Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық және



Pdf көрінісі
бет19/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

7-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық және
коммуникациялық технология
25-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру
объектілері мен субъектілері
1. Денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстары, ақпараттық жүйелері мен 
электрондық қызметтер көрсету денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру объектілері 
болып табылады.
2. Денсаулық сақтауды ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе 
құқықтық қатынастарға араласатын мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар 
денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру субъектілері болып табылады.
3. Денсаулық сақтауды ақпараттандыру саласындағы қызмет денсаулық сақтау саласының 
ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылымын "электрондық үкімет" шеңберінде дамытуды
сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларды медициналық-статистикалық ақпаратпен қамтамасыз 
етуді, сондай-ақ өзге де электрондық қызметтер көрсетуді қамтиды.
4. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстармен өзара іс- қимыл жасайтын 
ведомстволық ақпараттық жүйелерді құру, жұмыс істету және пайдалану тәртібін, сондай-ақ 
осы ақпараттық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету тәртібін денсаулық 
сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
26-бап. Денсаулық сақтауды ақпараттандырудың негізгі
принциптері
1. Денсаулық сақтауды ақпараттандыру:
1) әкімшілік процестерді басқарудың барлық деңгейлерінде
стандарттау мен ресмилендіру, денсаулық сақтауды басқарудың бірыңғай саясатын әзірлеу 
мен іске асыру;
2) денсаулық сақтау және ақпараттандыру саласындағы халықаралық стандарттарды 
кеңінен пайдалану;


3) қолжетімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шектелген электрондық 
ақпараттық ресурстарды қоспағанда, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының қызметі 
туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға еркін қолжетімділікті 
қамтамасыз ету;
4) жариялы таратудың міндетті сипаты Қазақстан Республикасының заңнамасымен 
белгіленген электрондық ақпараттық ресурстарды берудің уақтылығы, оның объективтілігі
толықтығы және дәйектілігі;
5) денсаулық сақтаудың ақпараттық ресурстары деректерінің сақталуы мен 
құпиялылығын қамтамасыз ету;
6) әрбір пациент туралы ақпараттық ресурстарды персоналдауды және пациенттің 
персоналдық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
7) медициналық ақпараттың пациентпен ілесе жүруін қамтамасыз ету принциптеріне 
негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет