53
Бұл тапсырмада оқушы жіктеу есімдігін дұрыс септеуді үйренеді.
Жіктеу есімдігінің септелуі есімдіктің басқа түрлерінен
өзгеше болатынын
біледі. Тапсырма орындау барысында қателік
жіберген оқушы дұрыс
жауабын сол сәтте ұялы телефонының экранынан көре алады. Келесі сұраққа
назар аударайық:
3. «
Жоқ-барды», «қисық-қыңыр» деген қандай сөздер?
Оқушы сұраққа жауап беру арқылы
қос сөздерді кәсіби сөздерден,
біріккен
сөздерден,
көнерген сөздерден ажыратып,
олардың жазылу
емілесіне назар аударады. Келесі сұрақ:
4. Өлеңдегі «тасыр» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
Бұл тапсырмада оқушы өлеңде кездескен түсініксіз
сөздің мағынасын
аша білуге үйренеді. Бесінші тапсырма алдыңғы
төрт тапсырмадан өзгеше
құрылды:
5. Өлеңді аяқта:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,