Баяр Күлшат абай шығармаларын интерактивті оқыту әдістемесі 7М01717- «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет18/28
Дата27.08.2023
өлшемі1.44 Mb.
#476243
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
абайды оқыиу

«Төрт сөйлем» тәсілі. Мәтіндегі ақпараттарды талдауда, ой 
қорытындылауда пайдаланылатын тиімді әдіс-тәсілдердің бірі [53, 64]. 
Формасы: 
Пікір. Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз. 
Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде. 
Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір. 
Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз. 
«Борт журналы» әдісі. Оқушылар мәтінді тыңдайды, сұрақтарға жауап 
береді, түйінді ойларын өздерінің «борт журналына» енгізеді. Өзге 


41 
оқушылармен пікір алмасады, мәтінді күнделікті өмірмен байланыстырады 
[53, 66]. 
«Борт журналының» бағандарына келесі сұрақтарға жауап жазады: 
Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? 
Мен не білемін? 
Мәтіннен қандай ақпарат алдым? 
«Ойлаудың алты қалпағы» әдісі. Оқушылардың өзі ойлау 
қабілеттерінің ерекшеліктерін жақсырақ түсінуін, ойлау бейнелерін 
бақылаудың және мәселенің шешу кезінде ойлау үрдісін тиімді пайдалану 
мақсатында ойда қойылған міндеттермен нақтырақ байланыстыруға 
үйрететін әдіс. Бұл әдістің авторы – американдық профессор Эдвард де 
Боно [54, 39]. Осы әдісті пайдалануда мұғалім мына жайттарды ескеру 
керек:  
1. Әр білім алушы ойлану керек және ойларын айта білуі керек
2. Тым күрделі жағдайларды қарапайым жағдайлармен алмастыру 
керек; 
3. Жоспарлы және сатылы әрекет болу керек; 
4. Менің пікірім әрқашан дұрыс демей, керісінше пайдалы ұсыныстар 
жасау керек. Басты міндет оны көре білу [54, 40]. Оқушылардың өзі ойлау 
қабілеттерінің ерекшеліктерін жақсырақ түсінуін, ойлау бейнелерін 
бақылаудың және мәселенің шешу кезінде ойлау үрдісін тиімді пайдалану 
мақсатында ойда қойылған міндеттермен нақтырақ байланыстыруға 
үйрететін әдіс. 6-сыныпта Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін 
оқытуда «Ойлаудың алты қалпағы» әдісін мынадай тапсырмалар беру 
арқылы қолдануға болады. 
10-
кесте. «Ойлаудың алты қалпағы» интерактивті әдісін қолдану үлгісі 
Ақ қалпақ 
Өлеңді мәнерлеп оқып, өлеңнен жіктеу есімдіктерін тауып, септеңдер. 
Жіктеу есімдіктері: сен, сіз 
А.с. Сен 
І.с. сенің 
Б.с. саған 
Т.с. сені 
Ж.с. сенде 
Ш.с. сенен
К.с. сенімен 
Қызыл қалпақ 
Өлеңді негізге алып төмендегі кестені үлгі бойынша толтырыңдар. 
Есім сөз 
Есімдік 
Дәлелдеме 
Ғылым 
(зат 
есім) 
Сен 
«Сен» есімдігі 
өлеңде 
«ғылым» 
сөзімен 


42 
мағыналық 
байланыста тұр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет