24-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы қаражаттарын
пайдалану
Денсаулық сақтау жүйесінің қаржы қаражаттары:
тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету жөніндегі шығындарды өтеуге;
денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды іске асыруға;
денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтауға;
өмірлік маңызы бар дәрілік заттарды, қан мен оның компоненттерін, вакциналарды
және басқа да медициналық иммунобиологиялық препараттарды,
сондай-ақ медициналық
техниканы және медициналық мақсаттағы
бұйымдарды сатып алуға;
жұқпалы аурулардың көріністері мен індетін жоюға;
медицина және фармацевтика кадрларын даярлауға және олардың біліктілігін
арттыруға;
медицина ғылымының жетістіктерін дамытуға және енгізуге;
өзге де тыйым салынбаған шығыстарға бағытталады.
2. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдарының шығындарын өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Шығындарды өтеу көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлеміне
медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жүзеге
асыратын бақылау нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: