43
Берілетін тапсырмалар түрі: жабық тест тапсырмалары,
қалдырып
кеткен сөздердi қою, жатқа айту, анықтамалар мен атауларды қайталау,
олардың қолдану тәртiбiн айту.
ІІ. Түсіну.
Бұл категорияда ережелерді,
берілген материалдарды,
ұғымдарды теориялық тұрғыдан түсіне білу маңызды.
Оқушының қызметі:
1) фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;
2
) тақырып бойынша ұсынылған материалды, схемалар, графиктер,
диаграммаларды түрлендіреді.
Ұсынылатын тапсырмалар түрі: сөйлемді аяқта,
сөйлемді өзгерт, өзара
байланысын түсіндір, айырмашылығын көрсет, өз сөзіңмен айт, графикті,
суретті түсіндіріп бер.
ІІІ. Қолдану. Бұл категорияда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды,
теорияларды, практикалық тұрғыдан дұрыс қолдана білу маңызды [55, 76].
Сонымен қатар, қолдану категориясы оқушылардан оқу материалын
тереңірек игеруді талап етеді. Мұнда оқушының қызметі:
1) ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;
2
) анықтамалар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты
ситуацияларда қолданады.
Тапсырмалар түрі: таблица, график жасау, кестемен жұмыс жасау.
IV. Талдау. Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны
құрамдас бөліктерге бөлу, бүтіннің бөліктерін ажырату, бүтіннің бөліктерінің
арасындағы өзара байланыстарды анықтау. Бұл категория оқу материалының
мазмұны мен оның ішкі құрылысын нақтылап, саралап талдауды қажет етеді.
Бұл категорияда оқушының қызметі:
1) ұсынылған материалдың маңыздылығын айқындайды;
2) фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;
Ұсынылатын тапсырмалар түрі: топтастыр,
салыстыр, себебін талда.
V. Жинақтау. Оқу материалдарын реттейтін хабарлама, жұмыс жоспары,
схемаларды дайындауды қажет етеді. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн
мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді
қолдануды талап етеді. Оқушының негізгі қызметі:
а) шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма жазады;
ә) тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;
б) қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін
шығармашылықпен қолданады.
Берілетін тапсырмалар түрі: өз шешіміңді тап,
алгоритм құрастыр,
баламасын тап, бөліктерден құра, жүйелестір, зертте.
VI. Бағалау. Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік
пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу
нәтижелелеріне қол жеткізуді талап етеді [55, 77]. Оқушының негізгі қызметі:
а) оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;
ә) ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп,
оқу материалының
маңыздылығын айқындатады;
44
б) жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге
сәйкестігін анықтайды.
11-
кесте. Блум таксономиясы.
Білу
Оқушы меңгеретін және берілетін білім негіздері
Түсіну
Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді
Қолдану
Алған білімді қолданады
Талдау
Білімді жай қабылдамайды, талдайды, саралайды,
салыстырады
Жинақтау
Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады
Бағалау
Оқушы меңгеретін және берілетін білім
негіздерін түсініп бағалайды
Достарыңызбен бөлісу: