Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Жыныстық клеткалар донорлығы



Pdf көрінісі
бет44/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

77-бап. Жыныстық клеткалар донорлығы
Он сегіз жастан отыз бес жасқа дейінгі, тәні мен психикасы сау, медициналық-
генетикалық тексеруден өткен азаматтар жыныстық клеткалардың доноры болуға құқылы.
Донорлардың өздерінің донорлық жыныстық клеткаларының кейінгі тағдыры туралы 
ақпаратқа құқығы жоқ.
Донорлықты жүргізудің және жыныстық клеткаларды сақтау тәртібі мен шарттарын 
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
78-бап. Контрацепцияны пайдалану
1. Азаматтар контрацепция әдістері мен құралдарын, соның ішінде медициналық 
контрацепция әдістері мен құралдарын таңдауға, сондай-ақ олардан бас тартуға құқылы.
2. Азаматтарға денсаулығы жай-күйін, жасын және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, 
контрацепцияның қолайлы әдістері мен құралдарын жеке таңдау жөнінде медициналық-
әлеуметтік, консультациялық көмек көрсетіледі.
79-бап. Хирургиялық стерилизациялау
1. Қаламаған жүктілікті болдырмау әдісі ретінде хирургиялық стерилизациялау отыз 
бес жастан асқан немесе кемінде екі баласы бар азаматтарға қатысты, ал медициналық 
айғақтар мен азаматтың келісімі болған жағдайда - жасына және балаларының бар-жоғына 


қарамастан жасалуы мүмкін.
2. Хирургиялық стерилизациялауды денсаулық сақтау ұйымдары, жеке медициналық 
практикамен айналысатын, осы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке тұлғалар осы 
операцияның қайтымсыздығы туралы міндетті түрде алдын ала хабардар ете отырып, азаматтың 
жазбаша келісімі бойынша ғана жүргізеді.
3. Азаматтарды хирургиялық стерилизациялауды жүргізудің және жүктілікті жасанды 
түрде үзудің тәртібі мен шарттарын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган 
белгілейді.
80-бап. Жүктілікті жасанды түрде үзу
1. Әйел жүктілікті жасанды түрде үзуге құқылы.
Жүктілікті жасанды түрде үзудің алдын алу мақсатында дәрігерлер моральдық-
этикалық, психологиялық және теріс физиологиялық салдарларды, ықтимал асқынуларды 
түсіндіруге бағытталған әңгімелер өткізуге міндетті.
2. Жүктілікті жасанды түрде үзу - әйелдің қалауы бойынша жүктіліктің он екі аптаға 
дейінгі мерзімінде, әлеуметтік айғақтар бойынша - жүктіліктің жиырма екі аптаға дейінгі 
мерзімінде, ал жүкті әйелдің өміріне қатер төндіретін медициналық айғақтар және оның 
келісімі болған жағдайда - жүктіліктің мерзіміне қарамастан жасалады.
3. Кәмелетке толмағандардың жүктілікті жасанды түрде үзуі олардың ата-аналарының 
немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі.
4. Емдеу-профилактикалық ұйымдарда әйелдің қалауы бойынша жүктілікті жасанды түрде 
үзуге дейін және одан кейін, контрацепция әдістері мен құралдарын жеке таңдауды қоса 
алғанда, медициналық-әлеуметтік консультация өткізіледі.
5. Абортты заңсыз жасау Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына сәйкес 
жауаптылыққа әкеп соқтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет