Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет29/181
Дата27.05.2023
өлшемі4.33 Mb.
#474356
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   181
1 2019

жаңғыртушы, танымдық және коммуникативтік. 
Ал, осы қызметтерді жүзеге асырушы сөз (речь) – тілдің қоғамдағы өмір сүруі мен қызмет етуінің 
тәсілі. Басқаша айтқанда, ол – тілді адамның (тұлғаның) өз әрекетіне сай саналы түрде қарым-қатынас 
құралы ретінде қолдануы. Яғни, адамның коммуникативтік-прагматикалық қызметіндегі сөз дегеніміз 
нақты жағдаятқа байланысты вербалды және бейвербалды құралдарды пайдаланып, мақсатты түрде 
айтылған сөз. Осымен байланысты коммуникативтік-прагматикалық лингвистика адамдардың арасында 
ақпарат беру және алмасу кезіндегі тілдік бірліктердің қарым-қатынасы мен ережелерін ескереді. Олар: 
коммуниканттардың интенциясы мен сипаты, олардың бір-біріне деген қатынасының түрлері мен 


34 
мазмұны. Бұл мәселе нақты коммуникативтік жағдаятта (мысалы, педагогтік т.б.) дискурс және мәтін 
арқылы жүзеге асады. Дискурста адресант, сөз актісінің нәтижесі ретінде мәтін және оны қабылдаушы 
(адресат) коммуникативтік тұтастықта қаралады. Сондықтан ғалым-ұстаз, мемлекеттік тілді 
насихаттаушы қайраткер ретіндегі сөзінің коммуникативтік сапасын айқындауда ұстаз-әдіскер 
Ф.Оразбаеваның бойындағы ізгілікке толы жан дүниесін сыртқа шығаратын, тағылымдық қызметін 
атқарып, ерекше көрінетін шешендік қабілетін атап өткен жөн. Коммуникативтік үдеріс барысында 
адресанттың (ұстаздың, лектордың) діттеген мақсатына жету үшін оқушы санасындағы тілдік кодты аша 
алатындай тілдік білімін ескеріп, қызығушылығын оятатын көркем де тиімді сөз жүйесін қолдану үрдісі 
Ф.Оразбаеваның сабақтары мен дәрістерінде қолданыс табатын дағдылы қағида. 
Зерттеуші бойындағы көркем ойлау жүйесі мен сұлу сөз өрнегін танудың бастауының «Оғызнама» 
жырын зерттеген дипломдық жұмысынан басталып, сұлулық сыры тұнған сын есімдер синонимиясын 
зерттеуге арналған кандидаттық диссертациясында ұштала түскенін білеміз.
Ғылыми-шығармашылық жұмыстарының негізгі нысаны ретіндегі қатысым болмысының тамыры
біздің ойымызша, зерттеушінің өз бойында ерекше орын тапқан. Біз білетін Фаузия айналасындағы 
адамдарға (мейлі, ол отбасы ма, шәкірттері ме, дос-жарандары ма, туыстары ма, әріптестері ме т.б.) 
бейжай қарай алмайды. Тумысындағы тектіліктен тараған табиғи жаратылысына сай айналасына кісілік 
те, кішілік те мінез танытып, қандай күрделі жағдаяттарда да тіл табысып, сол сәттегі қажет сөзді айта 
алады.
Сондықтан ғалым-ұстаз Ф.Оразбаеваның адами тұлғасын сипатайтын жан әлемінің сұлулығы мен 
дарқандығы ғалымдық тұлғасының кең өрісімен жалғасуы – заңды құбылыс. Сол сияқты қазіргі 
жаһандану заманында кез келген қызметкер әйелдің болмысынан жоғалып бара жатқан адал жар, 
мейірімді ана, абзал әже, сенімді дос сияқты ізгі қасиетердің табылуы да заңдылық. 
Қорыта айтқанда, Ұлы даламыздың рухын сақтап, жаңа ұрпақтың санасын тіл арқылы жаңғыртып 
тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды игеретін тәрбие беру – қазіргі тәуелсіз Қазақстанның рухани 
кеңістігінде маңызды мәселе. Оны жүзеге асыруға байланысты оқыту үдерісін жетілдірудің маңызды 
тетігі – жаһандану заманындағы қоғамның талабына және оқушының санасына сай ғылыми-әдіснамалық 
кешенді қалыптастыруда.
Ел үшін, елдің ертеңі үшін жас ұрпақтың қолына ұстатқан профессор Ф.Оразбаеваның ана тілімізді 
шын мәніндегі мемлекеттік өріске шығаратын құрал ретінде ұсынып отырған «Деңгейлік қазақ тілі» т.с.с. 
еңбектері Жұбан ағамыз «Мен қазақ қыздарына қайран қалам!» деп тамсана жырлаған ұлтжанды қазақ 
қыздарының дәстүрінің қазіргі заманда да жалғасуының айғағы. Олай болса, осындай ауқымды 
мемлекеттік және ұлттық мәселелерді шешуде қазіргі заманның қазақ әйелі тұлғасына лайық профессор 
Ф.Оразбаеваның ел үшін, жас ұрпақ тәрбиесі үшін атқарып жүрген ғалымдық, ұстаздық, қайраткерлік 
қажырлы еңбегі – ерлік!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет