Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және



Pdf көрінісі
бет33/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

59-бап. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және
сот-наркологиялық сараптама
1. Сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамалары мемлекеттік 
денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізіледі.
2. Азаматтың немесе оның заңды өкілінің сот-медицина, сот- психиатрия немесе сот-
наркология сараптамаларын тағайындаған органның алдында сараптама комиссиясының құрамына 
тиісті маманды оның келісімімен енгізу жөнінде өтініш жасауға құқығы бар.
3. Сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамаларын ұйымдастыру мен 
жасау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
4. Сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамаларының қорытындысына 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.
60-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама
1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама - физикалық факторларды 
органолептикалық, санитарлық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, 
паразитологиялық, санитариялық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық, радиометриялық, 
дозиметрлік өлшемдердің, және басқа да зерттеулер мен сынаулардың кешені, сондай-ақ 
кәсіпкерлік және (немесе) өзге қызмет өнімдері, жұмыстары, қызмет көрсетулері мен 
объектілері жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы 
нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін анықтау 
мақсатында жобаларды сараптау.
2. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы санитариялық- эпидемиологиялық қызмет 
органдары мен ұйымдары Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық 
қызметінің лауазымды адамдарының қаулылары немесе нұсқамалары бойынша әрі жеке және 
заңды тұлғалардың өтініштері бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган 
белгілеген тәртіппен өз құзыреттері шегінде жүргізеді.
3. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жобалардың сараптамасы бөлігінде 
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары, санитариялық-
эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер бөлігінде мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық қызмет ұйымдары жүргізеді.
4. Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер - санитариялық-
эпидемиологиялық сараптаманың органолептикалық, санитариялық-гигиеналық, 
токсикологиялық, санитариялық-химиялық, микробиологиялық, эпидемиологиялық, 
бактериологиялық, вирусологиялық және паразитологиялық зертханалық зерттеулер, шуыл мен 
дірілді, электромагниттік өрістерді және физикалық факторларды өлшеуді жүргізумен, 
радиометрия мен дозиметрияны қамтитын радиациялық зерттеулер жүргізумен байланысты 
бөлігі.
5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық 
сараптама жүргізу үшін олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 
қаржыландыруды қамтамасыз етеді және қажетті құжаттама табыс етеді.
6. Сөзсіз жарамсыз тағам өнімдері мен азық-түлік шикізаттары болған жағдайларда 
санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілмейді.
7. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама не ғылыми сараптама нәтижелері бойынша 
адамның немесе болашақ адам ұрпақтарының денсаулығы үшін ықтимал қауіпті деп танылған 
химиялық және биологиялық заттарды Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынады. 
Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған ықтимал қауіпті химиялық, биологиялық 


заттар тіркелімі мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануға жатады.
8. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары тексерулер мен 
санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерінің негізінде:
атом энергетикасы мен өнеркәсібі, ғарыш қызметі және жер қойнауын пайдалану 
объектілерін, қоршаған ортаға химиялық және биологиялық заттардың шығарындылары, 
физикалық факторлары бар объектілерді, экологиялық зілзала аймақтарындағы объектілерді 
және баламалары жоқ жаңа технологиялық процестері бар объектілерді орналастыруға, қайта 
жаңғырту мен кеңейтуге;
өндірістік күштерді, қалалар мен ауылдық елді мекендер, курорттық аймақтар 
құрылысының бас жоспарларын орналастыруға, өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы 
объектілердің техникалық-экономикалық негіздемелеріне, құрылысы мен қайта жаңғырту 
жобаларына;
функционалдық бағдарын (мақсатын) ауыстыра отырып, қайта жаңғыртылатын болжамды 
құрылыстар немесе объектілер учаскесінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы туралы 
материалдарға;
рұқсат етілген шекте зиянды заттар мен физикалық факторлардың қоршаған ортаға 
шығару мен тастау, санитариялық қорғалатын аймақтар мен санитариялық-қорғаныш аймақтары, 
геологиялық зерттеулер, технологиялар бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерге, 
жобаларға және басқа да нормативтік құжаттамаға;
шикізатқа, тамақ өнімдеріне, тауарларға, бұйымдарға, заттарға, тетіктерге, 
машиналарға, жабдыққа, құрылыс материалдарына, сондай-ақ оқыту, тәрбиелеу, дене 
шынықтыру, еңбек ету, өмір сүру, демалу, тамақтану, сумен жабдықтау, халықтың әр түрлі 
тобына медициналық қызмет көрсету режимінің нормативтік-техникалық құжаттамасының 
жобаларына;
шикізатты, тамақ өнімдерін, ауыз суды, құрылыс материалдарын, кең тұтынылатын 
тауарларды, уытты, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, 
қолдану және сату, сондай-ақ жұмыстар орындау мен қызмет көрсету жағдайларына;
халықтың әр түрлі топтарын оқыту, тәрбиелеу, тәни дамыту, еңбек ету, өмір сүру, 
демалу, тамақтану, сумен жабдықтау мен медициналық қызмет көрсету жағдайларына;
санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды, халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын 
материалдарға, кәсіптік, жұқпалы аурулар мен уланулар туралы мәліметтерге;
топыраққа, су қоймаларына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, уытты, 
радиологиялық салмақ түсіру жөніндегі материалдарға;
жаңа өнімдерге, технологияларға, жабдықтарға;
жобаланған, салынып жатқан және пайдаланылып отырған өнеркәсіптік және азаматтық 
мақсаттағы объектілерге, өнеркәсіп бұйымдары мен көлікке, сондай-ак халық денсаулығы 
үшін ықтимал қауіпті және (немесе) маңызды басқа да объектілерге;
сәйкестікті міндетті растауға жатпайтын тағам өнімдеріне, тағам өнімдерімен 
араласатын материалдар мен бұйымдарға;
білім беру ұйымдарындағы оқу-еңбек жүктемесі мен оқыту режиміне;
балаларға арналған тауарларға, тағамдық қоспаларға;
елді мекендер құрылысын, өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді 
орналастыруды, салуды және қайта жаңғыртуды жоспарлаудың, жер қойнауын пайдалануға, 
санитарлық-қорғау аймақтарына, суды пайдалану мен сарқынды суларды бөліп тастау 
жағдайларына, уытты, радиоактивтік және басқа да зиянды заттарды кәдеге асыру мен көмуге 
арналған келісімшарттардың жобаларына, шикізаттың, технологиялық жабдықтың, тамақ 
өнімдері өндірісі процестерінің, азық-түлік шикізатының, өнеркәсіп бұйымдарының, құрылыс 
материалдарының, иондандырушы сәулелену көздерінің, химиялық заттар мен өнімдердің, 
биологиялық, дәрі-дәрмектік, дезинфекциялаушы, дезинсекциялаушы және дератизациялаушы 
құралдардың және азық-түлік шикізатымен және тамақ өнімдерімен, ауыз сумен араласатын 
ыдыстардың, орауыш және полимерлік материалдардың, парфюмерлік-косметикалық және басқа 


да кең тұтынылатын тауарлардың, медициналық иммунобиологиялық препараттардың, 
жабдықтардың, аспаптар мен жұмыс құралдарының жаңа түрлеріне арналған стандарттар мен 
стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың жобаларына;
елді мекендердегі шаруашылық және (немесе) өзге де қызмет объектілеріне, олардың 
санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемдеріне санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды 
береді.
9. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама негізінде санитарлық- эпидемиологиялық 
қорытынды (гигиеналық қорытынды, гигиеналық сертификат) - жобалық құжаттаманың, тіршілік 
ету ортасы факторларының, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің, өнімдердің, 
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық 
салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге 
сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжат беріледі.
10. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары тексерулер мен 
санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері негізінде санитариялық паспорт береді.
Санитариялық паспорт - мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық бақылауға 
жататын объектінің, көлік құралының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы 
саласындағы гигиеналық нормативтердің және нормативтік құқықтық актілердің талаптарына 
сәйкестігін растайтын және оларды пайдалануға немесе қолдануға құқық беретін құжат;
Санитариялық-паспортты беру, есепке алу және жүргізу тәртібін денсаулық сақтау 
саласындағы уәкілетті орган айқындайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет