Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың



Pdf көрінісі
бет8/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

9-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың
жергілікті органдарының құзыреті
Облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды 
мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары өз өкілеттіктері шегінде:
1) денсаулық сақтау, медицина ғылымы мен білім беру саласындағы мемлекеттік 
саясатты іске асырады және өңірлік денсаулық сақтау бағдарламаларының іске асырылуын 
қамтамасыз етеді;
2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, медицина ғылымы мен медициналық 
білім беру саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;
3) азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде медициналық 
көмекпен және дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;
4) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды 
ұйымдастырады және жүзеге асырады;
5) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау 
бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі функциясын жүзеге асырады;
6) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету жөніндегі медициналық және 
фармацевтикалық қызметтер көрсетуді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген 
тәртіппен сатып алуды жүзеге асырады;
7) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін денсаулық сақтау 
саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес амбулаториялық емдеу деңгейіне 
арналған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды Қазақстан Республикасының 
Үкіметі белгілеген тәртіппен сатып алуды жүзеге асырады;
8) медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық емес 
жабдықтарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымына күрделі жөндеу 
жүргізуге арналған қызметтерді сатып алуды ұйымдастырады;
9) денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
10) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз етеді;
11) денсаулық сақтау саласындағы өңірлік ақпараттың және коммуникациялық 
жүйелердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
12) жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық 
сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына 
беріп отырады;
13) төтенше жағдайлар кезінде азаматтарға тегін медициналық көмек көрсетуді, 
оларды дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді 
ұйымдастырады;
14) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлау және
олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастырады және
үйлестіреді;
15) халықты гигиеналық оқыту мен тәрбиелеуді, салауатты өмір салтын насихаттауды 
және қалыптастыруды ұйымдастырады;
16) халықты әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін 
аурулардың таралуы туралы хабардар етеді;
17) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік 
емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс- қимыл жасайды;
18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау саласындағы 
ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет