57-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама 1. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жеке тұлғаның
еңбекке жарамсыздығын ресми тану және оны ауру кезеңінде еңбек міндеттерін орындаудан
уақытша босату мақсатында жүргізіледі.
2. Еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізудің, сондай-ақ еңбекке уақытша
жарамсыздық парағын және анықтамасын беру тәртібін денсаулық сақтау саласындағы
уәкілетті орган белгілейді.
58-бап. Әскери-дәрігерлік сараптама 1. Әскери-дәрігерлік сараптама (бұдан әрі - ӘДС) денсаулық
жағдайы бойынша әскери қызметке немесе әскери қызметке теңестірілген
арнайы қызметке (бұдан әрі - әскери қызмет) жарамдылықты белгілеу
үшін, сондай-ақ азаматтардың әскери қызметті (әскери жиындарды)
өткерумен байланысты сырқаттануының, мертігуінің (жаралануының,
жарақаттануының, контузия алуының) (бұдан әрі - мертігу) және қайтыс
болуының себепті байланыстарын анықтау үшін жүргізіледі.
2. ӘДС:
1) медициналық куәландыруды ұйымдастыру мен өткізу кезінде:
2) шақыру учаскелеріне тіркелетін, әскери қызметке шақырылатын және әскери
(арнайы) оқу орындарына, республикалық әскери мектеп-интернаттарға (лицейлерге) түсетін
азаматтарға;
3) әскери қызметке, оның ішінде келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін
азаматтарға;
4) әскери (арнайы) оқу орындарының курсанттарына, кадеттер мен тәрбиеленушілерге;
5) радиоактивтік заттармен, иондандырушы сәулелену көздерімен, зымыран отыны
компонепттерімен, электрмагниттік өрістер көздерімен қызметке (жұмысқа) іріктеп алынатын
және қызмет (жұмыс) өткеріп жүрген әскери қызметшілерге (Қарулы күштер қызметшілеріне);
6) есепке алу мақсатында әскери жиындарға немесе әскери қызметке шақырылған кезде
запастағы азаматтарға;
2) ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарына әскери қызметке кіретін азаматтарға
психологиялық іріктеуді жүзеге асыру кезінде;
3) әскери қызметті (әскери жиындарды) өткерген әскери қызметшілердің немесе
азаматтардың мертігуінің, сырқаттануының себепті байланыстарын анықтау кезінде;
4) әскери қызметшілердің немесе әскери міндеттілердің әскери қызмет кезінде не
әскери қызметтен (жиыннан) босатылғаннан кейін әскери қызметті (жиындарды) өткеру
кезеңінде алынған сырқаттану, мертігу салдарынан қаза табуының (қайтыс болуының) себепті
байланыстарын анықтау кезінде;
5) азаматтардың әскери қызметтен босатылған кездегі денсаулық жағдайы бойынша
әскери қызметке жарамдылық санатын анықтау кезінде жүргізіледі.
3. ӘДС штаттағы, штатта жоқ тұрақты жұмыс істейтін, штатта жоқ уақытша жұмыс
істейтін әскери-дәрігерлік комиссиялар (бұдан әрі - ӘДК) жүргізеді.
Біліктілік комиссиясын қалыптастыру мен оның қызмет тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайды.
4. ӘДС өткізу ережесі мен ӘДК туралы үлгілік қағиданы Қазақстан Республикасының
Үкіметі бекітеді.
5. ӘДК құрамы мен ол туралы Ережені уәкілетті органдар өз
құзыреттері шегінде бекітеді.