100
Шілдеханадан жоқтауға дейін жалғасып жатқан мәдени-тағылымдық жоралғыларды айқындайтын,
әлеуметтік мәні жоғары тіл құралдары дәстүрлі мәдениеттегі қарым-қатынасты тануға арқау болатынын
дәлелдейді. Олардың қатарына шілдехана, бесікке салу, тұсаукесер, тоқымқағар, тілашар, құдалық, т.б.
жатқызуға болады.
Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер, этикеттік сөздер арқылы ұлттың қарым-қатынас мәдениетін (қонақ
сыйлау, қыз сыйлау т.б. ) тануға болады.
Сокральды дүниетанымға негізделген сөз орамдары, табу сөздер, бата-тілектер мен әртүрлі
жағдаяттағы ырымдарды білдіретін тіл бірліктері халықтың мәдениетімен бірге, нанам-сенімін
көрсететінін дәлелдейді.
«
Ассалаумағалейкум, адыраспан!
Бізді Сізге жіберді Омар, Оспан.
Ем қылмасам, маған серт,
Ем болмасаң, саған серт» дегенде, халықтың тілі мен ділінің байланысы көрініс табады.
Ұлттың санасында орныққан бала тәрбиесі туралы ережелер мен заңдылықтар да
халық тілінде
молынан сақталғаны назардан тыс қалмаған. «Үйге кірген жыланның басына ақ құйып шығарып сал»,
«құдыққа түкірме», «есікті керме», «ағын суға дәрет сындырма», «Көктеген ағашты сындырма» т.б. Бұлар
тілдік қатынас пен адамзаттық ділдің байланысын анықтап, халықтың дүниетанымынан, әлеуметтік
мәдениетінен хабар беріп, мәдениеттің бір тармағын құрауға қызмет атқаратын қатысымдық бірліктер
ретінде танылады.
Бұдан ғалымның эмпирикалық таным теориясын қалыптастырғанын көруге болады. Эмпирикалық
танымда пайымдаулар мен ұғынулар басшылыққа алынады және оның ең маңызды элементі факт болып
табылады. Факт латын тілінен «factum» аударғанда «жасалған», «орындалған» деген мағынаны білдіреді.
Факт ұғымының мәнін ғалымдар былайша анықтап отыр: 1.
Объективті оқиғаларға, объективтік
шындыққа («шындық фактілері») немесе сана мен таным сферасына («сана фактілері») байланысты
шынайылықтың белгілі бір үзіндісі. 2. Кез-келген оқиғаны, құбылысты білу, оның сенімді түрде
дәлелденуі, яғни шындықтың синонимі. 3. Эмпирикалық білімді, яғни бақылаулар мен эксперименттер
барысында алынған ұсыныс [3]. Ғылыми факт эксперименттерге негізделеді,
эксперимент ешқашан да
жай ғана фактілермен жасалмайды оған әрқашан теориялық идеялар негіз болады. Ғалым коммуникативті
тіл білімінің теориялық мазмұнын ғана жасаған жоқ, сонымен бірге оны тілдік фактілермен дәйектеп, іс
жүзінде жүзеге асыра білді. Нәтижесінде қазақ ғылымындағы коммуникативті тіл білімінің әдіснамалық
негізі қаланды. Профессор Ф.Ш.Оразбаеваның әдіснамаға қосқан үлесін былайша көрсетуге болады:
Осы әдіснаманың негізінде тілдік қатынас пен патриоттық тәрбиенің сабақтастығын көрсетті. Ғалым
тілдік қатынас пен патриоттық тәрбиені рухани құндылықтар арқылы сабақтастырып, оның
педагогикалық негізін анықтайды. Ана тілінің сөздік қорын, бай қазынасын толық игеру; бабадан балаға
аманат болып жеткен шежіре тілінің мәні мен мағынасын, мазмұндық терең иірімдерін сақтау; оларды
дұрыс түсіну, қолдана білу міндеті өтелген жағдайда ғана жеке тұлғаның елге, жерге, Отанға, ұлтқа,
адамзатқа деген құрметі мен сүйіспеншілігі артатынын, сонда ғана
ұлттық мәдениет биігіне шығып,
әлемдік өркениетке жетеуге болатынын айтады. Сүйінбай ақын атаған «Бағасы құнды асыл сөз» арқылы
тілдік қатынасқа түсу жас ұрпақтың ана тілін сүюіне, құрметтеуіне, дамытуына ықпал ететінін жан-жақты
түсіндіреді. Ұлттық сананы, патриоттық сезімді оятуда тілдік қатынастың алатын орны ерекше екенін
көрсетеді.
Ғалым Ф.Ш.Оразбаеваның гносеологиялық зерттеулері тілдік қатынас теориясы – сөйлеу актісі
теориясы – таным теориясы үшітігінен құралса, эпистемологиялық зерттеулері сөйлесім әрекеті –
педагогика – психология үштігінен тұрады. Екі үштік бір-бірімен бірлікте, сабақтастықта зерттеледі.
Сондықтан профессор Ф.Ш.Оразбаеваны қатысымдық тіл білімінің негізін салған,
коммуникация
теориясының мектебін қалыптастырған ғалым ретінде танимыз.
Достарыңызбен бөлісу: