Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Пациенттер туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз



Pdf көрінісі
бет20/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

27-бап. Пациенттер туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз
ету
1. Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы персоналдық деректерді қамтитын денсаулық 
сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстары алынуы, өңделуі мен пайдаланылуы оларды 
жинау мақсатымен шектелетін құпия электрондық ақпараттық ресурстарға жатқызылады.
2. Электрондық ақпараттық ресурстар қалыптастыру үшін жеке тұлғалардың 
(пациенттердің) денсаулық жағдайы туралы мәлімет беру жеке тұлғаның (пациенттің) 
келісімі бойынша жүзеге асырылады.
3. Персоналдық медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды 
алған ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері оларды жарияланудан қорғау 
(құпиялылықты сақтау) жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. Мұндай міндет персоналдық 
медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар алынған кезден бастап 
оларды жойып жібергенге не дерек иесінен айырғанға дейін немесе осы деректерге қатысты 
адамнан оларды жариялауға келісім алынғанша сақталады.
4. Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы персоналдық деректерді қамтитын электрондық 
ақпараттық ресурстары мүліктік және (немесе) моральдық зиян келтіру, Қазақстан 
Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарды іске асыруды 
шектеу мақсатында пайдалануға жол берілмейді.
5. Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы персоналдық деректерді қамтитын электрондық 
ақпараттық ресурстарға медициналық персоналдық қолжетімділігі жеке тұлғаға (пациентке) 
медициналық көмек көрсету мақсаттарымен ғана шектелуге тиіс.
8-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық
ынтымақтастық
28-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық
ынтымақтастықтың басымдықтары мен бағыттары
1. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негізгі басымдықтары:
1) Қазақстан Республикасының және оның азаматтарының
денсаулық сақтау саласындағы мүдделерін қорғау;
2) тұрақты дамуға қол жеткізу;
3) Қазақстан Республикасының эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді мемлекетаралық деңгейде шешу үшін 
халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерін қолдану болып табылады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:


1) денсаулық сақтау саласындағы халықаралық бастамаларға қатысу;
2) денсаулық сақтаудың жаһандық проблемаларын шешуге қатысу;
3) денсаулық сақтау саласындағы техникалық көмекті
мемлекетаралық деңгейде тарту және көрсету;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және шетелдік 
азаматтарға медициналық көмек көрсету;
5) халықаралық танылған технологияларды енгізу және денсаулық сақтау жүйесін 
жаңғырту;
6) әлемдік медицина ғылымына кірігу;
7) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің ақпараттық және зияткерлік 
ресурстарға қолжетімдігін қамтамасыз ету;
8) медицина және фармацевтика кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың 
біліктілігін арттыру саласында мемлекетаралық өзара іс-қимыл;
9) төтенше жағдайлар туындаған кезде денсаулық сақтау саласындағы халықаралық 
көмек көрсету;
10) дәрілік заттар айналымы саласындағы ақпарат, технология
алмасу және фармацевтикалық және медициналық өнімнің қауіпсіздігі
мен сапасына қойылатын талаптарды үйлестіру;
11) шекараларды санитариялық қорғау, әкелінетін заттардың қауіпсіздігін қамтамасыз 
ету болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет