155
арналған), Алматы, 2003. (Ф.Ш.Оразбаева., А.М.Мұратбекова); Практикалық қазақ тілі (жоғары оқу
орындарының химия факультетіне арналған), Алматы, 2005 (Ф.Оразбаева., С.Садықова) және т.б.
Олардың барлығы да өндіріске енгізіліп, сабақ сапасын арттыруда игі әсерін тигізуде. Ғалымның
жетекшілігімен қорғалған еңбектердің жалпы санына тоқталатын болсақ: - 10.02.02 - қазақ тілі, 13.00.02 -
қазақ тілін оқыту әдістемесі мамандықтары бойынша 11 ғылым докторы мен 40 ғылым кандидатын
дайындады.
Фаузия Шәмсиқызы өз кафедрасында меңгерушілік қызметін атқарумен шектелмей, сонау 90-
жылдардың екінші жартысынан бастап Қазақстанның орта және жоғары білім беру мекемелерімен қазақ
тілін оқытуға қатысты тығыз ғылыми шығармашылық байланыста болды. Солардың бірі ‒ С.Аманжолов
атындағы Шығыс қазақстан мемлекеттік университетінің практикалық қазақ тілі кафедрасы ұжымы.
Аймақта мемлекеттік тілді оқытудың
инновациялық технологияларын, тиімді әдіс-тәсілдерін, озық
технологияларын ұсынып, қажетті бағыт-бағдар берді. Тәжірибелі ұстаз Өскемен қаласына іс сапармен
келген кезінде кафедра оқытушыларымен кездесіп, жоспар бойынша өтіп жатқан қазақ тілінен ашық
сабақтарға қатысып, оны жан-жақты талдап, құнды пікірлер айтатын. Ал енді бізден басқа еліміздегі оқу
орындарының қаншама аспиранттары мен ізденушілеріне жетекшілік етті?! Біздің әрқайсымызға алтын
уақытын бөліп, аянбай еңбек сіңірді... Әр аспиранттың, ізденушінің ғылыми жұмыстарын және өзімнің
жазып әкелген қағазымды мұқият оқып, қателерін түзеп, ерінбей-жалықпай
зор ыждығаттықпен ақыл
айтып, кеңес бергеніне мен талай рет куә болдым. Таң атысымен жұмысқа келген ұстаз, күннің батысы,
кешкі сағат 9-ға дейін консультация беретін. Өзім туралы айтар болсам, ғылым жолына қадам бастырған
ең үздік ұстазым деп, Фаузия апайды айтып, мақтан тұтамын. Ғылыми жұмыстың тақырыбын анықтап,
оның жоспарын тарау-тарауға бөліп, маржандай жазуымен жазып, оның қалай жазу керектігін тәпкіштеп
түсіндіріп беретін. Ғылыми мақаланы қалай дұрыс жазудың жолын көрсетіп, схемасын сызып берген.
Сондай-ақ оқу құралы болсын, мейлі сөздік, бағдарлама болсын, оларды құрастыру бойынша нұсқаулық
беріп, баспадан шығарылатын басылымдардың сапасына үлкен мән беріп, шәкірттерінен талап ететін.
Ғылыми жетекшіміз шәкіртті түсіне біледі, олардың бойында жасырын жатқан жалынды жанарларды
байқай білетін, шығармашылықпен жұмыс істетуге баса назар аударатын. Парасатқа толы ақыл-
кеңестерін өзіне ғана тән мәнерімен шәкірт жүрегіне жеткізе алатын. Мінезі салмақты, ақ жарқын,
бойында
қаншама қуат, белсенділік, шәкірттерге білім беруге деген құлшыныс пен құштарлық бар!
Сауатты, нақты, нық сөйлеген сөздерімен адамды баурап алады. Ұстаз ретінде ұстамды, парасатты, талап
қоя білетін, ең басты қасиеттерінің бірі – адамгершілігі мол, шәкірттерімен тең, сыйластық,
ынтымақтастық
дәрежеде болуы, заманауи педагогикадағы «субъект-субъектіге» қарым-қатынасының
нақ өзі болатын.
Ф.Ш.Оразбаева ‒ 400-ден астам ғылыми және әдістемелік жұмыстардың, соның ішінде
монографиялардың, оқулықтардың,
оқу құралдарының, электронды оқулықтардың, сөздіктердің,
мемлекеттік стандарттар мен стандартты бағдарламалардың, мақалалар мен баяндамалардың авторы.
Қаншама ғылыми жобалардың авторы: «Қазақ тіл білімінің өзара байланысының негіздерінің ғылыми
негіздері», «Тіл білімі: қазақ және түрік тілдерінің лексикасы», «Лингвистер
мен жазушылардың
энциклопедиясы», «Қазақ тіл білімі салаларының теориялық және әдіснамалық негіздерін үздіксіз жүйеде
саралау». білім беру ‒ адам ресурстарын дамытудың кілті» «Лингвистикалық терминдердің ғылыми-
әдістемелік негіздері», «Филологтарға тіл мен әдебиетті оқытудың ғылыми-инновациялық әдістемесі»,
«Латын графикасымен қазақ алфавитінің ғылыми-лингвистикалық негіздері», «Мамандарды даярлау
процесінде үштілділікті қалыптастыру әдістемесі мен технологиясы» (қазақ, орыс, ағылшын)».
Ф.Ш. Оразбаева ‒ Еуропада және Халықаралық стандарттарда (DALF / DELF, IETS, TOEFL және
т.с.с.) алғаш рет дайындалған және басылып шыққан, Қазақстан Республикасындағы
тілдік білімді
бақылауға арналған 6 деңгейлі оқу-әдістемелік кешеннің авторы және жетекшісі (2006 ж.) «Edusoft»
Израиль тілін оқыту орталығымен бірлесіп жасалған DEMO қазақ тілі курсының авторы (2007).
Қазіргі таңда да, ұлағатты ұстазымыз университет және одан тыс республикалық, облыстық, қалалық
білім
ошақтарында
ғылыми-практикалық
конференциялардың,
пәндік
олимпиадалардың
ұйымдастырылып өткізілуіне белсене араласып, атсалысып келеді. Конференция болсын, мейлі дөңгелек
үстел болсын, ғалым тарапынан тіл білімі саласында, кез келген тақырып аясында сөз қозғалып, орынды
сауалдар қойылып, сынды пікірлер айтылады. Осыған қарағанда, Ф.Оразбаеваның қаншалықты еңбекқор,
терең білімді, жан-жақты, жоғары білікті маман екеніне көз жеткізу қиын емес.
Сөзімізді түйіндей келе, ұлағатты ұстаз, дарынды ғалым, жоғары білікті әдіскер, бір сөзбен айтқанда,
«сегіз қырлы, бір сырлы» профессор Фаузия Шәмсиқызы еліміздің білім саласындағы, атап айтқанда,
қазақ тіл біліміне зор үлес қосқан дара тұлға. Оның өз ісіне жастайынан беріліп, әрқашан да ізденуден
жалықпайтын қасиеттері шәкірттері және жастар үшін үлгі тұтарлық жайт.
Достарыңызбен бөлісу: