Технологиясы


 Ет консервілерінің өндірісі жəне ассортименттері



Pdf көрінісі
бет23/125
Дата04.08.2023
өлшемі2.15 Mb.
#475949
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   125
2. Ет консервілерінің өндірісі жəне ассортименттері 
 
Консервілеу дегеніміз – тағамдарды бұзылудан сақтау. Бұрынғы 
өткен заманнан тағамды сақтаудың əртүрлі тəсілдері болған, мысалы: 
кептіру, тұздау, қақтау, табиғаттың суығын қолдану. Ал тағамдардан 
əртүрлі консервілер өндіру, халыққа деген арнаулы қор жасау немесе 
сақтау. Консерві өнімдері XIX ғ. пайда болды.
Консервілер дегеніміз тағамдарды мықты таралар қолданып
ыстық бумен пісірілген, буланған тағам. Консерві тағамдарын алыс 
жол жүргенде, құрылыстарда, əскери бөлімдерде қолданады.
Консерві өнімдерінің сапасын неғұрлым жеке инструкция 
бойынша үкіметтің стандартын қолдана отырып шығарады. 
Консервілердің сапасын анықтау үшін химиялық жəне микро-
биологиялық тексеруден өткізеді. Консерві өнімдерін шығарудың 
негізгі міндеттері: өнім сапасын жақсарту, өндірістік өнімдерді 
арттыру, сонымен қатар оған шығатын шығынды кеміту. Осындай 
мəселелерді шешу үшін өндірісте жаңа технологияны қолдана 
отырып, сапасы жақсартылған құрал-жабдықтарды қолданған жөн, 
сонымен қатар өндірісте автоматтандырылған жəне комплексті 
қондырғыларды қолдану жаңадан полимерлі қағаз, картон, жұқа 
қаңылтыр тағы басқа қолданылады.
Сақталу кезінде тағамдар түр түсін өзгертеді, дəмін, тағамдық 
қасиеттерін жоғалтады. Сол себептен көптеген консерві тағамдары 
қолданылмай қалады. Тағамдардың бұзылуына микроорганизмдер 


38 
химиялық құрамына əсер етеді, консервілердің құрамы өзгереді 
дəмсіз, иісі нашарлайды, кейбіреулері уланып адам өміріне де əсер 
етеді. Тағамдарды консервілеу тəсілдерінің алдында қойған мақсаты 
микроорганизмдердің өршуін тоқтату, сонымен қатар ферменттердің 
жұмыс атқару күшін жақсарту. Тағамдардың органолептикалық 
қасиеттерін қайтару өте күрделі процесс, сондықтан бұзылған 
шикізаттарды консервілеуге болмайды. Консерві өндірісіне таза 
бұзылмаған шикізаттарды қолданған жөн. Ет консервілері 
шикізатының əр түрлілігіне қарай рецептурасы бойынша жəне 
дайындау тəсіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мықты ыдыстарды 
қолдана отырып дұрыс пастерленген химиялық құрамы тұрақты 
консервілерді ұзақ уақыт сақтауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет