Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар



Pdf көрінісі
бет34/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

61-бап. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканың сараптамасы
1. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың 
сараптамасы - дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техниканы физикалық-химиялық, биологиялық, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) сынақтар, 
клиникалық зерттеулер жүргізу, биоэквиваленттігін анықтау арқылы оның қауіпсіздігі
тиімділігі және сапасы тұрғысында зерттеу немесе сынау, сондай-ақ денсаулық сақтау 
саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен дәрілік заттарды, медициналық 
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тіркеуге ұсынған тіркеу деректерінің 
құжаттарын, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды зерделеу.
2. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың 
қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын бағалауды дәрілік заттардың, медициналық 
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы сарапшылық ұйым 
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
3. Дәрілік заттарға сараптаманы дәрілік заттардың, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың әзірлеуге және
өндіруге тікелей қатыспаған, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті
орган айқындайтын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканың айналымы саласындағы сарапшылық ұйым
жүргізеді.
62-бап. Ғылыми-медициналық сараптама
1. Ғылыми-медициналық сараптаманың объектілері мыналар:
1) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобалары;
2) республикалық нысаналы ғылыми-медициналық бағдарламалар;
3) аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалар нәтижелері:
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын алуға ұсынылатын ғылыми 
жұмыстар;


5) денсаулық сақтау практикасына енгізу жоспарланатын ғылыми- медициналық 
әзірлемелер.
2. Ғылыми-медициналық сараптаманы жүргізудің тәртібін денсаулық сақтау саласындағы 
уәкілетті орган айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет