6. Дәрілік заттар. медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника
айналымы саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
осы Кодекстің 18-бабының 6-тармағында көзделген құқықтардан бөлек:
1) сараптама жасау үшін оны жүргізуге жеткілікті және оған қажетті көлемнен
аспайтын мөлшерде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы
бұйымдар мен медициналық
техниканың үлгілерін, осы өнімнің құнын өтемей алуға;
2) Қазақстан Республикасының аумағына жарамсыз болған, жалған, жарамдылық мерзімі
өткен және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы әкелуге,
өндіруге, дайындауға, сақтауға, қолдануға және өткізуге тыйым салу туралы нұсқамалар
беруге;
3) фармацевтикалық қызметке лицензияның күшін тоқтата тұруға бастамашы болуға
құқығы бар.
7. Қазақстан Республикасының Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканың айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған
бұзылуына
қарай дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканың айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша құқықтық ықпал ету шараларын қабылдау мақсатында
өз құзыреті шегінде осы Кодекстің 18-бабында көрсетілген актілерді шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: