Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Балалардың денсаулық сақтауға құқығы



Pdf көрінісі
бет36/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

65-бап. Балалардың денсаулық сақтауға құқығы
1. Балалар:
1) денсаулық сақтау саласындағы білім мен тәрбие алуға;
2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде медициналық қарауға 


және динамикалық бақылауға, емделуге, дәрілік қамтамасыз етілуге және сауықтырылуға;
3) денсаулық сақтау ұйымдарында жылы ниетті көзқарас көрсетілуіне құқылы.
2. Балаларды стационарлық емдеу кезінде:
1) дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтіп-бағуға мұқтаж үш жасқа дейінгі 
балаларды, сондай-ақ жасы үлкен ауыр науқасты балаларды күтіп-бағуды тікелей жүзеге 
асыратын анасына (әкесіне) немесе өзге адамға ауырып қалған баланы күтіп-бағуға 
байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беріліп, онымен 
медициналық ұйымда бірге болу мүмкіндігі жасалады.
2) бір жасқа дейінгі баланы емізетін ана баланы күтіп-бағу үшін стационарда болған 
бүкіл кезеңде медициналық ұйымда тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
3. Мектеп жасындағы балалар стационарлық, қалпына келтіру, санаториялық емделу 
кезеңінде стационар, оңалту орталығы, санаторий жағдайында үздіксіз білім алуға құқылы.
Балалар стационарлық бөлімшелерінің және мамандандырылған балалар стационарлық 
медициналық ұйымдарының пациенттеріне ойын ойнау, дем алу және тәрбие жұмысын жүргізу 
үшін қажетті жағдайлар жасалады.
4. Мүмкіндігі шектеулі балалар, сондай-ақ АҚТҚ инфекциясын
жұқтырған, ЖҚТБ-мен ауыратын балалардың білім беру, денсаулық сақтау
ұйымдарында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы
заңнамасына сәйкес тегін медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуға құқылы.
АҚТҚ инфекциясын жұқтырған балалар балалар үйлері мен жалпы мақсаттағы оқу-
тәрбиелеу ұйымдарында болуға құқылы.
5. Балалар үйлерінде және білім беру ұйымдарында, жетім балаларға және ата-ана 
қамқорлығынан айырылған балаларға арналған ұйымдарда балаларды орналастыруға медициналық 
қарсы айғақтар тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет