіктерді бүркемелейтін моно-
графия» деген сынында да көрініс
тапты [83].
Автор орта мектепке арналған
оқу құралдары мен 1949 жылғы
«Қазақ совет әдебиеті тарихының
очерктеріндегі» мақалалардан басқа,
кеңес дәуіріндегі ақын-жазушылар
туралы еңбек жоқ екенін орынды
атап етіп, бұл бағыттағы тұңғыш
еңбек екеніне көңіл аударады. Бұл
салада қазақ әдебиеттануы жеткілік-
сіз жұмыс жасап отырғанын, оның
өзінде ұлтшылдық шырмауындағы
өрескел қателерге жол берілгенін,
осы еңбек арқылы дәлелдеуді мақ-
сат тұтады. Сыншы «С. Мұқанов
шы ғармашылығын
орынды-орын-
сыз мақтау, олардың кемшіліктеріне
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
310
Достарыңызбен бөлісу: |